КӨЛІК КЕРУЕНІНЕ КЕМЕЛ ЖОЛДАР

57

0

КӨЛІК КЕРУЕНІНЕ КЕМЕЛ ЖОЛДАРОблыс әкімінің
орынбасары Н.Әлібаев­тың төрағалығымен облыстық жолау­шылар көлігі және
автомобиль жолдары басқармасының алқа мәжілісі өтті. Селекторлық кеңес түрінде
өткен мәжіліске облыс, қала, аудан әкімдерінің орынбасарлары, ОІІД
қызметкерлері қатысты. Сала басшысы М.Бәйімбетов басқарманың былтырғы жылы
атқарған жұмыстары мен алдағы міндеттері жайында баяндады.

Өткен жылы
Сырдария өзенінен Тереңөзек кенті тұсынан және Қызылорда қаласынан көпір
құрылысын салуға, жоба-сметалық құжаттамалар және техникалық-экономикалық
негіздемелер әзірлеу жұмыстарына 2014 жылы республикалық және облыстық
бюджеттен барлығы 11640,4 млн теңге бөлінді. Сонымен бірге 262 шақырым
автокөлік жолдары күрделі және орташа жөндеуден өткізілді. Нәтижесінде,
жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық үлесі
57% құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3%-ға артқандығын көрсетеді.
Биыл жергілікті
жолдар желісін дамытуда аймақтағы маңызды 73 млрд құрайтын 17 жоба
ұсынылған. Атап айтқанда, Арал ауданының «Самара-Шымкент-Арал-Жақсықылыш-Тоқа­бай-Абай»
(2,0 млрд теңге), Қазалы ауданының «Қожабақы-Аранды» (161 млн теңге), Қызылорда
қаласындағы көпір құрылысын қаржыландыру, оның көлемін 2015 жылы 2 млрд теңгеге
көбейтуге республикалық бюджетке ұсыным берілген.
Биыл жергілікті
жол желісін дамытуға республикалық бюджеттен 3 197 млн теңге және облыстық
бюджеттен 1 195,0 млн теңгеге Қызылорда қаласындағы көпір құрылысының
жұмысы жалғасады. Сондай-ақ, 100 шақырым аудандық маңызы бар автомобиль
жолдарына қайта жаңғырту және құрылысын салу және тірек елді мекендер
көшелеріне күрделі жөндеу  жұмыстары
жүргізіледі.
Облыс орталығындағы жолаушылар тасымалы қызметі сапасын арттыру
мақсатында «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-мен қалалық автобус паркін жаңартудың 2 кезеңі
іске қосылады. Онда «Байқоңыр ӘКК» АҚ, қала әкімдігі және Еуропалық қайта құру
және даму банкі арасында жасалған үшжақты меморандум негізінде биыл қосымша 100
дана заманауи автобус әкелу және көгілдір отын өңдейтін кіші станциясы бар жаңа
автобус паркін салу көзделіп отыр.
Әуе көлігі
қызметіне орай «Қорқыт Ата» халықаралық әуежайы арқылы аптасына барлығы 20 рейс
орындалуда. Былтыр әуежайдан 83,5 мың жолаушы жөнелтілген. Ағымдағы жылдың 27
қарашасынан бастап жиілігі аптасына 3 рет «Tajik Air» авиакомпаниясының «Қорған
төбе-Мәскеу» бағытындағы борты техникалық қонуға әуежаймен қабылдануда.
Сондай-ақ, маусым айы­нан бастап жаңа «Қызылорда-Анталия-Қы­зыл­орда» бағытында
чартерлік рейс жолға шығады.
Өткен жылдың
екінші жартыжылдығында «Жезқазған-Сексеуіл-Бейнеу» темір жолы іске қосылды.
Қазіргі таңда, Сексеуіл станциясында тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар
салынып, жаңа жұмыс орындары ашылып жатыр.
Биыл аймақ
жолдарында көлік керуендерін көптеп көретін боламыз.
 
Нұрбек Сағадат.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз