ҰЛАҒАТ ЖОЛЫ

189

0

Орта Азия аймағына ислам дінін жеткізіп, таратушы болып араб елдерінен келген діни ғұламалардың үлкен тобы – Әбдірахым баб, Ысқақ баба (Баба ата) және Әбдіжәлел бабтың (Хорасан ата) есімдері ерекше аталады.
Пайғамбарымыздың күйеу баласы, әрі немере інісі Әзірет Әлінің сегізінші ұрпағы саналатын Ысқақ баб пен Әбдіжәлел бабтың әкесі Әбдірахман баб Шам шаһарының (Дамаск қаласының) патшасы болған. Ол дүниеден өткен соң тағына мұрагер деп үлкен ұлы Ысқақ баб отырғызылды. Ал, Әбдіжәлел баб – Бағдаттың патшасы еді. Дін жолында тақтан бас тартып, Алатаумен түйісетін қарт Қаратау өңірі ме Сыр бойын жағалап, Өзгент, Баршынкент, Жалтірсек, Жаркент қалаларын аралап, Сейхун дарияның сол жағалауы – Қызылқұм өңірінде Тотықұс аралына (қазіргі Жаңақорған ауданы аймағы) келіп мекендейді.
Ысқақ баба – Қаратау өңірі, Созақ аймағында өмір сүрген. Ол Қожа Ахмет Иассауидің он үшінші атасы. Мұхаммед ибн аль-Ханафия әулетінен, пайғамбарымыздың қызы Фатимадан туған ұл – Әл Хусейіннен тарайтын діни қайраткер. 
Осылайша, Әбдіжәлел баб (Хорасан Ата) Сыр бойында ислам дінінің туын тіктеп қадады. Пайғамбарымыздың өсиетін орындап, айналасындағы жұрт¬шылықты дінге үгіттеп, оны ұстанушылар қатарына кіргізіп, оның насихатшысына әрі атақты абызына айналды. Ислам дінінің білгір әулиесі деңгейіне көтеріледі, мойындаған «баб» деген аса жоғары діни атақты иемденіп, жұртшылыққа теңдесі жоқ данышпан ғұлама ретінде танылады.
Осыдан бір мың бір жүз он сегіз жыл (1118 жыл) бері ¬Хора¬сан ата рухына тағзым жасалып, өнегелі, игілікті істері ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Жаңақорған аумағында баба кесенесінде жыл сайын Наурыз мерекесінің екінші күнінде, яғни, 23 наурыз бабаны ұлықтаған күн болып белгіленген. Әр өңірдегі баба ұрпақтарының белгілі бөлігі, құран бағыштап ас береді.
Биыл Отырар ауданындағы Көксарай ауылындағы ағайындар арнайы ұйымшылдық көрсетті. 
Бұл киелі мекенге аптасына жүздеген зиратшылар келеді. Туристік-зиратшылар Арыстанбаб – Қожа Ахмет Иассауи – Әбдіжәлел Баб – Хорасан Ата – тарихи орындарына – Отырар – Түркістан – Жаңақорған бағыттарында автобустар қатынайды. Туризм бағытында да жұмыстар қолға алынуда.  
Мұнда белгілі тұлғалар отырғызған ағаш аллеясы бар. Бұл күнде қоғам қайраткерлері Сейілбек Шаухаманов, жазушы Қасым Қайсенов, ақын Қадыр Мырза Әлі, Әділхан Нұршайықов, Мұрат Жұрынов, Мұрат Әуезов, Бердібек Сапарбаев, Қырымбек Көшербаев, Мұхтар Құл-Мұхаммед, Дархан Мыңбай, Әлихан Байменов, Ержан Уәйіс, Руслан Рүстемов, Досхан Жолжақсынов, Көпен Әмірбек, Шәмші Пәттеев, Роза Әлқожа, сенаторлар Мұрат Бақтиярұлы, Бекмырза Еламанов, ¬Зинабдин Шермағамбетов, т.б. еккен ағаштар көгеріп, бүршік жаруда. 
Биылғы басқосуға Өзбекстан, Қарақалпақстан, Орынбор, Омбы, Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Павлодар, Ақтөбе, Семей, Тараз, Шымкент, Түркістан, Жетісай, Шардара, Отырар және Қызылорда қалалары мен аудандарынан екі жарым мыңнан астам қонақ, баба ұрпақтары қатысты. 
«Әбдіжәлел баб – Хорасан ата» қоғамдық қорының прези¬денті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Уәйіс биылғы бас қосудың маңыздылығы, қазақ даласында Ислам дінінің қалыптасып, өркен жаюы туралы баяндады. Хорасан Атаның тарихтағы орны жайында әңгімені өрбітті.
Қоғам қайраткері Сейілбек Шаухаманов, ¬Парламент Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы, Қорқыт ата атындағы университет профессоры Қазыбай Құдайбергенов, дінтанушы профессор Мұхидин Иса, жазушы Көпен Әмірбек, Құдияр Біләл, Есенғали Раушанов, Аманхан Әлім, ақтөбелік кәсіпкер Төрехан Жәдігеров, Мұхит Исмайлов, шымкенттік Әнуар Сейтжанов, Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары Серқожа Ыдырысов, абыз ақсақал Ибадулла Байғожин сөз сөйледі.
Ұлттық Ғылым академиясы президенті Мұрат Жұрынов, қоғам қайраткерлері Мұрат Әуезов, Әлихан Байменов, Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтан келген құттықтау жедел хаты оқылды. «Ысқақ баб» Қоғамдық қорының президенті Молдахмет Әшімов баба кесенесі салынған картинаны табыстады.
Дін ғұламалары исламның ролі туралы келелі әңгімелер айтты. Баба кесенесі электр жарығымен жарықтанған. 30 шақырым жерге асфальт жол төселді. 
Журналист Ержан Уәйістің құрастыруымен жарыққа шыққан «Қазақ даласында Ислам дінінің қалыптасып, өркен жаюы» тақырыбында кітапша таратылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз