ИНВЕСТОРЛАР ҮШІН ТАРТЫМДЫ АЙМАҚ

169

0

ИНВЕСТОРЛАР ҮШІН ТАРТЫМДЫ АЙМАҚҚызылордада кезекті VIII өңірлік «Байқоңыр Инвест» инвестициялық форумы өтті. Осыған дейінгі форумдар өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттырып, халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған жобалардың жүзеге асуына негіз болған еді. Сегізінші форум да өңір компанияларының шетелдік және отандық инвесторлармен өзара тиімді әріптестік орнатуына, бизнес пен ғылым салаларының және билік өкілдерінің инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда, аймақ экономикасын әртараптандыруда, жетілдіруде күш біріктіруіне мүмкіндік туғызды.

Инвестициялық форумға ҚР Инвестиция¬лар және даму бірінші вице-министрі Альберт Рау, бірқатар бизнес қауымдастықтар мен бірлестіктердің, банк саласы мен барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың, ұлттық және шетелдік компаниялардың, Ресей, Германия, Швейцария, Франция, АҚШ және Қытайдың халықаралық қаржы институттарының өкілдері қатысты.  Сондай-ақ Әзірбайжанның, Белорусь мемлекетінің, Бельгия Корольдігінің өкілдері және Өзбекстанның ресми делегациясы форумда талқыланған мәселелерге үн қосты. Форум жұмысына «Қашаған» кен орнын игеру жобасының негізі операторы – «NCOC» компаниясының делегациясы да келді.
Кезекті инвестфорум аясында «Инвес¬тициялық ынтымақтастықтың жаңа мүмкін-діктері», «Инвесторлар үшін жаңа келешек» тақырыптарында пленарлық отырыс-тар мен «Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперациясы», «B2B кездесу форматындағы халықаралық ынтымақтастық» бағыттары бойынша секциялар жұмыс жасады.
Пленарлық отырыс барысында қаржы институттары шағын және орта бизнесті қаржыландыруға арналған жаңа ұзақмерзімді жобаларын таныстырды. Сондай-ақ, эконо¬миканың басымдыққа ие салаларындағы өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Форум модераторы «Эксперт» іскерлік журналы бас редакторының орынбасары Александр Ивантер болды.
Пленаралық мәжілісті облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ашты. Сыр еліне келген қонақтарға жылы лебізін білдіріп, ұзақмерзімді әріптестікке бастайтын  дәстүрлі форумның мүмкіндіктер мен ресурстарды біріктірудің алаңына айналғанын атап өтті. Форумға 11 елдің өкілдерінің қатысуы Қызылорда облысына инвес¬тиция  салуға қызығушылардың қатары уақыт өткен сайын артқанын айғақтайды. Сондай-ақ, «Қашаған» кен орнын игеру жобасының бас операторы – «NCOC»  компаниясының делегациясымен кездесу өңірдегі мұнайсервистік және мердігер компанияларға жаңа мүмкіндіктерге жол ашпақ.
Елбасы ел экономикасына инвестиция тартуды, сауда-экономикалық, қаржы-инвестициялық әріптестікті арттыруды бірінші кезектегі міндеттер қатарына қойып келеді. Еліміз «ЭКСПО-2017», Қысқы Универсиада сияқты ірі халықаралық шаралар қарсаңында тұр. Қызылорда облысы да халықаралық көрме қонақтарын күтіп алуға әзір. «Байқоңыр» кешені туристік нысандар қатарында.
Жалпы Сыр өңірі –  туристік саланы дамытуға аса қолайлы аймақ. Көлік-логистикалық инфрақұрылым дамыған. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автомагистралінің 812 шақырымы, теміржол, мұнай, газ құбырлары облыс аумағынан өтеді. Байқоңырдағы 2, Қызылорда қаласындағы 1 әуежай кез келген ұшақты қабылдай алады.
Елбасы бастамасымен қолға алынған индустриялды-инновациялық бағдарлама шикізатқа тәуелділіктен біртіндеп арылып, өңір экономикасын әртарап¬тандыруға  жол ашты.  Шикізаттық емес секторды дамыту қарқыны бойынша Қызылорда облысы еліміздегі маңдайалды аймақ болып отыр. Соңғы 3 жылда өңдеу өнеркәсібінің үлесі 3 есеге, экономика секторындағы еңбек өнімділігі 4 есеге артты. Өңдеу секторының осы жылғы 9 айдағы өсімі 16,3 пайызды құрады. Нәтижесінде өндірістік құрылымдағы өңдеу секторының үлесі 18,9 пайызға дейін артып, 2012 жылмен салыстырғанда 4 есеге ұлғайды. Бұл – экономиканы әртараптандырудағы алға жылжушылықтың айғағы.
Қазақстан әлем бойынша уран өндірушілердің көшін бастап тұрса, біздің өңір барлық көлемнің жартысын өндіреді. Ауыл шаруашылығының қар¬қынды дамуын күрішшілердің 4 жыл қатарынан рекордты өнім жинағанынан-ақ аңғаруға болады. Өткен егін маусымында күріштің ирандық сорты, голландтық көкөніс түрлері бірінші рет егілді.
Елбасы былтыр ғана қол қойған «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы» заң ел экономикасына инвестиция салу арқылы инфрақұрылымдарды дамытуды және халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуды көздейді. Біздің облыста МЖӘ аясында «Қорқыт ата әуежайының жолаушылар терминалын салу», «Кәсіптік-техникалық лицей құрылысын салу», «Қызылорда қаласында 250 орындық емхана салу» жобаларына конкурс жарияланбақ. Аймақ басшысы инвесторларды конкурсқа қатысуға шақырды.
Ақпараттық технологиялардың асқан жылдам¬дықпен дамуы әлемдік экономиканың беталысын электрондық саудаға қарай бұрып әкетуде. Өткен айда Қызылордада электронды сауданы дамытуға арналған Халықаралық интернет форум өтті. Оған табысты интернет жобалар жасаған отандық және шетелдік сарапшылар, онлайн-режимде 70,0 мыңнан астам адам қатысты.
Әрине, қай салада болмасын, ашылатын жаңалықтар мен өзгерістер – адамның ақыл-ойының жемісі. Соңғы 4 жылда аймақтың білім саласына бөлінген қаржы екі есеге артты. Оған қоса, жыл сайын өңірге қажетті мамандар дайындау үшін  мектеп бітірушілер Ресейдің ЖОО-ларына жіберілуде. Бүгінде 391 студент Ресейдің үздік университеттерінде білім алып жатыр.
Облыс әкімі аймақтың инвестиция салуға, бизнесті өркендетуге қолайлы  артықшылықтарын атап өтті.
Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының 4-отырысында «Байқоңыр» кешеніндегі 14 нысанды Қызылорда облысының коммуналдық меншігіне беру туралы шешім қабылданды. Өндірістік алаңдар, дүкендер мен тұрғын үйлер, түрлі әлеуметтік нысандар қазір бос тұр.  Осы нысандар базасында шағын және орта бизнесті дамытуға зор мүмкіндік бар.
Бүгінде облыстың барлық аудандарында және Қызылорда қаласында индустриялық аймақтар құрылған. Қызығушылық танытушыларға барлық инфрақұрылымы жеткізілген жер телімдері беріледі.  Сыр өңірінде жыл он екі ай күн ашық деуге болады. Бұл – жел және күн энергиясын пайдалануға аса қолайлы мүмкіндік.   
Облыста инвесторлар мен кәсіпкерлерге бір жерден қызмет көрсететін, инженерлік инфрақұрылымдарға қосылуға техникалық құжат беретін орталық жұмыс істейді.
Елімізде экономиканың тиімділігін арттыру үшін жүргізіліп жатқан  жекешелендіру бағ¬дарламасы аясында инвесторлар тартуға мемле¬кеттік активтер бәсекелестік ортаға шығарылады.
Форумда сөз алған ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Альберт Рау Қызылорда облысынның құрылыс қарқынын, инвесторларға қолайлы жағдай жасау талпынысын жоғары бағалады. Еліміздің инвестициялық саясатының басты бағыттарына тоқталды. Индустрияландырудың бірінші бесжылдығы ауқымды бағдарламаның іргетасын қалады. Ал екінші бесжылдықта экономиканы әртараптандырудың алғашқы нәтижелері көріне бастады. Қазіргідей ерекше экономикалық кезеңде жүзеге асқан жобалардың бәсекеге қабілеттілігі байқалады.
Вице-министр инвесторлар сарабына 4 мақсатты секторды ұсынды. Машина жасау, химия өндірісі, агроөндіріс кешені және сауда салаларына инвестиция салудың тиімділігі артып отыр. А.Рау Қызылорда облысында жүзеге аса бастаған «Кальцийлендірілген сода шығару»  жобасы, шыны зауыты  химия өндірісіне ерекше серпін беретінін, сондай-ақ Байқоңыр қаласында өндірісті, шағын және орта бизнесті дамытуға қатысты жобаларға қолдау көрсетілетінін атап өтті.
Одан әрі сөз алған Әзірбайжан Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Рашад Эйнаддиноглы Маммадов бауырлас екі елдің Тәуелсіздік алғанына 25 жыл толғанын айтты. Сырдария жағалауын көктей өтетін даңғыл жолды, болашақ жаңа қала салынатын дарияның арғы бетінің жобасын көрген елші мырза оның болашағына зор сеніммен қарайтынын жеткізді.
Әзірбайжан – өз экономикасын мұнай¬ға тәуелділіктен арылту үшін туризм, ауыл шаруа¬шылығы, ақпараттық технологиялар мен көлік логистикасын дамытуды қолға алған ел. Туризм кластерін дамытудың 3-мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда. Соңғы жылдары бұл елге келетін туристер легі артып отыр. Бұл мұнай бағасы арзандаған қазіргідей кезеңде жаңа жұмыс орындарының ашылуын қамтамасыз етті.
Қызылорда облысынан өтетін маңызды көлік коммуникациялары – теміржол және автомобиль жолы арқылы жүк тасымалдауды арттыруға болады. Елші өз еліндегі агросекторды дамытудағы, ауылшаруашылық тауарларын экспортқа шығарудағы табыстары туралы айтты. Әзірбайжан Респуликасы қазіргі уақытта Түркия, Грузия елдеріне инвестиция салып отыр. Қызылорда облысын да инвестициялық тартымдылығы ерекше өңір ретінде бағалайды. Елші осындай форумдар аясында жаңа идеялар табылып, әріптестік қатынастар орнайтындықтан оның маңызы зор екенін атап өтті. Облыс басшысы әзірбайжандық тарапты Қызылорда қаласындағы дарияның сол жағалауын игеруге үлес қосуға шақырды.   Елші бұл жоба бойынша инвестициялық және құрылыс компанияларына ұсыныс жасайтынын жеткізді.
Бельгия Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Мишель Петерманс та сол жағалаудағы жаңа қала жобасының инвестициялық тартымдылығын жоғары бағалады. Бельгия – Еуропадағы химия өндірісі, фармацевтика, металлургия, көлік құралдарын шығаруда табыстарын еселеп отырған ел. Қазақстан сияқты экономикалық бейімделу кезеңінен өткен, екіжақты қарым-қатынасқа ашық. Елші Қызылордадағы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автомагистралінің, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының, «Байқоңыр» кешенінің мүмкіндіктері мен танымалдығы бельгиялық инвесторлардың қызығушылығын оятып отырғанын айтты.  Сыр өңірінің тумасы, велоспортшы Андрей Кашечкиннің бизнес-әріптестік, мәдени байланыстар орнатудағы еңбегіне тоқ¬талды. Қазір Қазақстан мен Белгия арасында су ресурстары, энергетика, қоршаған ортаны қорғау салалары бойынша берік қарым-қатынас орнаған.
Еуропа қайта құру және даму банкінің Қазақстандағы директоры Джанет Хэкман су жүйесін жаңғырту, автобус паркін жаңалау, қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу сияқты бірнеше жобаларды әріптестік негізде бірлесе жүзеге асырудағы сенімді серіктестік үшін алғысын білдірді. Агробизнестің даму қарқыны, дарияның сол жағалауын игеру бастамасы осы кәсіпке инвес¬тиция салам деушілердің еңбегін қайтаратынын атап өтті.  ЕҚДБ департаменті директорының орынбасары Бахтиор Файзиевтің айтуынша, 2013 жылдан бері қаржыландырылған жобалар орталық және жергілікті органдардың қолдауына ие болған. Қызылорда қаласының инфрақұрылымына банк салған инвестиция арқасында жылу, су, кәріз, жарық жүйелерін жаңғыртуға жол ашылды.
Форумда Азия Даму банкі Қазақстандағы тұрақты өкілдігінің директоры Джованни Капаннелли адамдардың өз туған өңірлерін жан-жақты дамытуға деген құлшынысы ұнағанын айтты. «Болашақ ұрпақтың игілігі үшін жасалып жатқан жұмыстардың ауқымы таңғалдырды. Бізге түскен ұсыныстарды сараптай отырып, алдағы уақытта жоспарларымызды жариялаймыз» деді.
Дж.Капаннелли мырзаның айтуынша, аймаққа инвесторлардың қызығушылық танытуына мұндағы саяси тұрақтылық және биліктің қолдауы себеп болып отыр. Қолайлы жағдай, қолдау бар жерде жұмыс та жүреді, салған қаржының қайтарымы бар. Аймақ басшылығы іскерлік ортаны, ірі жобаларды жүзеге асыруға қолайлы аймақтың ұнамды имиджін қалыптастырған.
«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орын¬басары Мұрат Әбенов Сыр өңірі елдің басына түскен қиын кезеңдерде де тығырықтан жол тапқанын, дағдарыстан дамуға бет алғанын атап айтты. Жекешелендірудің екінші толқыны кезінде барлық инвесторларға бәсекелестік ортаға шығарылған кәсіпорындарды сатып алу, оларға инвестиция салу арқылы бизнесті өр¬кен¬дету мүмкіндігі ұсынылып отыр. Сондай-ақ,  ша¬ғын және орта бизнестің дамуы экономиканы алға сүйрейтін локомотив ретінде бағалануда. Қызылорда облысы кәсіпкерліктің дамуына жағ¬дай туғызып отырған өңірлердің алдыңғы қа¬тарында. Ауыл шаруашылығы саласының инвес¬тициялық тартымдылығы уақыт өткен сайын артып келеді. ҰКП зерттеулеріне қарағанда, еліміз тұрғындарының 50 пайыздан астамы бизнеспен айналысуға ықтиярлы, 70 пайызы шағын және орта бизнеспен айналысудың болашағы зор деп есептейді.
«Қашаған» кен орнын игеру жобасының негізгі операторы – «NCOC» компаниясы басқарушы директорының орынбасары Жақып Марабаев форум қатысушыларына компания жоспарларын айтып берді.
Пленарлық отырыс соңында облыс әкімдігі мен «NCOC» компаниясы арасында, облыстық кәсіпкерлер палатасы мен  Әзірбайжан бизнес және инвестиция ассоциациясы арасында әріптестік меморандумға қол қойылды.   


ИНВЕСТИЦИЯҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ПЕРСПЕКТИВАЛАР
«Инвесторларға арналған жаңа перспективалар” деп аталатын №2 секциялық отырыста бірқатар мамандар ұсыныстарымен бөлісіп, баяндама жасады. Басқосуды халықаралық «Эксперт” журналы бас редакторының орынбасары Александр Ивантер жүргізіп, Ресейдің инвестициялық белсенді деген аумақтарының өзінен Қызылорда облысы секілді жылына 2 мәрте инвестициялық форум өткізетін белсенді аймақты табу қиын екенін айтты.
Отырыста туризммен қатар, электронды сауданы дамыту, өндіріс орындарын көптеп ашып, білікті кадрларды тарту мәселелері қаралды. Қазіргі экономикалық жағдайда шағын және орта бизнесті дамыту да өзекті мәселе болып отыр. ШОБ-ты қолдауға бағытталған негізгі бағдарламалар төңірегінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның басқарушы директоры Ғабит Лесбеков тарқатып айтты. Оның айтуынша, биыл облыста 35 миллиард теңге көлемінде кредиттер беріліп, 362 субьекті субсидияланған. Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының мақсатты тобына кірмейтін кәсіпкерлер үшін «Даму-Оптима» бағдарламасы жұмысын бастап, сауда, қоғамдық тамақтану, қызмет көрсету саласының тізгінін ұстаған кәсіпкерлер үшін қолжетімділігімен ерекшеленіп келеді.
– Шағын және орта бизнес салаларды қалыптастыруда айрықша басымдыққа ие. Ол нарықты экономиканың басты қозғаушы күші болып табылады және бүгінгі күні мемлекет алдында тұрған бірқатар әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге лайықты үлес қосуда. Оның тұрғындарды жұмыспен қамтудағы орны да ерекше. Мұны қолда бар мәліметтер көрсетіп отыр. Соңғы бес жылда экономикада ШОБ саласында жұмыс жасаушылардың жалпы саны едәуір өскенін байқауға болады. Ал «Даму Оптима» бағдарламасы жайлы айтатын болсақ, бұл бағдарлама банк алдында кепілзаты жетпейтін кәсіпкерлерге қор кепілдемесін пайдалана отырып, несие алуға мүмкіндік беруде. Жасыратыны жоқ, көп кәсіпкерлер қазір несие алу барысында кепілзат жетіспеушілігінен қиындық көреді. Бұған дейін мақсатты топқа кірмейтіндер үшінші жақтың кепілдемесіне жүгінуге мәжбүр еді. Енді бұл олқылықтың орны толды. Нәтижесінде қай салада болмасын, кәсіпкер аталған қор кепілдемесіне ие бола алады. Бизнесін бастап қойған кәсіпкерлер үшін несиеге кепілдеме берудің өз талаптары бар. Оның мөлшері несие сомасының жартысынан аспауы керек. Екінші деңгейлі банктердің бірқатары да аталған бағдарламаға қызығушылық танытуда, – деді Ғ.Лесбеков.
«Caspian Service” компаниясының басшысы, Бельгиядағы велосипед академиясының негізін қалаған Андрей Кашечкин жаһандық «Байқоңыр» жобасын қолға алғанын, жобаның бір бағыты Байқоңыр қаласын Әлем туристері ағылатын ортаға айналдыру екенін атап өтті. Кашечкин бұған дейін облыста туризм саласындағы жобаларды жүзеге асыруды, велокоманда құрып, Байқоңыр брендін насихаттауға ниетті екенін білдірген болатын. Алдағы уақытта ол «ЭКСПО – 2017” Халықаралық көрмесіне туристерді тарту мақсатында триатлоннан сайыс, веложарыстар ұйымдастыратынын атап өтті. Ал Қазақстан франчайзинг қауымдастығының президенті Бекнұр Қисықов күн тәртібіндегі мәселелер қатарына жергілікті франчайзингтік компаниялар қатарын арттыруды қосу керектігін жеткізді.
– Ел нарығындағы отандық франшизалық компаниялардың үлесі қазір 20 пайызды құрайды. Сондықтан біз бұл көрсеткіштің көбеюіне мейлінше жағдай жасауымыз керек. Себебі, қазақстандық франчайзингтің көбеюі – еліміздегі бизнес ахуалдың жақсарғанының бірден-бір белгісі. Егер мемлекет тарапынан қазіргідей қолдау жалғасса, отандық франчайзингтердің қатары артатынына сенім мол. Қазір біз «Атамекен» ҰКП-мен франшизалық бизнестің мәселелерін талқылап, проблемалардың шешу жолдарын бірлесіп қарастырудамыз. 2016 жылдан бастап «Даму» қорының бастамасымен франшизалық бизнесті екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландыру қолға алынды, – деді ол.
Секция отырысында «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ вице-президенті  Нұрлан Рыспанов «Облыстағы металлургия өндірісінің дамуы” тақырыбындағы баяндамасымен бөлісті. Аймақтағы пайдалы қазбаларды өндіру перспективалары мен оларды кешенді пайдалану мүмкіндіктеріне тоқталып, жерасты байлығын игеруге жаңа серпін берген «Шалқия” кенішін ерекше атап өтті.
Қазақстандық интернет-бизнес және мобильді коммерция қауымдастығының президенті Константин Горожанкин тұтынушылардың ғаламтор арқылы тауар сатып алуға деген сенімі жоғары еместігін алға тартып, интернет-маркетинг саласын дамытуды қолға алу керектігін айтты. Оның айтуынша, бүгінде бизнес үшін электронды сауда ұғымы қалыптасып, экономиканың нақты секторын дамытуда маңызын арттыруда.
– Электронды сауданың заңдылық және тәжірибелік аспектілері жетілдіріліп келеді. Алайда адамдар карточка арқылы, мобильді әмиян арқылы есеп айырысуға комиссиялары қымбат деп бара бермейді. Тауарды көзбен көріп, қолмен ұстап, тексеріп алмаған соң сауда бола ма, интернет арқылы сатып алынған тауар ертең сапасыз болып шықса не істеймін деп тағы ойлайды. Яғни, бізде әлі де болса, электронды сауда жасау мәдениеті қалыптаспаған. Бүгінде республика бойынша Алматы облысы тұрғындарының 55 пайызы ғаламтор арқылы сауда жасайды. Бұл көрсеткіш Астанада 17, Қарағандыда 11 пайызды құрап отыр. Ең төмен көрсеткіш Қызылордада, яғни өңірде электронды сауда жасайтындар саны аз. Бірақ әлі де болса, электронды сауда жасау тиімді екенін ескергеніміз дұрыс. Себебі ол көлеңкелі экономиканың көлемін біршама қысқартып, мемлекеттік кірістер органдарының жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік береді, – деді К.Горожанкин.
Осылайша кезекті инвестициялық форум өз мәресіне жетіп, жүктелген міндетті толық атқарып шықты. Өңірді дамытуға байланысты бірнеше меморандумдарға қол қойылды. Форум соңында біз Әлемнің ірі қаржы институттарының қатарындағы «Азия Даму Банкінің” Қазақстандағы тұрақты өкілдік директоры Джованни Капаннеллиге «Сіз үшін Қызылорда несімен айшықты?” деген бірауыз сауал қойдық. Ол мүдірместен: «Қызылорда – келешегі мол аймақ. Мұнай бағасының құлдырауы өңір экономикасын төмендеткен жоқ, қайта басқа салаларды дамытуға деген бизнес-жобаларды жүйеледі. Бұл – болашақ ұрпақ үшін жасалып жатқан жұмыстар жиынтығы. Аймаққа инвесторлар неге қызығушылық танытып отыр? Себебі, саяси тұрақтылық сақталған және биліктің қолдауы ерекше. Ең бастысы, қолайлы жағдай бар жерде жұмыс та жүреді, қаржы салудың да көзі артады. Бұл тұрғыда, істің маңызын білген билікке ризашылығым шексіз. Мен үшін Қызылорда – іскерлік, тиімділік және ірі жобаларды жүзеге асыруға қолайлы аймақ”, – деп жауап берді.
Әзірбайжан Бизнес-инвестиция қауымдас¬ты¬ғы¬ның вице-президенті, ҚР-дағы Әзірбайжан кәсіп¬керлері одағының төрағасы Гюндуз Маммадли да инвестфорум жайлы пікірін білдіріп, алдағы жоспарларымен бөлісті.
– Форум барысында қаржы институттары шағын және орта бизнесті қаржыландыруға арналған жаңа ұзақ¬мерзімді инструменттерін таныс¬тырып, экономиканың басымдыққа ие салаларында өзара ынтымақтастық мәсе¬лелерін талқылады. Мұның барлығы жаңа жұмыс орындарын ашуға, жо¬ғары технологиялық өндірістерді ор¬на¬ластыруға және экспорттық әлеует¬ті өсіруге мүмкіндік береді. А묬дағы уақытта біз сол жағалаудың құ¬рылысымен айналысуды жоспарлап отырмыз. Бұған дейін де өңірлеріңізде жол құрылысын қолға алған болатынбыз, – деді Г. Маммадли.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КООПЕРАЦИЯСЫНЫҢ ЖАҢА КӨКЖИЕГІ

VIІI «Байқоңыр»  инвестициялық  фору¬мының  «Ауыл шаруашылығы өн¬дірістік кооперациясы» аясында өткен күріш және ет-мал шаруашылығы секция¬лық отырысында мемлекеттік орган¬дардың, республикалық және халық¬аралық ғылыми, бизнес-ұйымдардың өкілдері баяндама жасады.
Секция жұмысына ғалымдар, инвес¬торлар мен ауыл шаруашылығы тауарларын жабдықтаушылар, ресейлік және өзбекстандық мамандар және аймақтың ауыл шаруашылығы қызметкерлері қатысты.  
Шара барысында секция төрағасы, облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов бүгінгі күнге ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімнің (ет, сүт, картоп, көкөніс) басым бөлігі майда шаруа қожалықтары мен жекелеген адамдардың үлесінде екенін айтты.
– Ұлттық экономика министрлігінің Статистика  комитеті деректері бойынша, ауыл шаруашылығының жал¬пы өндірісінің 45,7 пайызын үйір¬гелік секторлар, 31,1 пайызын шаруа қожалықтары, қалғанын ауыл шаруа¬шылығы кәсіп¬орындары егетін болған. Мұндай тенденция біздің облыста да қалыптасып отыр. Бұл, әсіресе ет пен сүт өндіруде байқалады. Мысалы, біржылдық есеппен салыстыратын болсақ, былтыр 33,0 мың тонна ет өндірілсе, оның  86,5 пайызы, ал өндірілген 87,5 тонна сүттің 85,4 пайызы жеке секторлардың үлесінде. Сондықтан қазіргі кездегі мақсат жеке секторды ауыл шаруашылығы кооперативтеріне бірік¬тіру болып отыр, – деді.
Айта кетер жайт, үстіміздегі жылдың 1-қаңтарында күшіне енген ҚР «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Заңын түсіндіру мақсатында жұмысшы топ құрылған болатын. Жұмыс тобы аудандарда, ауылдық округтерде шаруашылық өкілдерімен кездесіп, кооперациялаудың тиімділігін жеткізген еді. Осыған орай, облыс әкімінің орынбасары кооперативке бірігу арқылы өнім өндіруші майда шаруашылықтардың лизингке техника мен жабдықтарды, субсидия және несие алуға мүмкіндігі арта түсетіндіктері туралы айтты.
«Кооперацияға бірігудің арқасында өндірілетін өнімнің мөлшері ұлғая түседі, сайып келгенде, өз кезегінде нарық талабына сай бола алатын көтерме сауда жүйесі қалыптасып, сол арқылы ішкі және сыртқы нарықпен жұмыс жасауға жол ашылады, – деді С.Қожаниязов.
Атқарылған жұмыстар нәтижесінде, бүгінгі күні 96 ауыл шаруашылығы коо-перативі құрылып, әділет органдарынан тіркеуден өткен. Оның ішінде, 29 кооператив мал шаруашылығы, 31 кооператив егіншілік саласы бойынша, 36 көпсалалы кооператив (мал, егін, балық, өңдеу, сақтау, өткізу) болып табылады.
Секция отырысында сөз алған «Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығы» ҰАҚ басқарма төрағасы Асқар Наметов «Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік қолдаудың жаңа саясаты» тақырыбында баяндама жасады. Онда АӨК саласына мемлекет тарапынан басым бағыттар берілгенін, ауылшаруашылық саласы мемлекеттік қолдаудың барлық түрімен қамтылғанын айта келіп, жаңа саясаттың өзекті тұстарын түсіндіріп өтті.
Мұнан сон облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Бақыт Жаханов аймақтағы жаңадан құрылған өндірістік кооперативтер мен АӨК дамуының рөлі жайында баяндама жасаса, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ филиалы директоры Бақытжан Әбиев «50 ауыл» жобасы жайын тарата айтты. Ал қызылордалық «Іскер-М» серіктестігінің директоры Ержан Сүгіралин Сырдың бал татыған сары қауыны мен қара күләбісі көршілес елдерде зор сұранысқа ие екенін жеткізді.
Бір кездері еліміздің абыройын еселеген қаракөл елтірісі бүгінде емге тапшы. Бұл жөнінде белгілі ғалым, академик Хисметолла Үкібаев өз баяндамасында айтып өтті…
Спикерлер қатарында ауылшаруа¬шылық техникалық көліктерін және құралдарын шығарумен танымал қоста¬найлық «СпецСтальКонструкции» ком-пания¬сының директоры Николай Феленчук пен ресейлік «Селхоз Лидер» компаниясы өкілі Анастасия Обидина да бар. Олар өз компанияларындағы соны ауылшаруашылық техникаларының заманауи мүмкіншіліктерімен таныстырып, шағын зауыттардың жұмыс тәсілін, өнім шығарудағы артықшылықтарын баяндады. Сонымен қатар, өзбекстандық ауылшаруашылық көлігін шығарушы кәсіпорын мамандары өнімдерін бейнеролик арқылы көрсетіп, техникалар құнының қолжетімділігін, сапалы және нарыққа белгілі екендігін айтты.
Секция жұмысы соңында іскерлік аясында бірнеше меморандумдарға қол қойылды. Атап айтсақ, «Мирас» сауда үйі мен Өзбекстан Республикасы «Узтадбиркорэкспорт» акционерлік қоғамы арасында, Қызылорда қаласы әкімдігінің қалалық тұрғын үй-ком¬му¬налдық шаруашылық және тұрғын-үй инспекция¬сы бөлімі мен «Ман Авто Узбекистан» ЖШҚ арасында, «Бай¬қоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік кор¬по¬рациясы» ҰК» АҚ мен «Узавто Трейлер» жауапкершілігі шектеулі қоға¬мының және «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ мен «Ман Авто Узбекистан» ЖШҚ кәсіпорны арасында бірлескен эко¬номикалық ынтымақтастық келісім¬дері жасалып, серіктестер жаңа жобалар бойынша бірлесіп жұмыс жасайтын болады.

ҚЫЗЫЛОРДА– ІСКЕРЛІК ҚАТЫНАСТАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ӨҢІР
VІІІ «Байқоңыр Инвест» инвести¬циялық форумы жекелеген секция отырыстарымен жалғасты. Секциялар аясында қатысушылар инвестициялық әріптестіктің жаңа мүмкіндіктерін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірістік кооперациясы мен B2B кездесу форматындағы халықаралық әріптестік мәселелерін талқылады.
2013 жылдан бастап өткізіліп келе жатқан форум аймақ экономикасына тың серпін беруімен ерекшеленеді. Осыған дейін облысқа әртүрлі қаржы ұйымдарынан 100 миллиард теңгеден астам қаржы тартылып, көптеген игілікті жоба жүзеге асты. Солардың арасынан «Шалқия» тау-кен металлургиялық кешені, шыны және цемент зауыттарын атап өтуге болады.
Өзара тиімді мүмкіндіктер мен ресурстардың бірігуі, сондай-ақ ұзақ¬мерзімді ынтымақтастықты нығайту үшін таптырмайтын алаңға айналған форум жұмысына еліміздің барлық аймағының және шет мемлекеттердің бизнес-қоғамдары, банк секторы, мемлекеттік органдар, даму институттары, ұлттық компаниялар, ғылыми-зерттеу институттары және Иран, Ресей, Германия, Швейцария, Франция, АҚШ, Қытайдың дипломатиялық өкілдері қатысты. Делегаттар қатарында одан бөлек Әзірбайжан, Белоруссия, Бельгия Корольдігінің дипломатиялық корпус өкілдері, Өзбек¬станның ресми делегация¬сы бар.
Форум секциялары аясында B2B форматындағы бизнес ынтымақ¬тастық¬тың барынша пайдалы жолдарын талқылаудың сәті түсті. Шетелдік инвесторлар облыстың шағын және орта кәсіп иелеріне өз өндірісін таныстыруға мүмкіндік алды. Диалог алаңы қос тарап үшін де пайдалы болды.
Жасы жетпістің үстіндегі Сүйіндік Аманжолов форум өтетінін естіп, Шиелі ауданынан арнайы келіпті. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде «Даму» кәсіпкерлікті қолдау орталығы арқылы 3 миллион теңге қайтарымсыз несиеге қол жеткізген ол бүгінде отбасылық кәсіпті дөңгелентіп отыр. 2014 жылдың мамыр айынан бастап сол қаражат есебінен инкубациялық аппарат, тірі балық тасымалдайтын автокөлік, контейнерлер сатып алды. Осыдан кейін Алматыдағы Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу орталығының ғалымдарымен тәжірибе алмасып, уылдырықтан шабақ шығару технологиясын іске қосты.
– Инкубациялық балық өсіру цехында тұқы, ақ амур секілді балық түрлерінің уылдырықтарынан балық өсіріп, балық шаруашылығын дамытуға үлес қосып келеміз. Қосымша, қаз, үйрек, қырғауыл жұмыртқаларынан балапандар шығарылуда, – дейді «Сүйіндік» шаруа қожалығының төрағасы.
Сүйіндік ақсақал инвестфорум нәтижесінде кәсібін алға жылжыту үшін тиімді инвестор табылып қалар деген ойда. Өзге мемлекеттерден келген бизнес өкілдерінен кеңес алудың өзі – ол үшін үлкен мүмкіндік. Сырдария ауданына қарасты Айдарлы ауылында тұратын Роза Әлибатырова қарамағына жүзден астам шәкірт жинап, жас ұрпаққа қазақтың қолөнерін үйретіп келеді.
– Мақсатым – түкті кілем тоқу өнерін өлтірмеу, ұмытылып бара жатқан ұлттық дәстүрді қайта жаңғырту, – дейді ол.
Ауылдағы еңбекке епті қыз-келіншектерді осы кәсіпке баулып, жастардың қызығушылығын оята білген Роза апа шеберхана жұмысын дамытуды қалайды. Осы мақсатта форумға қатысып, Азия даму банкі өкілдерімен кездесті. Банк тарапынан кәсіпкерлерді қолдау үшін несие беру мүмкіндігі қарастырылған. Ендігі ретте қолөнерші ұсынысты ой елегінен өткізіп көрмек.
Секция жұмысы барысында шетелдік меймандар дәстүрлі инвестфорум туралы әсерлерімен бөлісті.
– Ресейдің инвестициялық белсенді аумақтарының арасынан Қызылорда облысы секілді жылына екі мәрте инвестициялық форум өткізетін белсенді аймақты атау қиын, – дейді халықаралық «Эксперт» журналы бас редакторының орынбасары Александр Ивантер.
Американдық «AECOM» компа¬ниясының аймақтық директоры Марина Костанян да форумның тараптар үшін тиімділігін тілге тиек етті.
– Шараның жоғары дәрежеде ұйым¬дастырылғаны және ауқымды түрде өт¬кені көңілге қонады. Өзім бірінші рет қатысып тұрмын. Қызыл¬орда көз¬тартар көркімен, халқы қонақ¬жай¬лығы¬мен бірден баурап алды. Бү¬гінгі жиында серіктестермен кездесіп қана қой¬ға¬нымыз жоқ. Облыс әкімдігі қа¬жетті әрі тиімді байланыстар орнатуға мү쬬кіндік жасады, – дейді Марина Костанян.
Гүлжазира ЖАЛҒАСОВА,
Мөлдір ҚАЛЫМБЕТ,
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ,
Назерке САНИЯЗОВА.
«Союз» ғарыш кемесі ұшырылды
Екі күнге созылған дәстүрлі «Байқоңыр Инвест» инвестициялық форумының екінші бөлігі 18 қараша күні «Байқоңыр» ғарыш айлағында жалғасты.
Әлемдегі ең ірі ғарыш айлағы – «Байқоңыр» кешені «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің туристік нысандар тізіміне енгені баршаға мәлім.  Сондықтан да форум қонақтары мүмкіндікті қалт жібермей адамзат баласы Жер шарынан ғарышқа тұңғыш самғаған жер – «Байқоңыр» ғарыш айлағымен танысуды айлақтағы «Байқоңыр» мұражай кешенінен бастады. Мұражайдан атақты конс¬трукторлар К.Циолковскиий, С.Королев және тұңғыш ғарышкер Ю.Гагарин бастаған ержүрек ғарышкерлер туралы қызықты мәліметтерге қанықты. Бұған қоса, «Боран» орбиталық кемесінің макетімен танысты.
Мұнан соң ұшу алаңына сапар шеккен форум делегаттары зеңгір көкке самғаған «Союз МС-03» ғарыш кемесінің ұшырылым сәтін тамашалады.
«Байқоңыр» айлағындағы Гагарин ұшу тұғырынан «Союз МС-03» ғарыш кемесін ұшыру белгіленген уақытта жүзеге асырылды. Аталған ғарыш кемесі халықаралық ғарыш стансасының 3 ғарышкерін, яғни ұзақмерзімдік 50/51 экспедиция экипажын алып ұшты. Кеме бортында ресей ғарышкері, №1 бортинженер Олег Новицкий, Еуропа ғарыш агенттігінің ғарышкері Том Песке және №2 бортинженер, америкалық НАСА астронавты Пегги Уитсон бар.
Кеменің ХҒС-мен түйісуі екі тәуліктен кейін, 20 қараша күні ғарыш кемесінің орбитаны 34 рет айналғаннан кейін жүзеге асырылады деп күтілуде. Станцияны ашық кеңістікке осымен үшінші рет аттанған америкалық ғарышкер әйел Пегги Уитсон басқарады. 57 жастағы астронавт 2007 жылы МКС-16 экспедициясына жетекшілік еткен. Ғарышкерлер станцияда келесі жылдың көктеміне дейін болады. ХҒС-50/51 экипажы орбитадағы жарты жылға жуық кезекшілігінде «Прогресс МС» жүк кемесін, америкалық Dragon жүк кемесін, жапондық НТV кемесін қабылдап алып, 44 ғылыми зерттеу мен тәжірибе жүргізеді.
Ашығын айтқанда, ғарыш кемесінің көк төсіне самғаған сәтін тамашалау – миллиондаған саяхатшының арманы, көпшілік қызықтағысы келетін керемет көрініс. Нақты кезеңде «Байқоңыр» ғарыш айлағы төрткүл әлемдегі ең үлкен айлақтың бірі, ұшырылымдардың саны жөнінен ол әлемде алдына ешкімді салмайды. Міне, нақ осы себепті де Сырдың топырағына табаны тиген дәстүрлі форум қонақтары «Байқоңыр» ғарыш айлағынан көк төсіне самғайтын ғарыш кемесінің кезекті ұшырылым сәтін тамашалады.

                                                                                                                 Дәуіржан ЕЛУБАЕВ.

ФОРУМҒА ҚАТЫСУШЫЛАР ПІКІРІ

Константин Горожанкин,
Қазақстан интернет бизнесі ассоциациясының президенті:

– Мен үшін «Байқоңыр» инвес¬тициялық форумына қатысу – үлкен мәр¬тебе. Расын айтсам, Қызылорданы географиялық кар¬тадан көргенім болмаса, мұнда тұң¬-ғыш рет келіп отырмын. Форум ма¬ған ерекше ұнады. Жоғары дең¬гейдегі ұйымдастырушылығы, облыс әкім¬ді¬гінің аймақ экономикасын дамы¬ту тұжырымдамасы болашақта кәсіп¬кер¬ліктің кең өрістеуіне жол ашатын болады.
Мен мұнда екі мақсат бойынша келдім. Біз алдымен Қызылорданы жан-жақты бағдарлап, зерттедік. Біздің әкелген жобамыз – мәдени ошақтарды ғаламтор желісіне қосу. Яғни музей, мұражай, театр, қажет десе, «Қайсар» футбол клубының билеттерін касса жағаламай-ақ үйде немесе жұмыста отырып, ғаламтор арқылы сатып алуға мүмкіндік жасау. Біз осыған орай мәліметтер базасын орнатуды көздеп отырмыз.
Екіншіден, «Байқоңырдан» космостық ракетаның көкке қалай ұшатынын көру. Бұл – мен үшін бала кезден келе жатқан арман. «Байқоңыр» ғарыш айлағы саяхатшыларды молынан тартудың ошағы десем, артық айтқандығым емес. Туристік кластерді дамытудың негізгі өзегі сіздерде дайын екеніне көзім жетті.  
Өңірде үлкен жұмыстар жүріп жатқанын байқадым. Бұның барлығы аймақ басшысының іскерлігі мен қайраткерлігінің арқасы деп білемін. Қызылорда  мен және менің әріптестерім үшін көркемдігімен, тартымдылығымен, тазалығымен және жылы шырайымен есте қалатын болады.


Йорн Розенберг,
Германия Федеративтік Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы:

– Жуырда ғана Германия Феде¬ративтік Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулына тағайындалған мен үшін бұл сапар Қазақстан өңірлерімен танысуымның басы болып саналады.
Қазақстан мен Германия ынты¬мақтастығы берік, тату әрі сенімді әріптес. Біз – саясатта болсын, экономикада болсын, жақсы қарым-қатынастағы тату елдерміз. Өйткені, Қазақстан Германияның Орта Азиядағы сенімді стратегиялық серіктесі.
Қызылодаға келудегі мақсатым, аймақта атқарылып жатқан жобалармен танысып, іскерлік әріптестік орнату және аймақтың әлеуетін бағдарлау әрі терең тану болмақ.
Бұл форум мемлекеттік органдар мен бизнес құрылымдар арасында алтын көпір болатыны сөзсіз. Форумның сегізінші мәрте өтуі, диалогтық алаң құрумен қатар, жаңа іскерлік байланыстар аясын кеңейтіп, тәжірибелер алмасу, кәсіпкерлік саласындағы өзекті сұрақтарға жауап алатын алаң болатынын дәлелдеген.
Қызылорда облысы тоғыз жолдың торабында орналасқан географиялық жағынан қолайлы экономиканы, кәсіпкерлікті сәтті дамытудың барлық тетіктеріне жауап береді.

Джованни Капаннелли,
Азия даму банкінің Қазақстандағы тұрақты өкілдігінің директоры:

– Қызылордаға бірқатар мемлекеттен бизнесмендер, қаржылық институт өкілдері келді. Мұның өзі сіздердің аймақтарыңыз олардың қызығушылығын туғызды деген сөз. Аймақтың әлеуеті жоғары болғандықтан, Азия даму банкі Қызылорда облысына инвестиция құюға мүдделі. Біз облыс әкімі Қырымбек Көшербаевпен кездесіп, байланысты одан әрі арттыру жөнінде пікірлестік.
Сыр өңірімен ынтымақтастыққа өңір басшылығының жергілікті халықтың ертеңге деген сенімі түрткі болды. Қызылордалықтардың ертеңге деген ұмтылысы қызықтырды.
Форум салааралық, мемлекетаралық және халықаралық экономикалық байланысты бекітіп, қатысушылар үшін коммерциялық тұрғыда пайдалы болмақ әрі облыстың дамуына жол ашады.


Кәрімжан Бабаев,
«Равнабах» ЖШС директоры, Өзбекстан:

– Қазақстан – қарқынды дамушы ел. Бізді, өзбекстандықтарды тарихы ортақ, достығы берік осындай көршіміз болғаны қуантады. Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінің өкілдеріне форумға шақырғаны үшін ризашылығымды білдіремін. Бұл бізге Қазақстан және сіздердің облыс туралы тереңірек білуге көмектеседі. Инвестициялық форум тиісті мемлекеттік органдар мен бизнес-қауымдастықты біріктіріп, халықаралық ынтымақтастықты экономикалық қана емес, достық тұрғыда бекітуге мүмкіндік береді. Кәсіпкерлер үшін қай жерде болмасын, инвестициялық климаттың өркениетті, ашық, түсінікті және тартымды болғаны маңызды. Мен мұнда натрий сульфаты, кальцийлендірілген сода өндірісі зауыты құрылысының жобасын жүзеге асыру үшін серіктестер табу мақсатымен келдім. Бізде шыны ыдыс өндірісі бойынша инвестиция құюға дайын итальяндық серіктестер бар. Осы ретте аймақтың мүмкіндіктерін таразылағымыз келді. Білуімше, бұл жер бізді қызықтыратын шикізатқа – тұз, құм сияқты пайдалы қазбаларға бай.

Райхан Икрамова,
«Каир» қонақүйінің директоры, Қызылорда:
– Форум барысында білімімізді жетілдіріп, жаңа достар мен таныстар таптық. Бұл бизнес үшін өте қажет. Әріптестерім бизнес жүргізу туралы тәжірибелерімен бөлісіп, тығыз қарым-қатынастың қажеттілігі жөнінде әңгіме өрбітті. Форумға қатысу – үлкен жетістік. Кәсіпкер үшін қаржыны не мақсатқа салғанын білу маңызды. Жиынға келген бизнесмендер өздеріне пайдалы әрі жаңа дүниелер үйренді деп ойлаймын. Ұйымдастырушыларға осындай ауқымды жұмыс үшін алғыс білдіремін.
Қызылорда облысының туризмді дамыту әлеуеті жоғары. Мысалы, бізде ғарышты игеру тарихын көз алдыңа әкелетін «Байқоңыр» кешені бар, сол жерден зымыранның ұшырылу сәтіне куә болудың өзі бір ғанибет. «Қорқыт ата» мемориалды кешені, Қамыстыбас көлі, Арал теңізі мен тарихи құндылықтарымыздан сыр шертетін талай ескерткіш бар. Ұлттық салт-дәстүр, мәдениет барынша сақталған, халқы ақкөңіл өңір ретінде тартымды.


Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз