Күн панельдерімен қызықтырды

80

0

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде Цинхай провинциясы апталығы ашылды. Шара аясында ЖЭК энергетикалық өнім­д­е­рімен айналысатын қытайлық 13 компания Астанаға келді. Про­­винция апталығы өңірмен таныстыруды және Қазақстанмен бір­лес­кен ынтымақтастық жасау үшін әріптестер іздеуді мақсат етеді.
Цинхай провинциясы Куньлунь шыңында орналасқан. Ауданы 720 шаршы шақырымға созылған аймақ табиғи байлығымен және тамаша мәдениетімен танымал. «Соңғы он жыл ішінде Цинхай ресурстарды игеру есебінен ерекше салаларды дамытуда. Жалпы, ұлттық өнімнің үздіксіз өсу қарқыны 10 пайыздан асады. Экономикалық қуаттылығы, химия өнеркәсібі едәуір өскен, бұл мұнай және табиғи газ, тауларда өсетін өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және басқа да салалардың ілгерілегенін аңғартады. Қытай және тибет дәрілері, ұлттық киім мен әшекейлер, сондай-ақ, өңдеу өнеркәсібі жақсы дамуда. Гидроэнергетика, жел энергетикасы, газ гидраттары және басқа да экологиялық таза энергия ре­су­рс­тарын игеру және пайдалану ай­рықша қарқынмен алға жылжуда», дейді «XiNing Moonlight PV Technology» компаниясының бас директоры Хао Ионг. Ол әлемдік на­рықта жетекші орын алатын күн панельдерін жеткізу бойынша Қа­зақстанмен әріптестікті реттеу мақ­сатында келгенін де жасырмады.  «Біз Астанадағы ЭКСПО-2017 көр­месінде өтіп жатқан Цинхай про­­винциясының аптасына қаты­сып, Қазақстанның нарығын зерттеп, зерделеуді мақсат еттік. Күн па­нельдерін шығарумен айналыса­тын компаниямыз мұндағы әріп­тестермен жұмыс жасауға дайын. Қа­зақстан – біз үшін өте үлкен на­рық. Өнімдеріміз инновациялық тех­нологиялармен және бағасымен ерек­шеленеді. Олардың әрбір бөлшектері толық пысықталып, Цин­хай провинциясында да, жалпы Қытайда да белсенді сатылуда. Біз Африка, Ирак, Пәкістан си­яқты елдермен жұмыс жасаймыз. Енді «Бір белдеу, бір жол» бағ­дар­ламасы мен ЭКСПО көрмесінің ар­қасында Қазақстан нарығына да шы­ғатынымызға сенеміз», деді бас д­иректор.  
«Егемен Қазақстан»
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз