КҮРІШ ӨСІРУДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ

51

0

КҮРІШ ӨСІРУДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІБейсенбіде облыс әкімдігінің мәжіліс залында
Батыс және Орталық Азия елдері мүшелігімен құрылған Күріш ғылымын зерттеу және
Білім тарату орталығының кезекті ІІІ мәжілісі өтті.

Қызылорда облысы әкімінің
және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен Ы.Жақаев атындағы Қазақ
күріш шаруашылығы ҒЗИ ұйымдастырған жиынға Батыс және Орталық Азия елдерінің
күріш саласының білікті мамандары, ғалымдар қатысты. Атап айтқанда, Иран
парламенті білім тарату және зерттеу комитетінің вице-президенті Кучаки Неджат,
Батыс және Орталық Азия елдерінің аймақтық ғылыми-зерттеу және оқу орталығының
директоры Аббас Шахди, Филиппин халықаралық байланыс бөлімінің меңгерушісі
Джулиан Лапитан,сол сияқты Түркия, Әзербайжан, Тәжікстан елдерінің ғалымдары
болды.

Мәжілісті облыс әкімінің
орынбасары Серік Қожаниязов ашып, жүргізіп отырды. Өзінің кіріспе сөзінде Серік
Қожаниязов ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикамызда алар орны, оның ішінде
күріш өсірудің пайдасы жөнінде айта келе, Қызылорда облысының күріш өсіру
бағытында елімізде алатын орнына тоқталды.

– Құрметті мәжіліске
қатысушылар, мәртебелі меймандар, аймақ басшысы атынан Сыр өңіріне қош
келдіңіздер дей­мін! Бүгінгі шараның маңызы зор деп біле­мін. Елбасы
Н.Назарбаев елімізде ауыл ша­руа­шылығы кешенін дамытуды тапсырған болатын.
Мемлекет басшысының тапсырма­­сы­на сәйкес Сыр өңірінде ауқымды жұ­мыс­тар
атқарылуда. Аталған орталықтың құ­ры­луының да басты себебі осында екені
белгілі. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы өндірісі экономикамыздың маңызды
секторы болып табылады. Оның ішінде күріш саласына баса ден қойылуда. Күріш
шаруашылығы – Сыр елінің басты саласы әрі мақтанышы. Бұл салада 60 мыңға жуық
адам еңбек етуде. Күріш дақылы өңірімізде 81 мың гектар көлемде орналасқан және мұнан шыққан өнім
республика аумағын күрішпен толығымен қамтамасыз етіп отыр. Азия елдерінен
жетекші ғалымдардың келіп, осындай келелі басқосу өткізуі еліміздің халықаралық
аренадағы абыройы деп түсіне­міз, оған қоса бұл шараның маңызы зор. Өйткені,
халықаралық тәжірибені және жаңа технологияларды оқып үйреніп, өндірісте
қолдану ауылшаруашылық дақылымыз – күріштің жағдайын жақсартуға жол ашады деп
білеміз,– дей келе, мәжіліс жұмысына сәттілік тіледі.

Алғашқылардың бірі болып
сөз алған «Қаз­АгроИнновация» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Еркін Сәтенбаев
орталықтың мақсаттары­ның бірі жас мамандарды даярлау және олардың білік­тілігін
арттыру болып табылатынын, сонымен бірге, күріш өндіруде туындап отырған
мәселелерді шешуге бағытталғанын ай­­та келіп, осы орайда қол­ға алынған
жұмыстарға тоқ­талды. Сондай-ақ, ауыл ­ша­­руашылығы сала­сының ішін­­де кү­ріш
өндірісі әлем­­де кең таралғанын, ауыл ­­ша­руа­шылығын заманауи тех­нологиялармен
жаб­дық­тау уақыт тала­­бы екенін, әсіресе күріш өнді­руде жаңа техноло­гия­ларды,
жаңаша әдістерді қол­данудың маңы­зы зор
екенін баса айтты.

Сыр елі қашаннан күріш
өсірумен аты шыққан өңір. Сол дәстүр әлі күнге дейін өзінің жарасымды жалғасын
тауып келеді. Топырақтың тұздылығына қарамастан, Сыр диқандары күріштен жақсы
өнім алуда. Мәліметтерге сүйенсек, биыл шаруалар 81 мың гектар алқаптан өнім
жинауға кірісті. Несібесін жерден терген қауым үшін аталған жиынның берері мол
болмақ. Сыр елінде бас қосқан ға­лым­дардың мақсаты – әлем­де су тап­шылығы
қаупі төніп тұр­ғанда арқаны кеңге салмай, тіршілік нәрінің әр тамшысын үнемдей
отырып, егін шаруашылығын дамыту. Ал, халықаралық ғылыми-зерт­теу институтының
болжамы бойынша Батыс және Орталық Азия­да күріш өнді­ру көлемі 2035 жылға қа­рай
84 пайызға артпақ. Са­ла мамандары,
ғалымдар ең алдымен тұзға төзімді жа­ңа сорт­тарды өндіріске ен­гі­зу­ге көңіл
бөлу керектігін айтуда. Бұл бағытта Ы.Жақаев атындағы қазақ күріш шаруашылығы
ғылы­ми-зерттеу институты белсенді жұмыс жасауда. Институт директоры Серікбай
Өмірзақов биыл өндіріске жаңа сорттардың енгізілгенін мәлімдеді.

– Күріштен өнім жинаудан
әлемде 15 мемлекеттің қатарындамыз. Бізде
орташа есеппен гектарына 45-50 центнерден өнім жиналады. Біздін алдымызды орап
кетіп жатқан мемлекеттер жетерлік. Мәселен, Египет диқандары гектарына 95
центнерден өнім алса, Ресейде күріш жармасының орташа түсімі 70 центнерден
келеді. Сондықтан жаңашылдықты жатсынбай, жаңа технологияларды өндіріске енгізу
керек, – дейді Серікбай Өмірзақов. Жалпы,табиғи климаттық жағдай бойынша ресейлік мамандардың технологиясы мен
сорттары біздің өңірге келіңкірейді екен. Алайда институт басшысы өзіміздің
табиғи топырақ ерекшеліктерін ескере отырып, ғылы­ми зерттеулерді,
жетістіктерді енгізу басты мақ­сат болып табылатынын, институттың шығарған жаңа
сорттары біздің жерге бейім әрі потенциалдық мүмкіншілігі өте жоғары екенін,
мәселен, бүгінгі таңда 45-50 центнерден
өнім жиналса, алдағы уақытта әр гектардан60-70 центнерге дейін өнім
өндіруге болатынын айтады. Сондай-ақ, оның айтуынша, биыл облыс әкімінің
қолдауымен бюджеттен қаржы бөлініп,
соның негізінде жаңа КАЗИР-6 сорты облыс бойынша 65 гектар жерге егіліп,
250-300 тонна суперэлита тұқымын жинауға қол жеткізілгелі отыр.

Демек, күріш өсіруден халықаралық тәжірибесі бар
елдермен іскерлік байланыс орната отырып, олардың көшіне ілесу уақыт
талабы. Мәжіліс аясында шетелдік
ғалымдар үш күн бойы семинар-кеңестер өткізіп, шаруашылықтардың егіс алқаптарын
аралап, іс-тәжірибе алмасты.

Айнұр БАТТАЛОВА.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз