«Кселл» клиенттерге жақсы қызмет көрсеткені үшін Хрусталь гарнитура®   алды

54

0

«Кселл» клиенттерге жақсы   қызмет көрсеткені үшін   Хрусталь гарнитура®   алдыКлиенттерге сервистік қызмет көрсетудің жоғары деңгейі үшін  «Кселл» АҚ кезекті рет халықаралық құрметке ие болды.  Хрусталь гарнитура® конкурсында  «Кселл»  бірден екі номинацияда жеңімпаз атанды – «Клиенттердің өзіне-өзі қызмет көрсетуінің таңдаулы тәжірибесі»  және «Әлеуметтік желілерде клиенттерге қызмет көрсетудің таңдаулы тәжірибесі».   

Хрусталь гарнитура® – бұл 2005 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан Call Center Guru* кәсіпқойлар Қауымдастығының клиенттерге қызмет көрсету саласындағы таңдаулы тәжірибелерді номинациялау бағдарламасы. Осы жылы конкурсқа Ресейден, Украинадан, Қазақстаннан және Белоруссиядан келген 100-нан аса байланыс орталықтарының 270 жобасы қатысты, бұл саны жағынан конкурсты өткізудің соңғы 12 жылындағы рекордтық көрсеткіш болды.  

Конкурсқа қатысу үшін, кандидаттардан клиенттермен жұмыс жасау индустриясындағы табыстары туралы эссе жазу талап етілді. Таңдаулы жұмыстары бар кандидаттар 180 қатысушыдан тұратын шорт-параққа келіп түсті. Финалистердің тізімі жарияланғаннан кейін, байланыс-орталықтарының басқарушыларынан және жетекші менеджерлерінен құралған қазылар алқасы бақылау сапаларының және эссені қорғау бағаларының қорытындылары бойынша дауыс берді және 33 негізгі және бірнеше қосымша номинациялар бойынша бағдарлама лауреаттарының есімдерін анықтады. «Кселл» командасы екі негізгі номинация – сайтта өзіне-өзі қызмет көрсету және әлеуметтік желілерде қызмет көрсету бойынша таңдаулы ретінде анықталды.   

«Кселл» клиенттерге жақсы   қызмет көрсеткені үшін   Хрусталь гарнитура®   алдыИнтернетпен жұмыс жөніндегі топта және «Кселл» компаниясында контент-провайдер болып небары 6 адам жұмыс жасайды, олар күнделікті 6 ірі әлеуметтік желілерде «Кселл» компаниясының корпоративтік парақшаларындағы 370 мыңнан астам жазылушылармен байланыста болады және 15 жергілікті қазақстандық форумдарда жауап береді. Корпоративтік парақшаларда пайдаланушыдан келіп түскен сауалға жауап беру  15 минутқа дейінгі уақытты құрайды, бұл ретте 74%-дарда мамандар 10 минутқа жетпейтін уақытта сауалдарды өңдеуді бастайды. Тәулігіне бұл топ, орташа, желі сапасының мәселелері бойынша, көрсетілетін қызметтер және өнімдер бойынша абоненттердің 400 сауалдарын өңдеп үлгереді. Бұған сонымен бірге оларға клиенттердің өзіне-өзі қызмет көрсету құралдары – Kcell және activ-навигаторлары, компанияның ресми сайттарындағы жеке кабинеттер, MyActiv, MyKcell мобильдік қосымшалар, сонымен қатар Kcell және active сайттарындағы виртуалдық кеңесшілер көмектеседі. Сонымен қатар, виртуалдық кеңесшілер орташа есеппен «тірі» операторлардың жұмысын 70%-ға жеңілдетеді, бұл ретте абоненттердің сайттарға ағыны компанияның ресми сайттарына барлық келушілердің  40%-нан көбіне ұлғайды.    

«Хрусталь гарнитура® беделді сыйлығындағы екі еселік жеңіс – бұл біздің компаниямыз өз абоненттеріне ұсынатын сервистің жоғары деңгейін халықаралық деңгейде дәлелдейтін айтарлықтай жетістік. Интернетпен жұмыс жөніндегі топқа бастамашылдықтары, белсенділіктері және өз жұмыстарына сүйіспеншіліктері үшін алғысымды білдіремін. Олардың осы қасиеттері бізді осындай жоғары кәсіби құрметке жеткізді. Біздің компаниямыздың негізгі құндылығы әрқашан біздің клиенттеріміз болып табылады. Сондықтан әлемдік деңгейдің ең жоғары стандарттары бойынша оларға сервистік қызмет көрсету біздің  бизнес  стратегиямыздың негізгі аспекті болып қала береді», – деп атап өтті «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры Арти Отс.  

Естеріңізге саламыз, 2015 жылдың қарашасында «Кселл» Қазақстандағы бірінші мобильдік оператор атанды. Байланыс Орталықтарын Сертификаттаудың Халықаралық Институтында клиенттерге қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерін және аудитті тәуелсіз кәсіби сертификаттаудан өте отырып, халықаралық стандарттағы байланыс-орталық мәртебесін алды.  «Кселл» компаниясының абоненттерін қолдаудың сервистік қызметі осы Институттың сертификатын алған Орталық-Азия өңіріндегі бірінші болды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз