ҰЛЫС ОҢ БОЛСЫН, ЫРЫС МОЛ БОЛСЫН!

52

0

ҰЛЫС ОҢ БОЛСЫН, ЫРЫС МОЛ БОЛСЫН!Ұлыстың ұлы күнін Сыр өңірінің халқы ерекше ынта-ықыласпен тойлады. Күн мен түннің теңеліп, табиғаттың жаңаша күйге енетін кезін асыға күткен жұртшылық ұлы мерекеге куә болу үшін Қызылорда қаласындағы орталық алаңға жиналды. Онда отызға жуық ақшаңқан киіз үй тігіліп, алтыбақан құрылды. Қайырымдылық ас ұйымдастырылатын 8 шатырда көпшілікке қазақтың дастарқаны жайылды.
ҰЛЫС ОҢ БОЛСЫН, ЫРЫС МОЛ БОЛСЫН!Сәлем – сөздің анасы” дегендей, Наурыз мерекесіне жиналған көпшілік алдымен бір-бірімен төс қағыстыра амандасты. Өзіндік ерекшелігімен безендірілген ақ отауда ақсақалдарға жастардың амандасуы, енесімен келіннің сәлемдесуі, бозбала мен бойжеткеннің сәлем-сауқатының тамаша үлгісі көрініс тапты. Одан кейінгі тігілген жастар үйінде қыз бен жігіттің айтысы тойдың көрігін қыздырды. 
ҰЛЫС ОҢ БОЛСЫН, ЫРЫС МОЛ БОЛСЫН!Сыр жұртшылығына әз Наурызда ақ тілегін арнаған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев осы тойда екі бүлдіршіннің тұсауын кесті. Олардың үлкен өмірге басқан алғашқы қадамдарына ақ жол тіледі. Өңір халқын Ұлыстың ұлы мерекесімен құттықтады. 
– Наурыз мейрамы бір ғана ұлттың немесе өзге ұлт мәдениетінің көрінісі ғана емес, бүкіл адамзат халқының ұлттық құндылықтарының бірі ретінде тойланады. Себебі, 2013 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 21-наурызды «Халықаралық наурыз күні” деп бекіткен болатын. Наурыз әсіресе, күллі түркі баласына ортақ шуақты мереке. Күн мен түннің теңескен уақытында қазақтың кең даласында қазан асып, ұлан-асыр той жасаған. Қазақ халқы бұл күні бір-бірін құшақ жая қарсы алып, амандық-саулық тілесіп, Жер- ананың тылсым құдіретін сезінген. Барлық өңір халқын осы Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймын, –дей келе, облыс әкімі елімізге бірлік-береке, әр отбасына шадыман шаттық тіледі. 
ҰЛЫС ОҢ БОЛСЫН, ЫРЫС МОЛ БОЛСЫН!Орталық алаңда тігілген үйлерде барлық мекеме мен ұйымдарда мәдени мұра, қолөнер шеберлерінің көрмесі өткізілді. Сыр жастарының наурызға арнаған ақ тілектері жазылған шарлар аспанға ұшырылды.
Әз Наурыз мерекесі бүгін де жалғасын табады. Алаңда 22 қазанға толы наурызкөже пісіріліп, көпшілікке таратылады. Ұйымдастырылатын шарада облыстың белді аспазшылары өзара сынға түспекші.
Айсәуле ҚАРАПАЕВА.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз