ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫР

72

0

ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫРКеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаев өңірге танымал
қайраткер, Ұлы Отан соғысының ардагері Бөрібай Құлмановты 95 жасқа толуына орай
қабылдап, мерейтойымен құттықтады.

Аймақ басшысы ардагердің ғиб­ратты ғұмыр кешкенін,
өнегелі қызмет атқарғанын атап өтіп, об­лыстың Құрмет грамотасын табыс етті.

– Ел ертеңі үшін от кешіп, өзінің адалдығымен,
парасаттылығымен ел аузында, назарында жүрген нар тұл­ға­лы азаматтарға Сыр
бойы кен­де емес. Осындай парасаты биік, құрметтің қай-қайсысына да лайық, Сыр
өңірінің дамуына өл­шеу­сіз үлесін қосқан Ұлы Отан соғы­сының ардагері,
майдангер – Бөрі­бай Құлманов 95 жасқа толып отыр. Сізді Сыр өңірі жұртшылығы
атынан мерейтойыңызбен шын жүрек­тен құттықтаймын! Өзіңіздей арда туған
азаматтарымызды үлгі тұтып, жасаған игі істерін ғибрат ету – азаматтық
парызымыз, – деді аймақ басшысы Қырымбек Елеуұлы.

Бұдан соң мемлекет және қоғам қайраткері, облыстық
ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілбек Шаухаманов мерейтой иесіне жылы лебізін
білдірді.

Ал Бөрібай ақсақал көрсетілген осындай сый-құрмет үшін
алғысын айтты. «Сіздерге менің жасымды, жолымды берсін», – деді қария.

Бөрібай Құлманұлы Ұлы Отан соғысында Беларусь
майданында, Польшаның Ченстакова, Берслау, немістің Штеттин қалаларында қызмет
атқарды. Соғыс жылдары әскерге шақырылған жастарды оқытып, майданға жіберумен
айналысты. 1945 жылы Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін мемлекеттік құпия
тапсырма алып, түрік нәсілді солдаттармен (қазақ, өзбек, қырғыз, ұйғыр,
қарақалпақ) Қытайда және Шығыс Түркістан Рес­публикасын орнату жолындағы
айқастарға қатысты. Осылайша жалындаған жастық шақтың 6 жылы арпалыспен өтті.

Елге оралғаннан кейін Бөрібай Құлманов еңбек жолын
қарапайым ауылшаруашылық саласынан бас­тап, зейнет жасына дейін мемле­кеттік,
халықтық, партиялық бақы­лау жүйесінде басшылық қызметтер атқарды. Сыр өңірінің
өсіп-өркен­деуіне елеулі еңбек сіңірді.

Дәурен ОМАРОВ,

Бағдат
ЕСЖАНОВ
(сурет).

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз