ӘЛЕМГЕ ТАНЫМАЛ СЕРФИНГИСТ ЯН ЛИСЕВСКИ АРАЛ ӨҢІРІНДЕ

98

0

Кеше дүние жүзіне танымал серфингист, Польшалық экспедитор әрі саяхатшы Ян Лисевски ауданымызға табан тіреді.
Арал теңізіне арнайы ат басын бұрған саяхатшы бүгінде өңірімізде «Арал Серф Челенндж» атты экспедиция ұйымдастырмақ.
Экспедицияның негізгі мақсаты – Елбасымыздың Арал теңізін құтқаруға байланысты бағдарламаларына және Аралдың флора мен фаунасына назар аудару, сонымен қатар, Арал теңізін серфинг таяқшасымен алғашқы болып жүзіп өту.
Аталған экспедиция шеңберінде ол сернфинг саласындағы спорттық білім-жобаларды талқылауды және деректі фильмді түсіруді жоспарлаған. Осы ретте, аудан әкімдігінің қолдауымен Арал қаласындағы мектеп оқушылары және жас спортшылармен арнайы кездесу өткізілген болатын.
Кездесу барысында серфингист, Ян Лисевски жастарға бұл спорт түрінің ерекшелігіне, жеткен жетістіктеріне тоқталып, алдағы күндері теңіз бетінде таяқшамен жүзу кезінде қолданатын амал-тәсілдерімен бөлісті.
Аталмыш спорт түрімен 31 жасынан бастап айналыса бастаған Гаданьск өлкесінің тумасы бүгінде 48 жаста болса да дүние жүзінде өзі орнатқан рекордын әлі де болса жаңартуды көздейді.
Еске сала кетейік, Балтық теңізін әлемде ең бірінші болып таяқшамен жүзіп өткен спортшы өзінің алғашқы әлемдік рекордын 24 сағат ішінде 426 шақырымды бағындыру арқылы орнатқан.
Айта кетсек, елімізде үстіміздегі жылдың 15 қазанына дейін жалғасатын экспедиция жайындағы деректі фильм арнайы Польшаның бұқаралық ақпарат құралдары арқылы дүниежүзінде танымал «National Geographic» телеарнасында трансляцияланатын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз