ЛОНДОНДАҒЫ ТУРИЗМ КӨРМЕСІНДЕ ҚЫЗЫЛОРДАҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ

54

0

ЛОНДОНДАҒЫ ТУРИЗМ КӨРМЕСІНДЕ ҚЫЗЫЛОРДАҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТТЫҚызылорда облысының
кәсіпкерлік және туризм басқармасының өкілдері Лондон қаласында өткен «World
Travel Market 2014» бүкіләлемдік туристік көрмеге қатысты. Аталған көрме
деңгейі жағынан туризм индустриясында Берлин (1-орын) және Мадридтен (2-орын) кейінгі үшінші
орында.

Туристік көрменің 35 жылдық мерейтойына 200-ге жуық
мемлекеттен 50 мыңнан аса туризм индустриясының өкілдері қатысты.

Қазақстанның туристік мүмкіндіктерін Астана, Алматы
қалалары және Алматы, Павлодар, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Маңғыстау,
Қызылорда облыстары таныстырды.

Шарада Сыр өңірінің туристік имиджін көрсететін 200
жолсілтеме, 300 ақпараттық флаер, 100 Байқоңыр ғарыш айлағы туралы диск, 100 аймағымыздың инвестициялық
мүмкіндіктері кітабы, 250 күнтізбе, 200 футболка, бейсболка, 200 қаламсап және
150 қолөнер шеберлерінің кітабы ұсынылды.

Көрмеде туризм индустриясының жетекші өкілдерімен 37
іскерлік кездесу өткізілді. Оның ішінде
Бүкіләлемдік туристік ұйымын, FVW Medien Gruppe (Чех Республикасы), Quality Tours (Германия) және тағы басқаларын
атап айтуға болады. Іскерлік кездесу барысында потенциалды серіктестер Арал
ауданындағы Кемелер қорымы, Байқоңыр ғарыш айлағына қызығушылық білдірді. 2015
жылғы маусым айынан бастап Германия және Италия елдерінің ірі туроператорлары Гебеко, Гутч, Куолити
Трэвэлс өз елдерінен өңірімізге туристер әкелуді жоспарлауда.

А.СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз