Көшербаев шыны зауытын іске қосу уақытын атады

46

0

Көшербаев шыны зауытын іске қосу уақытын атады Бүгін Астанадағы бейресми кездесуде Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша қыруар қаржысы ұрланған шыны зауытын іске қосу мерзімін атады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ағымдағы жылы күзде, бәлкім, қазанда немесе қараша айында шыны зауытын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұқаралық ақпарат құралдарынан оқыған шығарсыздар, бас мердігерге қатысты қылмыстық іс қозғалса да, аталған кәсіпорында негізгі құрал-жабдықтардың бәрі бар. Мен ойлаймын, «Бәйтерек» ұлттық xолдингі, Инвестициялық қор, Қазақстанның Даму банкі және инвестормен бірлесіп, ол зауытты қазанда, ары кетсе, қараша айында іске қосамыз. Себебі ондай өндіріс облысқа ғана емес, ел экономикасына да ауадай қажет», – дейді Көшербаев.
Айта кетейік, Ұлттық экономика министрлігінің бұрынғы басшысы Қуандық Бишімбаев «Бәйтерек» ұлттық басқарушы xолдингіне жетекшілік еткен кезде 1 млрд. теңгені жымқырды деп айыпталып отыр. Тергеу материалдарына сәйкес, қылмыстық топ ұрлаған қаржысын «Orda Glass» ЖШС мен оған қарасты «Шымкентхиммонтаж» ЖШС арқылы қолма-қол ақшаға айналдырып, оны жұмысшылардың тамағы мен жатын орнына төлейміз деген желеумен қалтаға басып отырған.     
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз