Ләззат Сүлеймен: Елбасы мақаласы – жаңғыру жолымен жүруге берілген нақты бағдарлама

211

0

Ләззат Сүлеймен: Елбасы мақаласы - жаңғыру жолымен жүруге берілген нақты бағдарламаЖақсыдан үйрен, жаманнан жирен, дәстүрдің озығы бар, тозығы бар деген елдің ұрпақтары ретінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын әрқайсымыз үшін ұлттық генетикалық кодымызды сақтай отырып, жаңғыру жолымен жүруге берілген нақты бағдарлама деп қабылдадым.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының орынбасары Ләззат Сүлеймен Елбасы мақаласына орай осындай пікір білдірді.
«Қатардағы Қазақстан азаматшасы ретінде де, мемлекеттік қызметкер ретінде мақаланың әр сөзі көңілімнің төрінен орын алды және мемлекеттігіміздің дамуының келесі кезеңінде жүзеге асыра отырып, ең басты құндылығымыз – Қазақстан тәуелсіздігін сақтау үшін жоспарланған рухани жаңғырудың тетігі, деп ойлаймын», – дейді ол.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кеше «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған мақаласында халық бәсекеге қабілетін арттырса ғана табысқа жетпек деген болатын. Л. Сүлейменнің айтуынша, халықтың бәсекеге қабілетті болуы – қоғамның әрбір мүшесінің әлеуметтік, экономикалық, саяси бәсекеге қабілетті болуға ұмтылуы, яғни қоғамдық сананың өсуін, жаңғыруын қамтамасыз ету.
Бұл орайда, ол қазақстандық әйелдер қауымдастығының қоғамдағы орны, белсенділігі жылдан – жылға қаршындап күшейіп келе жатқандығы тәуелсіздіктің арқасында қол жеткен бір игілігіміз ретінде бағалайды. Сондай-ақ ол қазіргі уақытта бұл бағыттағы әлеуеттің мықты екендігін Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық комиссия өткізген сараптаманың нәтижесі көрсетіп отырғанына тоқталып өтті.
«Ең алдымен, отбасылық құндылықтардың иесі, сақтаушысы және келесі ұрпаққа жеткізушісі ретіне, содан кейін заман талабын – кәсіпкерлікті  игерген, саяси белсенділік танытып, қыруар әлеуметтік жобалар мен ізденістердің авторы болып отырған қазақстандық әйелдер қауымдастығы, Елбасы айтқан жаңа тарихи кезеңде ұлтымыз үшін, мемлекетіміз үшін атқарылатын аса маңызды міндеттерді белсенді түрде жүзеге асырушысы, ұйымдастырушысы болмақ», – деп түйіндеді ойын Ләззат Сүлеймен. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз