«КӨКТЕМ ШУАҒЫ» ШАТТЫҒЫ

34

0

«КӨКТЕМ ШУАҒЫ» ШАТТЫҒЫКеше Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған «Көктем шуағы» деп аталатын шара аясында әйелдер қауымы өкілдерімен кездесті.  
– Сіздер арқылы мен еліміздің барлық әйелдер қауымын құттықтап, денсаулық, отбасында бақыт және татулық тілеймін. Экономиканың түрлі салаларында, әсіресе ағарту, денсаулық сақтау, мәдениет, бизнесте жұмыспен қамтылғандардың 52%-нан астамын әйелдер құрайды. Олар депутаттардың, басшылардың арасында да көп, ал мемлекеттік қызметшілердің тең жартысынан астамы – әйелдер. Осылайша олар көптеген шешімдерді қабылдауға атсалысады. Сол үшін менің алғысымды қабыл алыңыздар, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті гендерлік қатынас бойынша республика жетекші орында тұрғандығын жеткізді. Әйелдердің өндірістегі жалпы ұлттық өнімге қосқан үлесі 40%-ға жуықтайды. Әйелдер маңызды мемлекеттік қызметтер атқарады, 550 мың қазақстандық әйел шағын және орта бизнеске басшылық етеді.
Кездесу соңында түрлі салада еңбек етіп жүрген нәзік жандылар өздеріне көрсетілген зор ілтипат үшін Елбасына алғыс сезімін білдірді.
Осыдан кейін Мемлекет басшысы Бейбітшілік және келісім сарайында өткен «Әлемнің жарығы» атты концертті тамашалады.
Халықаралық әйелдер күніне арналған концертте отандық белгілі әртістер мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті. Мерекелік қойылымда көптеген музыкалық және театрлық жанрлар қамтылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз