«KAZAKH INVEST»: ШЕТЕЛ ИНВЕСТОРЛАРЫМЕН ЖҰМЫС ЖАНДАНАДЫ

64

0

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму минис­трлігі құрамындағы шетелдік инвес­тор­ларды тарту бойынша жұмыс істейтін «KAZAKH INVEST» ұлт­тық операторының жұмыс істей бас­та­ғанына жуырда жүз күн толды. Компания басшылығы осы күнге орай Астана қаласында баспасөз брифингін өткізді.

– «KAZAKH INVEST» ком­па­­ниясының алғашқы 100 күн жұмысы барысына талдау жасап, елдегі инвестициялық ахуалды нақтылап, инвесторлармен жұмыс істейтін нақты басым елдер тізімін анықтадық. Сондай-ақ, біз компанияның кейбір ішкі үдеріс­терін түзеттік. Біз алдымызға қойылған міндеттеріміздің маңыз­дылығын ескере отырып, инвес­торларды жан-жақты қолдау жұмысында жоғары халықаралық сапа стандарттарын ұстанамыз, – деді «KAZAKH INVEST» Ұлттық ком­паниясының басқарма төрағасы Мақсат Қабашев.

Басқарма төрағасының атап өткеніндей, 100 күн жұмыс ішінде шетелдік инвесторлармен бизнес-жобаларды ашу бойынша 90 кездесу өткізілді. Кездесулер Қазақстан экономикасының басым секторларына инвестициялар тартуға қатысты өткізілді. Олар машина жа­сау, фармацевтика, химия және мұнай-химия, агроөнеркәсіп секторы, металлургия, өңдеу өнеркәсібі салаларын қамтиды. Шетелдік компаниялармен 22 ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды. Олар­дың ішінде Yildizlar SSS Holding (Түркия, энергетика) және түркиялық MadenCilik/Calik Holding (Түркия, тау-кен металлургия кешені), S2 Global (АҚШ, машина жасау), AIAC (АҚШ, машина жасау), Metallwarenfabrik GmbH (АҚШ, тау-кен металлургия кешені), Linde Group (Германия, химия саласы), Ferrostaal (Германия, машина жасау) сияқты белгілі компаниялар бар. Қазақстанда өз бизнесін жүргізуге американдық, британдық, неміс, испан, қытай, түркия инвесторлары қызығушылық білдірді. Олардың ішінде Campofrio (Испания, мал шаруашылығы), Gruma (Мексика, тамақ өнеркәсібі), AGOMED (Польша, фармацевтика), Building and Construction Authority (Сингапур, инфрақұрылым), және түркиялық Madencilik, Grupo Cobra (Испания, энергетика, инфрақұрылым) компаниялары бар.

«KAZAKH INVEST» компа­ния­сының шетелдік өкілдері есепті кезеңде әлеуетті инвесторлармен 160-тан астам кездесулер мен келіс­сөздер өткізді. Олардың ішінде АҚШ, Қытай, Түркия, Канада, Бразилия, Мексика елдерінің, соның ішінде 33 трансұлттық компания бар. Қазақстанға американдық, түрік және қытай трансұлттық корпорация өкілдерінің сапарлары ұйымдастырылды. Олар нә­ти­желі болып меморандумдарға қол қойылып, инвестициялау туралы шешімдер қабылданды. Жуырда Қазақстанда түрік бизнесі жобаларының іске қосылуы жоспарланып отыр. Олар Agrobest Group – Алматы қ. пестицид және гербицид өндірісі, Оңтүстік Қазақстан облысында Ufuk Tarım – химиялық және органикалық минералдық тыңайтқыштар өндірісі, Оңтүстік Қазақстан облысында Volkan Ambalaj – картон қаптамалар өн­дірісі, Ақтау қаласында Play Park – балалар ойын орталығы салалары болып табылады. Көрсетілген жобалар бойынша инвестициялардың жоспарланған көлемі шамамен 36 млн АҚШ долларын құрайды. Болашақта 300-ге жуық жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

2017 жылдың соңына дейін және 2018 жылы құны 7,7 млрд АҚШ долларын құрайтын 16 инвестициялық жобаның іске асырылуы жоспарланды. Олар 7 жоба, 3 инвестициялық келісім-шарттарды қамтиды. Жос­пар­ланған 11 жоба бойынша 7 салада құрылыс жұмыстары бас­талады. Олар химия өнеркәсібі, машина жасау, мұнай-химия, металлургия, инфрақұрылым, ауыл шаруа­шылығы, мұнай-газ, энергетика саласы болып табылады.

Сондай-ақ, 2017 жылдың со­ңына дейін 6 реинвес­ти­циалық жо­балардың іске қосылуы жос­пар­­ланған. Олар ALSTOM (Франция, трансформаторлар шығару), NYK Line (Жапония, құрылысы, автомобиль терминал), Heidelberg Cement (Германия, цемент өндірісі), Gold Aluminum (Түркия, алюминий профильдерін өндіру), ULKER (Түркия, кондитерлік өнімдер өндірісі), Kelun (Қытай, сояны қайта өңдеу,) жобаларын қамтиды.

Өңірлерде инвесторларды айтарлықтай қолдау бойынша жұмыстар атқарылды. 10 шілде күні 16 өңірлік директор және олардың 14 орынбасары тағайындалды (өңірлік директор облыс әкімдерінің штаттан тыс кеңесшісі қызметін атқарады). Шетелдік инвесторларды жергілікті жерде сүйемелдеу және мүдделерін қорғау өңірлік директорлардың және олардың орын­ба­сарларының басты міндеттері болып табылады.

Бүгінде «KAZAKH INVEST» ком­паниясының өңір­лік өкілдері инвес­торлардың өзекті мәселелерін өңірлер әкімдерінің деңгейіне дейін жедел көтеру өкілет­тілігіне ие болып отыр. Бұл инвесторларға жәрдем көрсетуге және бюрократия кедергілерін азайтуға мүмкіндік береді. Есепті кезеңде «KAZAKH INVEST»компаниясының аймақтық бөлімі өңірлерді зерттеу және шетелдік инвестицияларды тарту үшін аймақтарға шығатын болады.

Үстіміздегі жылғы 1 сәуір мен 11 шілде аралығында компанияның өңірлік бөлімімен 115 кездесу өткізілді және инвесторлардың 74 мәселесі қаралды. Оның ішінде 22 мәселе оң шешімін тапты.

«KAZAKH INVEST» компаниясы қазақстандық экспортты сүйемелдеу, ілгерілету және дамыту саласында қазақстандық биз­нестің қатысуымен 146 қазақ­стандық және 600 шетелдік компа­нияларды қамтитын 10 елде 16 экспорттық іс-шара өткізді. Аталған мерзімде қол қойылған экс­порттық келісімшарттар құны 95,4 млн АҚШ долларын құрады (азық-түлік, құрылыс материалдары, машиналар мен жабдықтар жасау, тыңайтқыштар, металлургия өнімдері, лак-бояу өнімдері). 10 ел бойынша (Тәжікстан, Қырғыз Республикасы, Ресей, Беларусь, Ауғанстан Ислам Республикасы, Армения, Грузия) сауда жүргізілді.

Дайындаған

Ж.ӘЛМАХАН.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз