Күллі әлем көз тіккен көрме

79

0

Ұлы еліммен мақтанамынКүллі әлем көз тіккен көрме
Талай алып бас иген ірілер де,
Абыройы елімнің бүгін өрде.
Таңғажайып таңдантқан бізде өтуде,
Аты мәлім әлемге Ұлы көрме.

Бүгінгі іс жауапты, талап әрі,
Дүйім дүние тұр көзін қадағалы.
Бұл көрмеде біздің ел көрсетпекші,
Қуат көзін табиғи баламалы.

Бәрі ғажап көрменің бәрі де анық,
Жер тәрізді ғажайып шары да алып.
Балқығандай бақыттың құшағында,
Жарқыраған Астана бағы жанып.

Бүкіл әлем төсіне ту қадаған,
Бөленгендей ерекше нұрға қалам.
Ырыс, бақыт тасқыны құйылуда,
Барлық өңір, байтақ ел, қыр, даладан.

Ажарланды айрықша Арқа төсі,
Күй ғажабы тербетіп, ән төресі.
Ұлы көрме әлемдік шуағымен,
Көтерілді көкке елдің мәртебесі.

Қызықтауда жақын да, жат та бәрін,
Асқақтады абырой, бақ, талабым.
Ұлы көрме әлемдік туын тіккен,
Ұлы еліммен мен бүгін мақтанамын.

Махмұтбай ӘМІРЕҰЛЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз