
Бүгінде облыс бойынша жөндеуді қажет ететін көпқабатты тұрғын үйлер саны 640-ты құрап отыр. Өңір әкімінің тапсырмасына сәйкес аудандық бюджеттерден 15 үйді жөндеуге 75,1 млн. теңге бөліп, жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
«Қазіргі таңда, тұрғындармен келісімге қол қою жұмыстары жүргізілуде. Осы бағыттағы жұмыстар нәтижесінде Қызылорда қаласында қайтарым қаражат есебінен 74,360 млн. теңгеге Бөкейхан көшесі №62 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілуде», – дейді энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Медет Усайн.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!