ҰЛТ ҚҰНДЫЛЫҒЫ – МӘДЕНИЕТ

56

0

Наурыз – жыл басы. Қазіргі күнтізбедегі 14 наурыз ескіше наурыз айының, яғни жаңа жылдың басы болып саналады. Осы күні Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай орталық алаңда «Ұлт құндылығы – мәдениет» атты қолөнер шеберлерінің көрмесі мен тағамдар жәрмеңкесі өтті.
Көрмеге қойылған кәде-сыйлар, түрлі мүсіндер мен ұлттық нақышта безен-дірілген киімдер еріксіз назар аудартады. Онда қолөнер шеберлері ұсынған туындылардың барлығы қазақ халқының тарихынан, мәдениетінен, салт-дәстүрі мен тұрмысынан сыр шертіп тұр.
Шараны тамашалаушылар сүт өнімінен дайындалған сусыннан дәм татып, бауырсақтан ауыз тиді. Осылайша, молшылық мерекесі қарсаңындағы шарада ұлттық құндылықтар ұлықталды.
Сол күні қала жұртшылығы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында, облыстық тарихи-өлкетану музейінде өткен «Наурыз мейрамы – рухани даму үлгісі» атты мерекелік көрмені тамашалады.
Айта кетейік, бұл шараны ұйымдастырған облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Жастар ресурстық орталығы» КММ мереке қарсаңында және 22 наурыз күні ауылдық округтерде де көптеген мәдени-көпшілік және спорттық ойындарды өткізуді жоспарлап отыр.

Нұрсұлтан ҚАЗБЕКОВ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз