КӘСІП АШСАМ ДЕП ЕДІМ…

166

0

КӘСІП АШСАМ ДЕП ЕДІМ...Облыстық кәсіпкерлер палатасы қызметкерлері жергілікті кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаумен қатар, оларға ақыл-кеңес беруде. Өткен жылдың өзінде палатаға бизнес өкілдерінен 251 өтініш түсіп, оның   103-і өз шешімін тапты. Сондай-ақ, 200-ге жуық кәсіпкердің құқығы қорғалып, оларға келтірілетін 200 млн теңгеден астам шығын қайта қалпына келтірілді. 
Бүгінде кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қам-тамасыз ету және қорғауды жедел әрі жүйелі шешуге негізделген палатаның негізгі диалог алаңы Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес болып табылады. Палатаның Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына «Ауылдан жеке балабақша ашқым келеді. Осыған байланысты мемлекеттік қолдау түрлері туралы кеңес бересіздер ме?» деген сауалдар жиі қойылып жүр. Аталған сұраққа және ауылдық елді мекенде басқа да кәсіппен айналысу үшін қандай жұмыстар атқару керектігі жөнінде облыстық кәсіпкерлер палатасының кеңесшісі Айгүл Төлекова толыққанды жауап беріп, балабақша ашуға ниет білдірушілерге өз кеңесін берді.
Ауылдық елді мекендерде қандайда бір кәсіп ашу үшін өзіне тиісті мемле-кеттік қолдау бағдарламалары жө¬нін¬де ақпаратты облыстық кәсіпкерлер -палатасынан алуға болады. Алдымен сіздің осыған дейін жеке кәсібіңіз болмаса, мемелекеттік бағдарламаларға қа¬ты¬сып, несие алу үшін бизнес бас¬тамаларына үйрету мақсатында ұйым¬дас¬тырылатын  2 күндік тегін «Бизнес-кеңесші» курсын оқуыңыз қажет. Бұл курста сізге кәсіпкерліктің негізгі ұғы쬬дарын, кәсіпкерлікті бастау жолдарын түсіндіреді. Сонымен қатар, сізге бизнес-тренелерден кәсіпкерлікті бастауға қатысты өзіңізді толғандыратын сұрақтардың барлығына толық жауап алуға мүмкіндік болады. 
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында, бастауыш кәсіп-керлерді 20 млн теңгеге дейін несие¬лендіру қарастырылған. Оның талаптары бойынша бизнес-жоспарға сай өз жобаңызға қажетті қаржының 15-30 ¬пайызын банк депозитіне кепіл ретінде салуыңыз қажет. Себебі, бастауыш кәсіп¬керлер үшін кепіл тек ақшалай нысанда ғана алынады. Кейін несие толық жабылған соң, бұл қаржы өзіңізге қайта¬рылады. Кейбір банктердің ішкі саясатына сәйкес, кепіл ретінде жылжымайтын мүлікті де қабылдайды. 
Бағдарлама бойынша несиені субсидиялау ауыл тұрғындары үшін 10 пайызды құрайды. Яғни, бұл ретте сіз несиені 9 пайызбен төлейсіз деген сөз. Субсидиялау 3 жылға дейін беріледі. Үш жылдан соң тиісті құжаттар тапсырып, субсидиялауға өтініш білдірсеңіз, тағы 3 жылға дейін созуға мүмкіндігіңіз бар. Сонымен қа¬тар, егер кепіл сомаңыз жеткіліксіз бол¬ған жағдайда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының облыстық ¬филиалы арқылы жетпей тұрған сомаңызға кепіл¬дендіру алуыңызға болады. Ол үшін ¬банк¬ке құ¬жаттар тапсырған уақытта кепіл¬ден¬діруге қосымша өтініш бересіз. 
Бағдарлама бойынша алған несиеңіз¬дің 70 пайызы негізгі құралдарды, ал 30 пайызы айналым құралдарын алуға жұмсалуы тиіс. Тағы бір ескерте кететін мәселе, бағдарлама бойынша алынған  несие сіздің есепшотыңызға түспейді. Ол қаражат бизнес-жоспарда көрсетілген құрал-жабдықтарды сатушының есеп-шотына түседі. Ал сіз бірден тиісті құрал-жабдықтарды аласыз. Бағдарлама бойынша несиелендіруді екінші деңгейдегі банктер жүзеге асырады. Сондықтан не¬сие¬лендіру бойынша шешімді банктер қа¬былдайды. Осы орайда сіздің несие та¬рихыңыздың таза болуының маңызы зор. 
Ауылдық елді мекенде балабақша ашқаннан кейін «Балапан» бағдарламасы аясында әр балаға 24280 теңгеден мемлекеттен қайтарымсыз субсидия алуға болады. Аталған бағдарлама 2020 жыл¬ға дейін жалғасын табады. Сонымен қатар, облыстық кәсіпкерлер палатасы бухгалтерлік және салық есептілігін жүргізу, статистикалық есептілікті жасау, кеден рәсімдері бойынша, кәсіпкерлердің және кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғын¬дардың өтінімдерін сүйемелдеу, заң қыз¬меттері, маркетинг сұрақтары бойын¬ша, ақпараттық технологиялардың қызмет көрсетуі саласында кеңес беру қыз¬меттері, мемлекеттік сатып алулар, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын қолданушылардың сатып алулары бойынша қызметтерді жүзеге асыруда қолдау көрсетеді.
Жұмыспен қамтуды және ¬жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жыл-дарға арналған бағдарламасы аясында кәсіпкерлік дағдыға үйрету жобасы бойынша шағын несие алуға да мүмкіндігіңіз бар. Бірақ ол үшін жобаңыз аудандық кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасына енуі қажет. Сондай-ақ, аталған бағдарламаның талабына сай арнайы оқу курстарын оқу міндетті. Сіздің жобаңыз бойынша шағын несие – 1200-1400 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде беріледі.
Кенжетай ҚАЙРАҚБАЕВ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз