КӨРМЕ – КӨПТІҢ КӨЗАЙЫМЫ

167

0

КӨРМЕ – КӨПТІҢ КӨЗАЙЫМЫ«ЭКСПО-2017» көрмесін тамашалаған,
аймаққа белгілі қармақшылық  жыршы  Болат Баймұратов: 
– Бүгінде әлем жұртшылығының назарын аударған «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесін тамашалау – кімнің де болмасын арманы. Міне, мен де өз жерлестеріммен бірге Астана қаласындағы көрмені қызықтаудамын. Алдағы уақытта Тәуелсіз елімізді дүниежүзіне танымал ете түсетін бұл көрме ұлт мақтанышына айналатынына, ел болашағына мінсіз қызмет ететініне сенімдімін. 
Елордамызда дүние жүзінің озық жетістіктері мен технологиялары салтанат құрды. Әсіресе, Қазақстан павильоны елден ерекше. Біздің де өндіріс саласында, өнеркәсіпте, білім және ғылым саласында, инновация саласында әлемге көрсететін жетістіктеріміз мол екен. Біз үшін бұл өзіміздің қай деңгейде келе жатқанымызды бағдарлаған зор мүмкіндік болды. «EXPO-2017» көрмесі егемен елімізде өтуі біз үшін зор саяси, рухани және ғылыми маңызы бар биіктік.
Көрмені тамашалауға  қолдау көрсеткен аудан басшылығына айтар алғысым шексіз.
***
Оңталап Қожахметұлы,
«Қызылорда Су жүйесі» мекемесінің әкімшілік шаруашылық бөлімінің басшысы:
– «ЭКСПО-2017» көрмесі біздің елімізде алғаш рет өтіп отырған соң тарихи шараны көргіміз келді. Басшылық қолдау білдіріп, ару қала Астанаға «Қызылорда Су жүйесі» мекемесінен 25 адам келдік. Барлық елдің павильондарын тамашаладық. Әсіресе «Болашақтың энергиясы» деген ұранмен «Нұрлы Әлем» атты сферасы, яғни өзіміздің ұлттық павильонымыз қатты ұнады. Павильонның аумағы  5000 шаршы метр. Шар тәрізді ғимараттың 7 қабатында негізгі энергия түрлері: ғарыш, күн, биомасса, жел, су және кинетикалық энергия үлгілері көрсетілген. Ал ең жоғарыдағы сегізінші қабатта «Астана – болашақтың қаласы 2050» экспозициясын тамашалауға болады. Павильонда қазақ елінің тарихы және бүгіні мен болашаққа бағытталған жоспарларымен таныстық. Мәдени ойын-сауық бағдарламасы да жақсы өтуде. Сондай-ақ, әлем елдерінің түрлі тағамдарынан дәм таттық. Қалашықта 40-тан астам мейрамхана мен дәмхана жұмыс жасап тұр. Мұндай ауқымды шараны өткізу – ел мерейі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз