КӨШ БАСЫНДАҒЫ АУДАННЫҢ КЕЛЕШЕГІ КЕМЕЛ

156

0

КӨШ БАСЫНДАҒЫ АУДАННЫҢ КЕЛЕШЕГІ КЕМЕЛ  Сырдария ауданы
– соңғы жылдар бедерінде әлеуметтiк-экономикалық  даму бойынша аудандар арасында көш бастап
келеді. Былтыр облыста барлық сала бойынша қара үзіп, ең үздік аудан атағына ие
болды.  Әкімнің жұмысы алдымен елдің
әлеуметтік жағдайымен есептеледі. Бүгінгі ел тынысы ауданда серпінді  тірліктің бар екендігін көрсетіп тұр.

 
Өткен жылы
Сырдария ауданының диқандары мемлекет тарапынан көрсетілген көмектің арқасында 29453 гектар жерге
ауыл шаруашы­лы­ғы дақылдарын орналастырды. Оның ішінде, 20007 гектарға күріш
егіліп, әр гектардан орташа 55 центнерден өнім алды. Биылғы жылдың егісіне
қа­жетті сапасы жоғары 5500 тонна күріш тұқымының қоры әзірленіп, бүгінде себу
жұмыстары басталып кетті. Сонымен бірге мал шаруа­шы­лығын өркендетуге де баса
мән беріліп келеді. Бірнеше мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр.
Мәселен, «Сыбаға» бағдарламасы аясында 412 бас мал сатып алы­нып, көрсеткіш 158
пайызға орындалды. «Алтын асық», «Құ­лан» бағдарламалары бойынша Қоғалыкөл,
Іңкәрдария ауыл­дары­ның шаруа қожалықтары 420 бас қой, 160 бас жылқы алып
жұмыс жасауда.
Қой жылының
басты жаңалығы әрі ауқымды жобасы – «Шаған Жер» серіктестігінің қуаттылығы 3000
басқа арналған мал бордақылау алаңы. Аудан әкімінің бастамасы негізінде қолға
алынған алып жобаға облыс әкімі Қ.Көшербаев қолдау білдіріп, «ҚазАгроӨнім» АҚ
арқылы қаржыландырылатын болды. Бүгінде барлық жобалық-сметалық құжаттары
айқындалып, құрылыс жұмыстары мамыр айы­нан бастап қолға алынады. Өн­ді­рілген
бордақы малдың еті Қы­зылорда, Байқоңыр, Алматы, Аста­на қалаларын қамтамасыз
етіп, Ре­сейге экспортталатын болады. Со­нымен қатар, «Қызылорда ет-сүт өңдеу
орталығы» ЖШС-мен біріге отырып жұмыс жасайды. Аудан әкімі күзде облыс
орталығын сүт өнімдерімен қамтамасыз ететін жеткізді.
– Салық базасын
көтеруде біз­дер бірлескен іс-қимылдың арқа­сында жыл көлемінде аудан бюд­жетінің
кіріс бөлігін 776 млн. теңгеге арттырып, 6,5 млрд. тең­геге жеткіздік. Аудан
бюджетінің өз түсімдері 2014 жылы 5,2 млрд. теңгеге орындалып, 136 пайызға
өсті. Ал 2015 жылға арналған ау­дандық бюджетті, жоғары тұрған бюджеттерден
трансферттерді есеп­­­темегенде, 2014 жылға бекі­тіл­ген бюджеттен анағұрлым
арт­­тыр­­дық, – дейді Ғанибек Қоныс­бек­ұлы.
Өткен жылы
аудан экономи­касына 40 млрд теңгеге инвес­ти­­ция тартылып, 179 пайызға орын­­далған.
Ал, баспана мәселесі бой­­ынша 12 мың шаршы метр тұр­ғын үй салынып, ол 138
пайызға ұлғайған.
Ауданда
«Ақбұлақ» бағдарла­масы бойынша да бірқатар ша­ралар жүзеге асты. Мәселен, Бес­арық,
Аманкелді, Ақжарма, О.Мә­­­лі­­­­баев елді мекендерінің ау­ыз су жүйелерін
қайта құры­лым­дау жә­не кеңейту жобаларына рес­пуб­ликалық және аудандық бюд­жет
есебінен барлығы 922 млн теңге бөлініп игерілген.
Биылғы жылы
Бесарық, Аман­келді, Ақжарма ауылдарындағы су жүйелерін қайта құруды және
кеңейтуді аяқтауды жоспарлап отырмыз. С.Сейфуллин ауы­лын­дағы тұтынушы тұрғын
үй­лер­­ге су желісін жеткізу үшін рес­публикалық бюджеттен қар­жы бө­лінді.
Сонымен қатар бес елді мекен бойынша, республи­калық бюд­жеттен қаржылан­ды­руға
жұ­мыс жасалуда. Өткен жылы ау­дан­дық маңызы бар жолдарды кү­тіп ұстауға,
кенттің 14 көшесін орташа жөндеуге, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге
жергілікті бюд­жеттен 230 млн теңге бөлініп, жұ­мыстар толығы­мен
аяқталды,  дей­ді аудан әкімі. 
Аудан
орталығында қарқынды құрылыстар көп. Соның бірі жолау­шыларға сапалы қызмет
көрсете­тін жаңа автовокзал ғимараты. Бүгінде құрылыс жұмыстары жүріп жатқан
автовокзал биылдан бастап пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, Тоқтыбаев көшесінің
басынан Әйтек каналына көпір салынады. Бұл жоба өз кезегінде Әйтек ка­налының
сол жағалауын игеріп, онда тұрмыстық, әлеуметтік ны­сан­дарды салып, халықтың
сол жа­ғалауға қарай қоныстануын қам­­тамасыз етеді. Тереңөзектегі 8 кө­шеге,
Шаған, А.Тоқмағанбетов, Қалжан ахун, Жетікөл ауылда­рын­дағы көшелерді орташа
жөн­деуге, жергілікті маңызы бар 148 шақырым автомобиль жолдарын ағымдағы
жөндеу мен күтіп ұстау жұмыстарына 294 млн. теңге қар­жы бөлініп отыр.
 «Батыс
Еуропа – Батыс Қы­тай» автожолы бойынан сервистік көліктік-логистикалық орталық­тар
құруға байланысты Шаған, Ақжарма елді мекендері тұсынан, құны 682 млн теңгені
құрайтын 2 қызмет көрсету кешенін салу жұмыста­ры жүргізілуде.
«Жұмыспен
қамту-2020» бағ­­­дар­ламасы аясында өткен екі жылда 302 адам 572 млн теңге
несие алса, облыс әкімінің «Ақниет» бағдарламасы бойынша 57 адам «Лукойл» мұнай
ком­пания­сының 27 млн теңге қай­тарым­сыз грантының иегері атан­ды. Бүгінгі
таңда ауданда кә­сіп­керлікті қолдауда аталған бағ­дарлама өз нәтижесін беруде.
«Бар­лық істі атқаруға аудан бюд­же­тінің мүмкіндігі келе бермейді. Сондықтан
бізге сыртқы көздердің қаржысын ауданға бағыттауға тура келеді. Ауданға
инвестициялардың барынша мол құйылуы үшін аймақ­та тиісті инфра­құрылым болуы
қажет. Осы орайда, Тереңөзек кен­тінде индустриялық аймақ құру үшін жалпы
көлемі 20 гектар
жер учаскесіне респуб­ли­калық бюджеттен қаржыландыру жұмыс­тары жүргізілуде» –
дейді Ғанибек Қонысбекұлы. 
Сырдария
ауданында жұмыс­сыздық жоқтың қасы. Өткен жылы ауданда 847 жұмыссыз ақылы қо­ғамдық
жұмыстарға тартылып, 967 адам тұрақты жұмысқа орна­ласты. 875 жаңа жұмыс
орындары ашылды. Ауданда 15 рет «Бос жұ­мыс орындары» жәрмеңкесі өткі­зіліп,
соның арқасында 244 адам жұмысқа тұрды. Оның 178-і жастар. Ал жуырда өткен «Бос
жұ­мыс орындары» жәрмеңкесінде бес жүзге тарта адам жұмысқа орналасты.
Аудан аумағында
орна­лас­қан мұнай компанияларымен екі жақты бірлескен жұмыс нәтижесінде,
жоғары оқу орнында оқитын, тұрмысы төмен отбасы­лары мен жартылай жетім 37 сту­денттің
оқу ақысы мұнай компаниялары есебінен төленіп келеді. Ау­дан­да 46 білім ошағы
бар. Өт­кен жылы бұл аймақтан ҰБТ-ға мектеп бітіруші 411 оқушының 297-сі
қатысты. Олардың арасында төрт оқушы «Алтын белгіге» ие болды. 
Облыс әкімі­нің
келісімімен С.Сейфуллин ауылындағы бала­бақ­ша құрылысы жергілікті бюджет
есебінен салынып жатыр. Сондай-ақ Тереңөзек кенті мен Қоғалыкөл, Қалжан ахун
ауыл­дарында қараусыз қалған ғима­раттарды балабақшаға лай­ық­тап қайта
жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Тереңөзек кентіндегі №6 бала бақша ғимараты
күрделі жөндеуден өтіп, жылу жүйесі қай­та жаңғыртылмақ. Облыс әкімі­нің
тапсырмасына сәйкес «Жа­лын» тынығу лагеріне аудандық бюджеттен 64 млн. теңге
қаржы бөлініп, нысанды жыл бойы жұ­мыс жасату үшін қазандық пен жылу жүйесі
жүргізілуде. Нәти­жесінде, оқушылар Ұлттық бірың­ғай тес­тілеу мен пән олимпиа­даларына
дай­ындалуға мүмкіндік алады. Ал спортшылар үшін спорт базасына айналады. 
Биыл Шіркейлі
ауылындағы 600 орындық, Шаған ауылындағы 900 орындық жаңа білім ордалары
пайдалануға беріледі. Ескі мектеп ғимараттары қайта жаңғыртудан өтіп, қосымша
білім беру бағдар­ла­масына сәйкес балабақша, спорт және әуез мектептері
ашылатын болады. Аудандағы шаруашылық құрылымдарымен бірлесе оты­рып,
агро-техникалық колледжде кәсіпкерлікті дуальды оқыту жүріп жатыр. Облыс
әкімінің қолдауымен колледж студенттері өткен жылы қайта жаңғыртудан өткен 68
орынды жатақханамен қамтамасыз етілген.
Сондай-ақ
ауданның денсау­лық сақтау саласында да ілгері­леушілік байқалады. Бұл аймақта
19 емдеу, алдын алу мекеме халыққа медициналық қызмет көрсетеді. Облыстық
бюджет есе­бінен аудандық ауруханаға жөн­деу жұмыстары жасалынған. Шір­кейлі
ауылында жаңа дәрігерлік-амбулатория пайдалануға беріл­ді. Аймақ басшысы өткен
жылы ауданға 4 арнайы жедел жәрдем автокөліктерін бе­р­ді. Аудан бойынша,
балалар­­ды денешы­нықтыру және спортқа тартуда 108 спорттық нысан жұмыс
жасайды.
Ауданның мәде­ни
өмірі де игі жаңалықтарға то­лы. Елді мекендерде барлы­ғы 35 мәдениет мекемесі
ха­­лық­қа рухани қызмет көрсетеді. Былтыр 931 мәдени шара өт­кізілген.
Мәдениет үй­лері мен ауыл клубтарында 82 үйірме жұмыс жа­сайды. Өткен жылы
ұйымдасты­рыл­ған шаралардың дені Қазақ­стан және КСРО Ха­лық артисі Сәбира
Майқанованың 100 жыл­дық мерейтойы аясында өтті.
Ауыл мәдениетін
дамыту да басымдық ретінде қала береді. Бұған облыстық бюджеттен С.Сейфуллин,
Іңкәрдария ауыл­дарындағы салынып жатқан клуб үйлері дәлел. Дәл сондай мәдениет
ошағы жергілікті бюджет есебінен Айдарлы ауылында да салынатын болады. Жақында
Тереңөзек кен­тін­дегі орталық кітапхананы қай­та жаңғыртудан өткен ғимаратқа
көшіру жұмыстары аяқталады. Сон­дай-ақ Ұлы Жеңістің 70 жыл­­ды­ғына орай елді
мекен­дер­дегі «Тағзым» алаңдары да толық жөн­деледі.
Былтыр
Тереңөзек кентінде аймақ басшысы Қырымбек Кө­шербаевтың қолдауының арқа­сында
тұрғындар 30 пәтерлік үйге қол жеткізіп, қоныс тойын тойлады. Биылғы жылы
кентте екі және үш бөлмелі 10 тұрғын үйдің құрылысын жүргізуді бастамақ.
Сонымен қатар, кентте «Салтанат сарайы» бой көтереді.
– Елімізде
жүргізілген сын­дар­лы сая­саттың нәтижесінде дер кезінде әлемде болып жатқан
дағ­да­рысқа шара­лар қабылданып, эконо­мика тұрақтылығы сақ­талды. Соның
арқасында біз салық база­сын көтеруде, іс-қимыл арқасын­да жыл көле­мінде Сырда­рия
ауда­ны бюджет­тің кіріс бөлігін 776 млн тең­геге арттырып 6,5 мил­лиард тең­геге
жеткіздік, – дейді аудан әкімі.
Жалпы,
аудандағы атқарылып жатқан жұмыс өнімділігін әртүрлі өлшемдер бойынша бағалауға
болады. Оның әуелгісі халықтың әлеуметтік жағдайы екенін ай­тып өттік. Одан
кейінгі кезекте ауыл шаруашылығы, мал саны, құрылыс қарқыны, инвестиция көлемі
тұр­са керек. Осы өлшемдерге бар­лық жағынан жауап берген Сыр­дария ауданының
әкімі Ғани­бек Қонысбекұлы Қазантаев бола­шақ­­тың еншісінде бұдан да биік
белес­терді бағындыруды қалай­тынын айтты.
 
Нұрбек
ДӘУРЕНБЕКОВ.
Сырдария
ауданы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз