ӘЛЕМ НАЗАРЫНДАҒЫ БАТЫЛ БАСТАМАЛАР

40

0

ӘЛЕМ НАЗАРЫНДАҒЫ  БАТЫЛ БАСТАМАЛАРБіріккен
Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 70-сессиясы ме­рей­тойлық сипаттан өзге адамзат
тағы бір дағдарыстың алдында тұр­ған шақта шақырылғандығымен ерек­шеленді.

Бүгінгі
геосаяси ахуал әлемдік өзекті мәселелерді шешуде бірлесуді болдырмай тұр. Мемлекеттердің
милитарлануы қазіргі халықаралық қа­тынастарға,
саяси мәдениетке өз ықпалын айтарлықтай тигізуде. Ха­лық­аралық дипломатияда кейбір елдер соғыс
және қару күшімен өз позицияларын нығайтуға
күш салуда. Осы ортақ мәселені шешуге жасалған талаптардың тығырыққа тіреліп жат­қаны
да рас.

Ал Қазақстан
өз тарапынан БҰҰ мінберінен осы мәселелерге бай­ланысты төрелі де тұшымды ұсы­ныстар
айтты. Яғни, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бес бастамалық ұсынысын жаһандық дамуөзек­те­ріне жаңаша дем беруге үлкен талпыныс жасаудың бастамасы деп санауға болады.

Соның ішінде
Елбасы БҰҰ экономикалық және әлеуметтік кеңесінЖаһандық даму кеңесі ретінде қайта құруды ұсынды. Кейінге шегінісжасап БҰҰ-ның негізгі міндеттерін
еске салайық. Олар: халықаралық мәселелердің
шешімін табуда соғыс тәсілін болдырмау, үлкенді-кішілі ұлттартеңдігіне сенімді нығайту, елдер мен халықтардың алдында пайда болатын мәселелерді шешу үшін халықаралық жағдайлар жасау. Яғни, жер шарында бейбіт өмірді сақтау, әлеуметтік прогрескежан-жақты көмек көрсету. Ал біз көріп отырған бүгінгі геосаяси жағдай бұған
жауап бере алмауда. Сондықтан БҰҰ міндеттері
мен құқықтық құзырына қайта оралуды уақыт талап етіп отыр.

Сол үшін Елбасы
Жаһандық Стратегиялық Бастама – 2045 жобасын ұсынды. Бұл стратегия арқылы әрбір
ұлттың әлемдік инфрақұрылымға, ресурстарға, ор­тақ нарыққа тең қолжетімділігін қамтамасыз
етуге болады. Соның негізінде әлемдік дамудыңжаңа, тиімді ұстанымын қалыптастыруға жол ашылар еді.

Терроризм,
жергілікті соғыс ошақ­тары, әлемдік қаржы құрал­дарының қауқарсыздығы, валюта­лық, әлеуметтік дүрбелеңдербір ел немесе бір өңіршешетін мәселе емес. Оған ортақ ақылдасар алаң қажет. Оның ролін жаһандық
даму ке­ңе­сінің атқаруына мүмкіндікмол.

Елбасы бұл
бастаманы бүгін ғана ұсынып отырған жоқ. Дүниежүзілік проблемаларды асқындырмай
шешу үшін бірігуге шақырған «G-Global» жобасына да әлем қауымдастығы назар аударған.
Астана экономикалық форумы аясында талқыланып жүрген дағдарысқа қарсы Дүниежүзілік
жос­пар идеясының түпкі мақсаты осы.

Елбасының
жаһандық даму жолы тек экономикалық интеграция мен бірлесе даму арқылы
болады деген ұстанымының ақиқатына «алдымен экономика, сосын саясат» қазақстандық
қағидат дәлел бола алады. Экономикалық даму деңгейікөтерілген сайын жаһандық күн тәртібіндетұрған мәселелер, кедейшілік, сауатсыздық пен жұмыс­сыздық, т.б,
өздігінен шешімін таба беретініне
көзіміз жетуде. Сонымен бірге экономикалық интеграция – мәсе­лелерді шешуде соғыс әдісіне бар­маудың бірден-бір жолы.

Елбасының БҰҰ төрінен адам­зат­тың басты мақсаты деп қару­сыз әлем құру ұсынысын
айтуы, біз­­дің елдің айнымас ұстанымы. Се­бебі, Қазақстан – ядролық қарудан бас
тартқан, ядролық полигонды жапқан әлемдегі алғашқы ел. Ұлт көшбасшысы о бастан-ақ «ядро­лық қару – адамзат үшін өзін-өзі
жоя­­тын қару. Ал өзін-өзі өлтіруді Жа­ра­тушының ұйғарымынатікелей қарсылық ретінде әлемнің барлық
діндері де айыптайды» деп әлемге Үндеу жасаудан тайған емес. Егемен ел болысыменауқымы жағынан төртінші ядролық қару-жарақтан
бас тартуды, өзінің «мемлекет пен ұлт­тың нағыз күш-қуаты қару-жа­рағын жалаңдата
қыр көрсетуінде емес, соларды «қолданбауында» қа­ғидатына сүйеніп жасады. Және оны тәуелсіздік жылдарында іс жү­зінде дәлелдеді. Ұлы Дала елінде бей­біт өмір қалыптастыру арқылы, эко­номикалықдамуға қол жеткізіп, әлем­нің 50 елінің қатарына ендік.

Әлемдік
бейбіт дамудың кепіл­ді жолының бірі – халықаралық құ­қық құзыретініңорны ерекше. Осы тұрғыдан
келгенде, Нұр­сұл­тан Әбішұлы Назарбаев БҰҰ Жарғыларының миллиондаған со­ғыс
құрбандары қанымен жазыл­ғанын бекерге еске салып отыр­ған жоқ. Өйткені
халықаралық құ­­қық жүйесі талаптарының бұзы­луы негізінде миллиондаған жер тұр­ғындары
зардапқа ұшырауда. Мем­лекеттердің арасындағы ір­ге­лі идеологиялық және саяси ұс­та­ным­дардың
негізінде халық­аралық экономикалық
қатынас­тар­дың дамуы тоқырауға килікті. Санкцияларды өздігінен қолдану БҰҰЖарғысы мен халықаралыққұқыққа қайшы әрекет екендігін ашық айыптаған Елбасы оны қолданудың
құқықтық базасын күшейтуді талапетті.

Қазақстан
тарапынан әлемдік проблемағаайналған терроризммен күресті
өркениетті жолмен шешугебайланысты орынды ұсынысжасалды. Қазіргі уақытта терроризммен күресті кейбір елдер өз мүдделеріне
пайдалануда. Халықаралық құқық бұзылып, бір ел тарапынан екінші елдің ішкі
істеріне, құқығына қол сұғылуда. Бейбіт тұрғындардың, оның ішінде әйелдердің,
жас балалардың өліміне жиі жол беріліп отырғандығын да көріп отырмыз. Қит етсе
демократияны үйретуге дайын тұратын кейбірмемлекеттер, терроризммен күрес сылтауынан қиянат көріп отырған бейбіт тұрғындардың құқығына көзжұмбайлық
танытуын қояр емес. Сондықтан да осы мәселені шешуге қажетті халықаралық құжат
қабылдау туралы Елбасы ұсынысы алдағы уақытта қолдау табады деп ойлаймыз.

Сонымен
Қазақстан үшін ма­ңызды пікірді жаһандық қоғам­дастық қазақша естіді. Қазақ тілінің БҰҰ-ның ресми
алты тіліне ілеспе аударылуы ұлтымыздың мәртебесі. Бұл елдің бірлігі мен өзара
сенімінің жеңісі.

«Төртеу
түгел болса, төбедегі келеді» деген осы. Біз әлемдік төбеден төрелік айттық. Отаншылдық рухымыз әлем
аспанында қалқыды. Бұл – ел бақыты. Осы бақытты қолдан ұшырып алмауға бәріміз
жауаптымыз.

«Елі
мұратқа жетпей тұрып, ері мұратқа жетуші ме еді?» деген сөз бар. Елбасының «мен
үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан асқан мақсат
жоқ» деген арманына тірек болайық.

Наурызбай БАЙҚАДАМОВ,

«Нұр Отан»
партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз