Көпірге белдеу, көлікке жол

63

0

Көпірге белдеу, көлікке жолҚазалы ауданында елімізде салынып
жатқан жол, көпір құрылыстарына қажетті темір-бетон бұйымдарын шығаратын зауыт
жұмыс істейді.

2005 жылы «МО-1» болып құрылған
серіктестік бүгінде «LCI-MK» деген атаумен республикаға белгілі кәсіпорын
негізінен құрылысқа қажетті материалдар, оның ішінде жылына 10 мың текше метр
темір-бетон бұйымдары мен құрылымдар жасап, шығарады. Зауытта жетпіске тарта
адам жұмыс істейді. Яғни орташа есеппен ең кемі 300-400 қазалылық тұрғын
несібесін осы жерден табады деген сөз.
Зауыттың өндірісі халықаралық
талаптарға сай. Сәл уақыт бұрын «Бейнеу – Жезқазған» теміржол магистралына
керекті бұйымдарды дайындады. Бұл өз кезегінде зауыт жұмысының жандануына септігін
тигізді. Соңғы уақытта зауыт аумағында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» күрежолының
құрылысына қажетті темір-бетон бұйымдарын өндіру үшін жаңа алаң салынды. Қазір
мұнда 18; 21 және 24 метрлік арқалық мәткелер дайындалып, шығарылуда. Сонымен
қатар облыс, республика көлемінде жүргізіліп жатқан әлеуметтік нысандар
құрылыстарына қажетті тапсырыстар қабылдануда. 2014 жылы серіктестік
тарапынан 23059,2 тоннаның (364,9 млн. теңге) бұйымдары шығарылды.
Зауыт
басшылығы алдағы уақытта жұмыс ауқымын ұлғайтуды жоспарлап отыр.
 
Дәурен ОМАРОВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз