ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ БОЙЫНША ЖҰМЫСШЫ ТОП ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

51

0

Кеше облыс әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемовтің төрағалығымен қазақ әліпбиінің жаңа графикасын жасауға ұсыныс беру мақсатында құрылған жұмысшы топтың отырысы өтті.
Жұмысшы топ отырысының мақсаты – қазақ тілінің латын қарпіне негізделген бірыңғай стандартының жобасына байланысты өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салу.
9 қазан күні Мемлекет басшысына қоғамдық талқылаулар барысында келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып, әзірленген Қазақ тілінің латын қарпіне негізделген бірыңғай стандартының жобасы ұсынылды.
Осыған орай, жұмысшы топ мүшелері бас қосып, латын қарпіне көшудің ел болашағы үшін маңызды қадам екендігін тілге тиек етті. Жиын барысында филология ғылымдарының докторы, профессор Ж. Сәдуақасұлы, Б. Кәрібозұлы және филология ғылымдарының кандидаты А. Абасиловтар латын қарпіне қатысты ұтымды ойларын айта отырып, жаңа әліпбиге көшу – кемел келешекке бастайтын дара жол екендігін алға тартты.
Отырыс соңында филолог-ғалымдар Елбасы саясатына қолдау білдіріп, латын әліпбиін қоғамға насихаттау жұмыстарына белсене атсалысатындықтарын жеткізді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз