КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ КАРТАСЫ өңірлік жобаларға серпін береді

50

0

КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ КАРТАСЫ өңірлік жобаларға серпін бередіЕлімізде жүзеге асырылып жатқан индустрияландыру
саясаты – дағдарысты еңсеру­ге жасалған басты қадам. Ол ел экономикасына ғана
емес, әлеуметтік ахуалға да оң әсерін беріп келеді. Берік ұлттық қауіпсіздік,
жаңа жұмыс орындары, бәсекеге қабілетті экономика және өңірлердің дамуы – бұл
индустрияландырудың басты жетістіктері.

– Сыртқы факторлардың жағдайын теріс­тігін азайту үшін
экономиканы әртараптандыру қажет екенін біз білдік. Сондықтан, индустрияландыру
бағдарламасын әрі қарай жүзеге асыруды белсенді түрде жалғастыруымыз керек, –
деген болатын Елбасы Н.Назарбаев индустриялық-инновациялық бағдарламаның
бірінші жылын қорытындылаған сәтте.

Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының
берген мәліметтеріне сәйкес, Индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығы
аясында Қызылорда облысында құны 387,7
млрд теңгені құрайтын 50 жоба іске асырылып, оның нәтижесінде 5 мыңнан аса
жұмыс орны құрылуы күтілуде. Соның ішінде Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасы
шеңберінде құны 351 млрд теңгені құрайтын 49 жоба жүзеге асырылып, 4,7 мың
жұмыс орны құрылады деп болжануда. Ал биылғы жоспар бойынша Өңірлік кәсіпкерлік
картасы аясында инвестиция көлемі 2 млрд теңгені құрайтын, іске қосылғанда 351
жұмыс орнын қамтамасыз ететін 8 жобаны жүзеге асырылу жоспарланған. Бүгінде
оның үшеуі іске қосылғанын атап өту қажет.

Оның біріншісі
«Газ трейд» ЖШС-ның газбен жабдықтау станциясы. Қызылорда қаласында орналасқан,
құны 300 млн теңгелік станция жылына 3,4 млн текше метр газ құюға қауқарлы. Ол
биылғы наурыз айында іске қосылып, бүгінде 27 адамды жұмыспен қамтамасыз етуде.
Келесі іске асырылған жоба – «Retail A-A» ЖШС-ның нан және нан өнімдерін шығару
кәсіпорны. Облыс орталығында ашылған, құны 30 млн теңгелік кәсіпорында 30 адам
еңбек етуде. Мұнда жылына 564 тонна нан өнімдері шығарылады. Соңғы іске
асырылған жоба Арал ауданындағы «Берекет» ШҚ-ның ет және ет өнімдерін өндіру
цехы. Жоба құны 38,3 млн теңге. Осында жұмыспен қамтылған 9 адам цехтың жоба
қуаты бойынша тұтынушыларға жылына 500 тонна ет пен 96 кг тұшпараны жөнелтіп
тұруы тиіс.

Ал енді жыл соңына дейін жүзеге асырылатын жобаларға
шолу жасап шығалық. ІІІ тоқсанда іске қосылуы жоспарланған «Аралтұз» АҚ ас тұзы
өндірісі жобасының құны 1,3 млрд теңге. Жоба қуаттылығы жылына 108 тонна болса,
жаңа жұмыс орындарының саны 200 адам. Сырдария ауданындағы «Дәулет» ЖК-ның
«Кірпіш зауытын кеңейту» жобасы да үшінші тоқсанда жұмысын бас­тайды деп
межеленіп отыр. Мұнда жылына 5,2 млн дана кірпіш шығарылатын болады және 17
адам жұмыспен қамтылады. Жобаға 12,1 млн теңге көлемінде қаржы жұмсалған.
Жүзеге асырылатын келесі жоба да құрылыс бұйымдарын шығаруға арналған. Шиелі ау­данындағы
«KazChinNur» ЖШС-ның «Құ­рылыс бұйымдарын шығару зауытының құ­рылысы» жобасының
құны 150 млн теңге. Осы қаржы күшімен іске қосылатын кәсіпорында 45 адам жылына
150 мың тонна құрылысқа қажетті бұйымдарды шығарып тұратын болады.

Жалағаш ауданында іске қосылуы тиіс келесі жоба «Сыр
Арна» ЖШС-на тиесілі. Серіктестік күшімен «1000 басқа арналған қаз фермасы»
құрылады. Жоба қуаты бойынша аталған фермада жылына 12,2 тонна қаз еті, 400 кг қаз мамығы, 300 кг қаз бауырын өндіру көзделуде.
Жобаны жүзеге асыруға 31 млн теңге жұмсалатын болса, осында 8 адам еңбек
етпек. Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау
картасы аясында ағымдағы жылдың соңында жүзеге асырылады деп межеленіп отырған
соңғы жоба «Искер-М» ЖШС-ның мұздатылған аса тәтті жүгері өндірісі. Тәтті
жүгері Қызылорда қаласында өндірілмек. Өндірістің жобалық қуаттылығы жылына 120
тонна тәтті жүгері. 17,4 млн теңге қаржы жұмсалатын өндірісте жұмыс істейтін
адам саны – 15.

Көріп отырғанымыздай, жобалар әртүрлі саланы қамтиды.
Десе де, оның ішінде басым бөлігі азық-түлік, ет өнімдерін шығаруға
бағытталғаны қуантады. Алайда, кәсіпкерлеріміздің агроөнеркәсіп саласында
қомақты жобаларға тәуекел етуі әлі де болса төмен екенін мойындауымыз керек.

Құрылыс заттарын шығарудың арта түсуі­не өңірде
құрылыс жұмыстары көбеюінің, тұрғындардың баспаналарын жаңалауға бет бұруы,
кәсіпкерлік нысандар қатары арта түсіп, құрылыс заттарына сұраныс көлемі өсуі­нің
ықпалы болса керек. Құрылыс бұйым­дарының сан алуан түрі бар. Солардың арасында
жыл өткен сайын аймағымызда жасалып шыққандарының үлесі арта берсе дейміз.
Қысқасы, қай салада болмасын жергілікті өнім көбейе бергені абзал. Өңірлік
кәсіпкерлікті қолдау картасы осындай жобалармен толыға бергенін қалаймыз.

Ы.ТҰРЛЫҒҰЛОВ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз