КӨНЕ КӘСІПТІ ЖАҢАШЫЛДЫҚПЕН ЖАЛҒАҒАН

146

0

 КӨНЕ КӘСІПТІ ЖАҢАШЫЛДЫҚПЕН ЖАЛҒАҒАНҚызылордалық қолөнер шебері Айдана Әлайдарова апа-әжелерінен дарыған өнерді өлтірмеуге тырысып жүр. Ол киізден небір бұйымдар дайындап, киім де жасап шығарады. 
– Қолөнер біз, қазақ қыздары үшін таңсық емес. Ауылда өстік. Үлкен кісілер текемет басып, кілемнің жібін иіргенде айналшықтап жандарынан шықпайтынбыз. Сөйтіп жүріп үйрендік, – дейді ол. 
Қызығушылығын қабілетімен ұштастырған Айдана көне кәсіптің тіні үзілмегенін қалайды. Қала түгілі, қазір ауылдың өзінде ұлттық дәстүр ұмытылып барады. Баяғыдай алаша тоқып, киіз басудың орнына еденге кілем төсей салған оңай. Басқасы да қолжетімді. Қолөнерші киіз өңдеудің инновациялық технологиясын 2010 жылы он саусағынан өнер тамған шымкенттік Бейісбековтер отбасынан үйреніп қайтты. Одан кейін Қазақстан Қолөнершілер одағының төрайымы Айжан Бекқұлова білгенімен бөлісті. Ал екі жылдан бері БҰҰ-ның Даму бағдарламасы аясында өтетін конкурс, көрме, семинар-тренингтерге қатысып жүр. Қырғызстанда, Тараз қаласындағы «Асыл дизайн» сән үйінде сәндік-қолданбалы өнер шеберлеріне арнап ұйымдастырылған семинар-тренингтерде тәжірибесін жетілдірді. Астанадағы «Шебер-керуен» қолөнершілер фестиваліне де қатысты. 
Айдана Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кәсіпкәсіптік оқыту кафедрасында сабақ береді. Осы оқу ордасының дизайнерлік мамандығы бойынша түлегі. Әсемдікке құштарлық табиғатында бар. Соны хоббиге, хоббиін кәсіпке айналдырды. Ол киізден көркемдігімен көз сүйсіндіретін сәнді дүниелер жасап шығарады. Шебер түтілген жүнді біркелкі етіп жаюдың маңызды екенін айтады. 
– Жүн бірегей қасиеттерге ие. Белгілі ылғалдықта, температурада және механикалық ықпал етуден талшықтары өзара әрекеттесіп, шатысады және қысқарады. Басқасына қарағанда меринос қойының жүні басуға ыңғайлы. Өйткені ол өте жіңішке, ұзын талшықты, ирек болып келеді. Тез әрі оңай басылады. Жүнді өңдеу малды қырқудан иіруге дейін бірнеше сатыдан өтеді, – дейді А.Әлайдарова. 
Қолөнерші меринос қойының жүнін Тараздан алдырады. Жергілікті шикізат та жарайды. Бірақ жүн қабылдаумен, өңдеумен айналысатындар жоқтың қасы. Мал егелері сондықтан оны қоқысқа апарып тастауға мәжбүр. Айдананың қолынан шыққан кәдесый, киім-бұйымдарға тапсырыс беретіндер баршылық. Бағасын еңбегіне қарай қояды. Қазір өзі «EXPO-2017» көрмесіне дайындалып жатыр. Сырбойылық әріптестерімен бірге қонақтарды қазақтың ұлттық құндылығымен таныстыруға асық.
 
 КӨНЕ КӘСІПТІ ЖАҢАШЫЛДЫҚПЕН ЖАЛҒАҒАН
 КӨНЕ КӘСІПТІ ЖАҢАШЫЛДЫҚПЕН ЖАЛҒАҒАН
 КӨНЕ КӘСІПТІ ЖАҢАШЫЛДЫҚПЕН ЖАЛҒАҒАН
 КӨНЕ КӘСІПТІ ЖАҢАШЫЛДЫҚПЕН ЖАЛҒАҒАН
 КӨНЕ КӘСІПТІ ЖАҢАШЫЛДЫҚПЕН ЖАЛҒАҒАН
 КӨНЕ КӘСІПТІ ЖАҢАШЫЛДЫҚПЕН ЖАЛҒАҒАН
 КӨНЕ КӘСІПТІ ЖАҢАШЫЛДЫҚПЕН ЖАЛҒАҒАН
 КӨНЕ КӘСІПТІ ЖАҢАШЫЛДЫҚПЕН ЖАЛҒАҒАН
 КӨНЕ КӘСІПТІ ЖАҢАШЫЛДЫҚПЕН ЖАЛҒАҒАН 
Н.САНИЯЗОВА.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз