КЕМЕЛДЕНГЕН КОНСТИТУЦИЯ

101

0

КЕМЕЛДЕНГЕН КОНСТИТУЦИЯМемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға жария түрде қол қойды. Президент бұл тарихи сәтті «қазіргі басқару жүйесін жаңғыртуға бастайтын маңызды қадам» деп бағалады. 
Билік тармақтары арасындағы қарым-қатынасты конституциялық деңгейде теңгерімді етуге бағытталған заң жобасы бір ай бойы қоғамдық талқылаудан өтті.  Осы уақыт аралығында халық белсенділік танытып, елдің басты құжатына енгізілетін өзгерістерге өз ұсыныстарын білдірді. Бұл ұсыныстар арнайы құрылған жұмыс тобы сарабына жіберіліп, тұжырым жасауға өзек болды. 
Енгізілген өзгерістердің барлығы еліміздің дамуына ерекше серпін беретін маңызға ие. Мемлекет құрылымына ұсынылған өзгерістер қоғамымызды демократияландыру ісін күшейтіп, халық билігінің негізін одан әрі нығайтуға, Парламенттің ролін, Үкіметтің президенттік басқару нысаны алдындағы дербестігі мен жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Реформаның көздеген мақсаты да осы. Бұл үдеріс ел дамуының тағы бір жүйелі және заңды кезеңіне өткенімізді айқындайды. 
Қайреддин БАЙМАХАНОВ,
«Ерлік» үйлестіру қоғамының төрағасы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз