КОНКУРС ТАЛАПТАРЫН ОРЫНДАМАҒАН

90

0

КОНКУРС ТАЛАПТАРЫН ОРЫНДАМАҒАН

мердігерлер
жұмыссыз қалып жатыр

ҚР Президентінің 2009 жылдың 24 тамызындағы Жарлығымен «2010 жылдан –
2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат» тұжырымдамасы қабылданған. Тұжырымдамаға сәйкес облыстағы мем­лекеттік мекемелер бірқатар жұ­мыстар атқарғанымен, жекелеген жағдайда мемлекеттік сатып алу конкурстарын өткізу кезінде қабылданған шешімдер бойынша заңнама талап­тарының бұзылуы байқалып отыр. Бұл деректер2013 жылдың басындағы ҚР Бас прокуратурасының кешенді тексеруі барысында анықталды.

Осындай заң бұзушылықты болдырмау және азайту мақсатында облыс әкімінің06.03.2013 жылы №50-ө өкімі қабылданып, облыстық құ­рылыс басқармасы құрылыс-мон­таж жұмыстары бойынша мем­ле­кеттік сатып алудың бірыңғай ұйым­дастырушысы болып белгіленді және оған қосымша штат бірліктері бөлінді.

Басқармада өткен жылы 21млрд. 486 млн. теңгені құрайтын 224 конкурс өткізілді. Оның 92-сі құрылыс-монтаж жұмыстарына, 89-ы жобалық-сметалық құжаттаманы дайындауға және 43-і нысандардың техникалық қадағалауына қатысты болды. Конкурстың нәтижесінде 175 млн. 513 мың теңге бюджетке кірістелді. Оның 152 млн. 427 мың теңгесі баға салыстыру бәсекелесі бойынша үнемделген қаржы. Ал 1 млн. 945 мың теңгесі баға ұсынысы берілмеуіне байланысты және 21 млн. 141 мың теңгесі конкурс бойынша жеңімпаз болып, келісім-шарт жасасқаннан кейін 10 жұмыс күн ішінде банктік кепілдікті енгізбеуге байланысты болған. Жұмыссыздар санын азайту және облыстық бюджетке түсетін түсімді ұлғайту мақсатында заң талабына сәйкес жергілікті құрылыс және жобалаушы компаниялары жеңімпаз болып танылды. Дегенмен, осы мердігер мекемелердің ішінде 20 пайызы өз міндеттемелерін уақытында дұрыс орындамауына жол берді.

Мысалы, Арал қаласында «Инжстрой-Қызылорда» ЖШС жүргізген 300 орындық мектеп пен осы ауданға қарасты Жалаңаш ауылындағы 90 орындық балабақшаның құрылысы, Арал ауданы, Тоқабай ауылындағы «Global Constraction» ЖШС жүргізген 140 орындық мектептің құрылысы, Қосаман ауылындағы «Шах и К» ЖШС жүргізген 100 орындық мектептің құрылысы, Қарашалаң ауылындағы «Гемакасес» ЖШС жүргізген 100 орындық мектептің құрылысы және «Ерсикон» ЖШС-ның Жалағаш аудандық орталық аурухананың кәріз жүйесінің құрылысы да шартта белгіленген мерзімде аяқталған жоқ.

Осыған байланысты басқарма тарапынан аталған нысандар бойынша Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз келтірілді. Көрсетілген мердігер мекемелердің барлығы сот шешімдеріне сәйкес мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылды, яғни заңға сәйкес бұл мекемелер 2 жыл көлемінде конкурстарға қатыса алмайды. Қазіргі уақытта Жалағаш аудандық орталық аурухананың кәріз жүйесі мен Қарашалаң ауылындағы мектептің құрылыстары аяқталып, пайдалануға берілсе, Арал қаласындағы 300 орындық, Тоқабай ауылындағы 140 орындық мектептердің және Жалаңаш ауылындағы 90 орындық бала бақшаның құрылыстарын салуға жаңадан конкурс өткізілді. Басқа мердігер мекемелер құрылыстары осы жылы аяқталады.

Сонымен қатар, өткен жылы тапсырылуға тиіс болатын Қамыстыбас пен Аралқұм ауылдарындағы дәрігерлік амбулаториялар мен Жалағаш кентіндегі 250 келушіге арналған емхананың құрылыстарын кешіктірген «Май­дан-құрылыс» және «Достық-Н» серіктестіктеріне заңда көзделген шаралар қолданылып, жұмыстары осы жылы аяқталатын болады. Бұдан басқа Қазақстандық мазмұнды растайтын тауарлар бойынша жалған СТ КЗ сертификаттарын конкурсқа ұсынған «Тана БМ», «Арман Қызылорда» мекемелері сот шешімдерімен жосықсыз қатысушы деп танылды. Сол сияқты 14 жалған банктік кепілдіктерді ұсынған 9 мердігер мекеме, яғни 2012 жылғы конкурс бойынша «АқтауИнжстройИндустрия», «УМР», «ҚАЗқұрылыссервис» және «Дәнекер ҚК», ал 2013 жылғы конкурс бойынша «Стройсервис Б.А.Ж.», «Мелиоратор», «Гемакасес», «Майдан-құрылыс» және «Қасиет-Ал» серіктестіктері бойынша сотқа талап арыз беру жөніндегі шаралар қолданылды. Бұл екі жағдай бойынша жинақталған құжаттары облыстық қаржы полициясы мен ішкі істер органдарына жолданған.

Бұдан басқа өткен жылдардан келе жатқан Сырдария ауданы, Шаған ауылындағы 900 орындық мектеп, Арал ауданы, Сексеуіл стансасындағы 150 орындық клуб, Қызылорда қаласындағы «Сыр цементі» зауытына сыртқы инженерлік желілерін тарту, сонымен қатар Қызылорда қаласы, Талсуат ауылындағы 300 орындық психоневрологиялық интернат нысандары қаржы полициясы органдарымен тексеріліп жатса, «Дөйтпожгазсервис» ЖШС және «СК Арғын-құрылыс» ЖШС директорлары Ж.Мұсаханов пен Е.Шакиев сот үкімдерімен шартты жазаға сотталған. Қазіргі уақытта Сырдария ауданы, Шаған ауылындағы 900 орындық мектептің құрылысын «Сұңқар ССК» ЖШС жүргізуде, ал Арал ауданы, Сексеуіл стансасындағы клубтың құрылысы бойынша шарттарды бұзу туралы сот шешімі күшіне енгеннен кейін, нысанды аяқтауға конкурс өткізілетін болады.

Жобалық-сметалық құжат­тама әзірлеуге қатысты.

Келісім-шарттың міндеттеріне сәйкес әзірленуге тиіс болған 89жоба-сметалық құжаттаманың ішінде 40-ы мерзімінен кеш орындалған.

Атап айтқанда, «Проммедконтракт» ЖШС – 12, «АбзалпроектКонсалтинг» ЖШС – 10, «СанжарпроектСервис» ЖШС – 6, «Сартөбе» ЖШС – 3, «Проект Сервис» ЖШС – 3, «Жоба» ЖШС – 2, «ҚызылордаЖобаҚұрылыс» ЖШС – 1 және «Sreda» ЖШС 1 жоба-сметалық құжаттама бойынша Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз беріліп, айыппұл өндірілді. Ал, «Промстройпроект» ЖШС 2 жобаны мерзімінде әзірлемегені үшін сот шешімімен мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы деп танылған.

Сотқа талап арыз беру ар­қы­лы шаралар қолданылған шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған кейбір мердігер ме­кемелер өздерінің жіберген қате­ліктерін мойындады. Осы жағдайларды қоспағанда,өткен жылы қосымша 28 мердігердің шарттағы міндеттерін орындамай, нысанды уақытында тапсырмағаны үшін сотқа барлығы 141 талап арыз беріліп, 815 млн. 219 мың теңге өндірілді (оның ішінде 59 млн. 471 мың теңгесі бюджетке кірістелді).

Облыстық құрылыс басқармасының өкімге сәйкес үнемі жүргізілетін мониторинг барысында 2013 жылы төмендегі тапсырыс берушілер өкімнің талабын сақтамай, конкурстарды жариялағанын анықтады. Атап айтқанда, Қызылорда қаласының құрылыс бөлімінің басшысы М.Әлсеріков 2013 жылдың 11 сәуірінде 50 пәтерлік үш үйдің құрылысын салуға конкурсты, Қызылорда қаласының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М.Молдабаев 2013 жылдың 14 маусымында «Қызылорда қаласы, Бейбарыс көшесін қайта жаңғырту» жұмыстары бойынша конкурсты, Шиелі кентінің әкімі Н.Мырзабеков Шиелі кентіндегі орталық стадионды күрделі жөндеуге қатысты конкурсты, Жаңақорған ауданының құрылыс бөлімінің басшысы Қ.Тәжіғұлов «Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Сүттіқұдық ауылындағы 90 орындық балабақша құрылысы» нысандары бойынша конкурсты өткізу туралы хабарламаның жариялануына жол берген.Ал, бас дәрігер Г.Жұмашева Қызылорда қалалық перзентханасы нысанының күрделі жөндеу жұмыстарына өткізілген конкурсқа қатысқан мекемемен емес, керісінше конкурсқа қатыспаған мердігер мекемемен келісім-шартқа отырған. Нәтижесінде ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 3-бабында көрсетілген әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік және мемлекеттік сатып алу процесінің жариялылығы мен ашықтығы туралы талаптары сақталмаған.

2014 жылы атқарылған жұмыстар туралы.

2014 жылдың 14 қаңтарында ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына
өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, ол әр салада қызмет атқарып жүрген
отандық кәсіпкерлерге үлкен қолдау болып табылады. Себебі, бұрын конкурс
комиссиясы бірден шешім қабылдап жеңімпазды анықтайтын болса, қазір алдын ала
шешім қабылданып, әлеуетті өнім берушілерге жетіспейтін құжаттарын реттеуге
уақыт беріліп комиссия екінші рет қарап соңғы шешім қабылдайтын болады.

Облыстық құрылыс басқармасы бірыңғай ұйымдастырушы ретінде бүгінгі
күнге дейін 48 млрд. 791 млн. теңгені құрайтын 193 мемлекеттік сатып алу
конкурсы жарияланды. Оның ішінде 65-і жобалық-сметалық құжаттама дайындау, 21-і
техникалық қадағалау, 2-і проблемалық нысандарға күзет қою және 105-і
құрылыс-монтаж жұмыстары, оның ішінде 50-і құрылыс басқармасының нысандары
болса, қалған 54-і облыстық, қалалық және аудандық бюджеттік бағдарламалар
әкімшілерінің нысандары болып табылады.
Осы өткізілген конкурстардың нәтижесінде әлеуетті өнім берушілер
арасында баға салыстыру бәсекелесі бойынша 171 млн. 469 мың теңге қаржы
үнемделген.

Сонымен қатар, Заңға сәйкес конкурсқа қатысқан әлеуетті өнім беруші
немесе оның қосалқы мердігері, сот шешіміне сәйкес орындалмаған
міндеттемелері немесе айыппұлдарды және
баж алымдарын уақытында бюджетке төлемегені үшін, Әділет министрлігінің
реестріне енгізілгендіктен конкурсқа қатыса алмайды. Соған байланысты конкурсқа
қатысу үшін мердігер мекемелер 9 млн. 305 мың теңге қаржы қарыздарын наурыз
және сәуір айлары аралығында бюджетке төлеуге мәжбүр болды.

Осы Заңның талаптарын бұзған әлеуетті өнім берушілерді жосықсыз
қатысушы деп тану туралы бірыңғай ұйымдастырушы тарапынан сотқа 13 талап арыз
берілді. Бұдан бөлек, шарттар бойынша міндеттемелерін орындамаған мердігерлерге
қатысты құрылыс басқармасы 2014 жылы 124 млн. 838 мың теңгені құрайтын 28 талап
арыз келтіріп, сот шешімі бойынша 21 мекемеден 28 млн. 471 мың теңге өндірілді.
Сонымен қатар құжаттарды бірыңғай ұйымдастырушыға толық ұсынбау жағдайлары
Қызылорда медициналық колледжі (директоры А.Ибраева) және Шиелі аудандық
туберкулезге қарсы диспансері (бас дәрігері Н.Әмір)бойынша орын алып,
кемшіліктер медициналық колледж тарапынан жойылса, қалғандары бойынша бүгінгі
күнге дейін құжаттары толықтырылмаған.

Жаңа Заң бойынша конкурс келесі ретпен өткізіледі.

– конкурс жарияланғаннан кейін ашылуға дейінгі мерзім – 20 күн;

– құжаттарды қарау уақыты –10 күн;

– алдын ала рұқсат беру шешімі бойынша 3 жұмыс күн;

– құжаттарды екінші рет қарау мерзімі – 5 күн;

– баға ұсыныстары бойынша 3 жұмыс күн.

Осылайша конкурс процедурасын өткізуге 41-45 күн уақыт кетеді.

Бұл жағдайлардың барлығы да конкурстардың жекелеген жағдайларда біршама
кешігуіне және қаржының уақытында игерілуіне кері әсерін тигізеді. Осыған
байланысты барлық бас­қарма басшылары мен қала, аудан әкімдеріне қарамағындағы
жауапты қызметкерлердің кон­курс­тың өткізілу барысына жауап­кершілікпен қарау
тапсырылды.

Қорыта айтқанда, алдағы уақытта айтылған кемшіліктерді болдырмауға, заң
талаптарының қатаң сақталуына бағытталған жұмыстар одан әрі жалғасатын болады.

 

Сержан НАМЕТША,

Қызылорда облыстық құрылыс

басқармасының басшысы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз