МАҚСАТ – ЖАҢА ЖАҒДАЙҒА БЕЙІМДЕЛЕ ОТЫРЫП ДАМУ

106

0

Облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың облыстық мәслихат сессиясында сөйлеген сөзі

МАҚСАТ – ЖАҢА ЖАҒДАЙҒА БЕЙІМДЕЛЕ ОТЫРЫП ДАМУБүгін біз келесі жылға арналған өңіріміздің негізгі қаржы құжатын қабылдаймыз. Бұл құжат күрделі экономикалық жағдайда, ерекше экономикалық кезеңде қабылданып жатыр.

Облыстық бюджет жобасы өңірдің 2020 жылға дейінгі даму стратегиясының негізінде, Елбасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жасаған жаңа Жолдауымен 100 нақты қадамнан тұратын Ұлт жоспарын ескере отырып жасалған облыс әкімінің 2016 жылға дейінгі іс-шаралар жоспарына сәйкес жасақталды.

Өздеріңіз білетіндей, Елбасы Жолдауында бес негізгі бағыт бойынша дағдарысқа қарсы кешенді және құрылымдық өзгерістер жасау мақсаты қойылды. Олар: қаржы секторын тұрақтандыру, бюджет саясатын оңтайландыру, жекешелендіру мен экономикалық бәсекелес­тікті ынталандыру, сондай-ақ жаңа инвестиция­лық және әлеуметтік саясатты амыту.

Әрине, әлемдегі дағдарыс пен түрлі өзгеріс­тер біздің де жоспарларымызға түзетулер енгі­зуде.

Осыжылдың 18 қарашасында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы – ғаламдық жағдайдың өзгергендігін, сондықтан да жаңа реформаларға, жаңа экономикалық құрылымға көшетін уақыт келгендігін ескертті.

Жаңаэкономикалыққұрылыстыңастарындамұнайбағасынатәуелсіз, жаңа жағдайға бейімделеотырыпдамумақсатыжатыр. Көп мамандар мұнайбағасыныңбұрынғыдайжоғарыболуыендімүмкінемесдейді. Бұл әсіресе бізсекілдіаймақүшіноңайемес.

Мұнайдыңарқасындағымолшылыққаүйреніпқалғанмемлекетте, халық та жаңажағдайдабұрынғыәдеттерденбастартып, өзін-өзі шектеуітиіс. Елбасы бұл өзгерістердің 90 жылдардағы реформаларғапара-пар екендігін бекерайтқанжоқ. Қазіргі жағдай үйреншіктіәдеттіде, әдепті де, дағдымендәстүрдідеқайтақараудыталапетеді.

Мұнайтабысымолкездеэкономиканыәртараптандыруғатиістікөңілбөлінбегенінашықайтукерек. Ендігі кезде экономиканыәртараптандырумәселесі – ұлттық қауіпсіздікпентәуелсіздіктіңнегізінеайналады.

Облысэкономикасыныңбірғанасалағаасатәуелдіқұрылымынескереотырыпқабылданғанаймақдамуыныңстратегиясыдәлосымақсатқабағытталған. Дегенмен де, қазіраталғанұзақмерзімдіқұжатқаөзгерісенгізуқажеттілігітуды. Ол да қазіргіахуалдыңталабы.

Еңәуелі, мұнай саласы дамуқарқыныныңтөмендеуіөңірлікжалпыөнімкөлемініңазаюынажәнежоспарлардыіскеасырумерзімдерініңөзгеруінеалыпкелді.

Басқааймақтарданкенжеқалғандығымыз­дың орнын толтыруүшінөңірлікжалпыөнімөсімініңоптимистікболжамын 8 пайыз, ал пессимистікнұсқасын 4,4 пайыз деп жоспарлағанедік.

Алайда, біздің болжам бойынша, мұнай нарығында қалыптасқанжағдайғабайланыстыбиылғыжылыөңірлікжалпыөнімкөлеміөткенжылменсалыстырғанда 4,7 пайызға төмендейді.

Осыжағдайдыжәнесалалардыңдамуболжамынескерсек, 3,3 пайыздық жылдық өсімніңөзі – біз үшін биікмақсатболмақшы. Жағдай күрделенсе, бізөсімдіөткенжылдеңгейіндесақтапқалуғажәнееңболмағанда 0,2 пайызға өсіруге талпынамыз.

Оптимистіксценарийгесәйкес, 2020 жылға дейін республикабойыншажалпыішкіөнімніңжылсайынғыорташаөсімін 3,4 пайызға жеткізу мақсатытұр.

Яғни, өңірдің дамуы ендіорташареспубликалықөсімненжоғарыболмайдыдегенсөз. Тығырықтан шығудың жалғызжолы – облыс дамуына республикалықбюджеттенкөбірекқаражаттарту, халықаралық қаржы ұйымдарыменмемлекеттік-жеке меншік әріптестікмүмкіндіктерінпайдаланаотырып, өңдеуші өндірісті дамытуамалдарынқарау. Бұл бағытта жұмысжүріпжатыр.

Яғни, біздің стратегиялықбасымдықта­рымыз өзгеріссіз қалады, ал дағдарыс олбасымдықтардыңдұрыстығынтекрастапберді.

Бюджеттапшылығыжағдайындахалықара­лық қаржы ұйымдарыныңқаражатынтартужәнемемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерінпайдалануөңірдідамытудыңбірден-бір жолына айналыпкеледі. Бұл жұмысқа стратегиялықбасымдықберуқажетдепойлаймыз.

Еңбекресурстарыныңжаңартылғанбалансынақарасақ, сұранысы жоқ мамандардыңсаныазайған. Бұл – колледждердіқайтамамандандыружұмысыныңнәтижесі. Сонымен бірге, техникалықмамандарменжұмысшыкадрларғадегенсұранысартыпкеледі. Бұл – жүзеге асыры­лып жатқан инвестициялықжобалардыңже­місі.

СондықтанэкономикағақажеттікадрлардыдайындаудаСтратегияданкөріністабуықажетбасымдықтыңбірі.

Бізенгізетіннегізгіөзгерістеросы.

Әрине, қазіргі жағдай біздіңосыкүнгіжоспарларымызғадаәсерінтигізбейқоймайды. Бірақ әуелі Облысәкімінің 2015 жылға арналған Іс-қимыл жоспарының орындалуытуралықыс­қаша ақпарат берейік.

 

Іс-қимыл жоспарын қабылдағанданегізгіміндетретіндебізжұмыспенқамтужәнеәлеуметтіктұрақтылықтысақтау, құрылымдық реформалардыжалғастыруменелдімекендердідамытуміндеттерінанықтағанболатынбыз.

Соныңішіндегіеңөзектісі – жұмыс орындарын сақтауменәлеуметтіктұрақтылық. Әзірше бұл мәселелердішешудіңжолынтауыпкелеміз. Биылдың өзінде 10мың 727 жұмыс орны құрыл­ды, оның 8 мың 547-сі тұрақты жұмысорны.

2014 жылдың ортасынанбастапмұнайбағасыныңарзандауыөндірістіңтөмендеуінеалыпкелді. Бұл жағдай, мұнайсаласындақызмететушікомпаниялардың, соның ішінде әсіресемұнайөндірісінеқызметкөрсететінмекемелердіңжағдайынқиындатты. Біздің облыста бұлсалада 29 мың адам жұмысістейді (отбасына шақсақ,
145 мыңадамныңжағдайынаықпалетеді) деген сөз.

Биылғыжылыаталғанжағдайдыңкеріәсе­рін «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында са­лынған тұрғын үйқұрылысыменелдіме­кендерді газдандыру бағдарламасыныңарқа­сын­да азайтуғамүмкіндікболды. Аталған бағ­дарламалараясында көптеген жұмысорындарыашылды.

Құрылымдықреформаларғакелерболсақ, біздің өндірістіксектордыңөсуқарқыныөзгеөңірлерменсалыстырғанда, жоғары көрсет­кіш­терге ие. Өздеріңізбілетіндей, біз жоспар­лағаниндустриялықжобаларымыздыңешқай­сы­­сы тоқтағанжоқ. Бірқатар жаңа жобаларжа­сақталып, қосылуда. Бүгінгітаңда біздің өн­­дірістегі өңдеуші саланыңүлесі 13 пайызға жет­ті. 2012 жылы бұл көрсеткіш 4,5 пайыз еді. Яғ­ни, экономиканыәртараптандыруғаба­ғыт­талған жұмысоңәсерінберіпжатыр.

Дегенмен, күрделеніп бара жатқанэкономи­калық ахуал біздіңбюджеткедекеріәсерінти­гізуде. Сондықтан тірекелдімекендердіқол­дауға қосымша қаржыбөлумүмкінболмады. Ал 2014-2015 жылдараралығындатірекелдіме­кендерін дамытуға жалпысомасы 5,4 мил­лиардтеңгеқаржыбөлінді.

Аумақтықдамубастамасыдабіздіңстрате­гиялық басымдықтарқатарындақалуыкерекдепсанаймыз.

Ерте ме, кеш пе дағдарыс бітеді. Эконо­ми­ка тұрақтанған
кезде біз тірек елді мекен­дер­ді қол­дауға облыстық бюджеттен қаражат бе­ріп
қана қоймай, ол жобалардың жүзеге асырылуын салалық және мемлекеттік бағдарлама­лар
арқылы қолдауға да күш салуымыз керек.

Өздеріңізге
белгілі, жоғарыда аталған негізгі басымдықтарды жүзеге асыру үшін арнайы
іс-шаралар жоспары іске асырылуда. Бірінші жартыжылдықтағы республикалық
бюджеттегі секвестрға байланысты біз іс-шаралар жоспарына кейбір түзетулер
енгізуге мәжбүр болдық. Олардың барлығы дерлік жүзеге асты.

Төмендегі
екі мәселені қоспағанда біз өзімізге алған міндеттемелерді толық орындап
шықтық.

Біріншіден,біз «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындареспубликалық маңызы бар «Қызылор­да-Жезқазған» автожолын жаңғыртуды жос­парлаған
едік.

Алайда,
мемлекеттік бюджетте қаражаттың жетіспеушілігіне байланысты бұл жоба кейінге шегерілді. Дегенмен,
қиындықтарға қарамастан, бұл автожол қалай да жаңарады. Оған бір-екі жыл уақыт
қажет.

Екіншіден,
тірек елді мекендердегі полиция бекеті құрылысына жобалау-сметалық құжаттама
әзірлеу жұмыстары қаражат тапшылығына байланысты жағдай оңалғанша кейінге
шегерілді (Жанқожа батыр, Мәдениет, Ақжарма, Еңбекші, Түгіскен).

Келесі
жылға арналған ІС-ҚИМЫЛ ЖОС­ПАРЫ ең алдымен жаһандық дағдарыс­тың өңір
экономикасы мен халықтың әлеу­меттік жағдайына кері әсерін азайтуға бағыт­талған.
Сондықтан да ол «Қызылорда облысы әкімінің 2016 жылға арналған дағдарысқа қарсы
іс-қимыл жоспары» деп аталады.

Жоғарыда
айтылғандай, іс-қимыл жоспа­ры­­ның басымдықтары – 100 нақты қадамнан тұратын
Ұлт Жоспарына, Президент Жол­дауы­ның басым бағыттарына, сондай-ақ, Елбасының
осы жылдың 18 қарашасындағы Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде берген
тапсырмаларына сәйкес анықталды. Сонымен қатар, мұнайдың әлемдегі баға нарығы
да ескерілді. Осылардың негізінде 5 басымдылық анықталды. Енді солардың
әрқайсысына жеке тоқталайын.

Бірінші
және ең маңызды міндет
– адамдарымыздың жаппай жұмыстан босауына жол бермеу
және жаңа жұмыс орындарын ашу.

Біз
биыл барлық ірі және орта кәсіп­орын­дармен жұмыс орындары мен жұмысшылардың
құқықтарын сақтау жөнінде меморандумға қол қойдық. Сол компаниялар өздеріне
алған міндеттерді орындауға жауапкершілікпен қарайды деп сенеміз. Өз тарапымыздан аталған мәселелерге барынша
қатаң бақылау жасап, осы жұмысқа барлық мүдделі органдарды қатыстырамыз. Бұл да
уақыт талабы.

Сонымен
қатар, экономика салаларында кемінде 9 мың тұрақты жұмыс орнын ашу
жоспарланған.

Бұған
қоса, біз Елбасы тапсырмасына сәйкес әзірленген жаңа «Жұмыспен қамту жол
картасының» мүмкіндіктерін барынша пайдалануымыз қажет.

Екінші
басымдық
– бірінші кезекте қажетті тауарларға бағаларды
алыпсатарлықпен өсуіне және тұрғындар үшін коммуналдық қызметтер тарифтерінің
негізсіз өсуіне тосқауыл қою міндеті.

Бағаны
қадағалау мәселесі ерекше бақы­лауға алынған. Қазіргі уақытта біздегі бағалар­дың
өсуі республика бойынша орта көрсеткіштен сәл жоғары (14%, ҚР бойынша – 12,3%)
болды. Бұл, негізінен азық-түлік емес тауарлар бағасы (25,4%) мен коммуналдық
қызмет тарифтерінің (8,4%) өсуімен байланысты.

Электр
энергиясын есепке алмағанда, біз­дегі тарифтер өзге өңірлермен салыстырғанда ай­тарлықтай
төмен. Қазіргі уақытта желілерді жа­ңарту және кеңейту жұмысын бастадық. Бұ­ған
«Еуропалық қайта құру және даму банкінің» не­сиесі тартылды. Ол несие негізінен
қуатты пай­даланушы мемлекеттік кәсіпорындар есе­бі­нен қайтарылады. Халық пен
бизнеске салмақ түс­пейді. Негізгі ауыртпалықты бюджет өзіне алады.

Облыстағы
әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының басым бөлігінің баға­сы
республикадағы орташа бағадан арзан (азық-түлік тауарлары: облыста – 109,4%, ҚР
– 109,6%). Бұған негізінен тұрақтандыру қоры жұ­мысының (товарная интервенция)
нәти­же­сінде қол жеткізілді. Аталған жұмыс жал­ға­сады. Оған қажетті қаржылық
ресурстар тұрақ­тан­дыру қорында бар.

Сонымен
бірге, Елбасының Жолдауында инфляция деңгейі орташа мерзімді кезеңге 4%-ға
дейін төмендету міндеті қойылған, сондықтан да біз қосымша шаралар кешенін
әзірлеуіміз қажет. Тиісті тапсырма
берілді.

Үшінші
басымдылық
– экономиканы әр­та­рап­тандыруға, соның ішінде
микробизнесті (шағын бизнесті) дамытуға бағытталған шаралар кешенін дайындап,
оны жүзеге асыру.

Бізде
2014 жылдың қыркүйегінен өңдеу секторы үлесінің өсуі сақталуда.

Биыл
Қызылорда қаласындағы үй құрылысы комбинатын салып бітіреміз. Шыны зауытының
құрылысы жалғасады. Келесі жылы Арал қала­сында салынатын кальцийленген сода
өндіретін зауыт құрылысының жобасы әзірленуі қажет.

«Шалқия»
қорғасын-мырыш кен орнын қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. 2016 жылы тау-кен
байыту комбинатының жобалық құжаттарын бекітіп, құрылыс жұмыстарын толыққанды бастауымыз
қажет.

Сонымен
қатар, ферроқорытпа зауытының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу
жұмыстары аяқталуы тиіс.

2016
жылы болашақ кәсіпорынға арналған теміржол тұйығының құрылысын бастап, оны
электрмен қамтамасыз етудің техникалық эко­номикалық негіздемелерін жасаймыз.
«Бала­сауысқандық» ванадий кен орнын игеру жұ­мыс­тары жалғасын табады.

Сонымен
бірге, машина құрылысы зауытын құру жобасын жалғастырамыз. Мұндағы негізгі
міндет – инвесторды анықтау. 2016 жылы цемент, селикат кірпіші, асфальт-бетон
өндіретін және су шығаратын зауыттар құрылысын бастау жоспарлануда. Жосалы
кентінде жылына 100 мың тонна полипропилен өндіретін құрылыс зауытын салу үшін
жер телімі берілді. Кәсіпорын 450 адамды жұмыспен қамтымақ. Аталған жобаны
республикалық Индустриалды-инно­ва­ция­лық даму картасына қосу жөнінде өз ұсы­ны­сымызды
жолдадық.

Қызылорда
қаласы мен облыстың бес ауданында (Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Шиелі)
индустриялық аймақтар құру жұмыс­тары аяқталып қалды.

Бірқатар
аудандардағы индустриялық аймақтар ауыл­шаруашылығын
дамыту және ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін кешендерге айналуы тиіс. Осы
аймақтарда нақты жобаларды жүзеге асыру – алдағы жылға қойылған негізгі
міндеттің бірі. Тиісті есептеріміз бар.

«Байқоңыр»
әлеуметтік-кәсіпкерлік кор­пора­ция­сы да өз жобаларын жүзеге асыруды жал­ғас­тырады.

Арал
ауданы Қарашалаң ауылындағы балық шаруашы­лығына қызмет көрсету және дайындау
орталығының құрылысын аяқтап, Қызылорда қаласында орналасқан Иіркөл тоған
шаруашылығын дамытуды жалғастырамыз.

Кәсіпкерлікті
қолдау бағытында «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасын іске
асырумен бірге аймақтағы микробизнесті дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.

Аудандарда,
сондай-ақ Қызылорда қаласы тұрғындарының арасында да «өз бетінше жұ­мыс
істейтін» (самозанятые), ашығын айт­қанда жұмыссыз адам аз емес. Сол азаматтарды кәсіппен
айналысуға тарту қажет. Бұл жұмыссыздық мәселесін шешуге, азаматтардың
әл-ауқатын жақсартуға жаңа жол ашады.

Сондықтан
микронесие беру арқылы шағын кәсіпкерлікті қолдауға 420 млн теңге (биылғы
жылдың деңгейінде) жоспарлануда. Бұл мақсат­қа қосымша қаражат бөлуге тырысамыз.

Бірақ
бөлінген қаражатты орнымен, тиім­ді пайдалануға бақылауды күшейтуіміз қа­жет.
Жосықсыз несие алушылар тізімі Бірін­ші кредиттік бюроға жолданады. Егер де
кәсіп­кер­лік мақсатында алған несиені мақсат­сыз, мысалы, той жасауға немесе
басқаша жұмсаса, ондай адам бұдан былай еш жерден, ешбір банктен несие ала
алмайды!

Ал адал
несие алушылар алған ақшасын қайтарғаннан кейін, одан да ірі көлемде несие
алуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, кіші және орта бизнестегі қызметті заңдастыру
да назардан тыс қалмауы қажет.

Кәсіпкерлікті
жаңадан бастаушы кәсіпкер­лерді қолдаудың қосымша шарасы ретінде облыста
«Аймақтық инвестициялық орталық» құрылды. Бұл орталықтың міндеті, әсіресе,
ауылдық жердегі шағын кәсіпкерлікті дамытуға барынша жағдай жасау. Аталған орталықтың қызметіне келесі жылғы
бюджет жобасында 360 млн теңге қаржы
қаралған.

Бұдан
басқа «Ұлттық кәсіпкерлер палатасы» 300 млн теңге көлемінде «Аймақтық
инвестициялық орталық» капиталына қаты­сатын болады, сондай-ақ қазақстандық ірі
банктердің бірі – «Казкоммерцбанк» 100 млн теңге көлемінде мақсатты несие
бөлуге ынта танытып отыр.

Сондай-ақ,
«Даму» қорының бағдарла­маларымен облыстық бюджеттен 500 млн. теңге бөлінеді,
яғни шағын бизнесті несиелендіруге «Даму” қорынан бұрынғыдан екі есе көп,
немесе 1 млрд теңге бөлінетін болды.

Осылайша
2016 жылы шағын кәсіпкерлікті, оның ішінде микробизнесті қолдауға 2,3 млрд тең­ге
бағытталады. Бұл осы жылмен салыс­тыр­ғанда, 3 есе артық.

Бұл
жұмысқа «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіп­керлік корпорациясы да атсалысады. Ол тұр­мысы
төмен ауыл тұрғындарына жеке кәсіп ашу­ға жалпы көлемі 50 млн теңге қайтарымсыз
грант бөледі.

«Батыс
Еуропа – Батыс Қытай» автома­гистра­лінің бойында сервис кешендерін құ­ру­ды
жалғастырамыз. Кемінде тағы 4 нысан (Қызылорда қаласынан, Арал ауданы және
Сырдария ауданынан) іске қосылады. Қазіргі жағдайда зәулім құрылыс пен
астамшылыққа барудың қажеті жоқ болар.

Шығыс
нақышын, өз бояуымызды сақтай оты­рып, келушіге тартымды, қарапайым кешен салу
керек. Іші таза, ас-суы дәмді, адамы жылы шырайлы болса, қонақ та келеді, табыс
та болады.

Облыстағы
инвестициялық ахуалды жақ­сар­ту үшін арнайы Кеңес құрылады.

Ауыл
шаруашылығын дамытуда басымды­лық орта және ірі шаруашылықтарға берілетін
болады.

Кәсіпкерлер
палатасы және «Аймақтық инвестициялық орталықпен» бірлесе отырып,
ауылшаруашылық кооперативтері мен сервистік дайындау орталықтарын ұйымдастыруға
арналған шаралар кешені қолға алынады.

Субсидиялау
енді тек техниканы жаңар­ту және күрделі құрылыс жүргізу секілді ин­вестициялық
шығындарды өтеуге бағытталады.

Күріш
кластерін дамыту аясында Жалағаш ауданындағы элеваторды жаңарту жалғасады.
Өзіміздің тұқымдық дән қорын қалыптастыру үшін күріштің жоғары өнімді
тұқымдарын сатып алу бастамасын қолдаймыз. Бұл алдағы уақытта дәннің сапасы мен
астық өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді (орташа есеппен гектардан 60
центнер). Биыл біз өте жоғары өнім алдық – әр гектардан 50,5 центнерден, жалпы
көлемі 423 мың тонна күріш жиналды. Тура осындай егістікте біздің 500 мың
тоннадан аса өнім алатын шамамыз бар.

Етті
мал шаруашылығын дамыту мақса­тын­да Сырдария ауданындағы 3 мың бас ірі қараны
бордақылау, жемдеу, семірту кешенінің құрылысын аяқтауымыз керек, сонымен қатар
Қармақшы және Жаңақорған аудандарында 50 мың қой бордақылау базасын құрамыз.
Жаңақорған ауданында жылына 7 мың тонна қозы етін өндіретін комбинат құрылысын
бас­таймыз.

Мал
шаруашылығына арналған жем-шөп базасын құру мақсатында жемшөп өсіретін алқапты
ұлғайту жұмыстарын жалғастырамыз. Дағдарысқа қарсы іс-шаралар жоспарының төртінші
басым бағыты
– инфрақұрылымды жаңарту мен дамыту, ең алдымен, коммуналды
инфрақұрылымды дамыту болып табылады.

«Еуропалық
қайта құру және даму банкінің» қаржыландыруымен Қызылорда қаласының коммуналды
инфрақұрылымын толықтай жа­ңарту жобасының негізгі фазасына кірісеміз.

Мұндағы
барлық коммуникация (жылу, су құбыры, электрлік) желілерінің 60-80 жылдары
салынғаны өздеріңізге жақсы белгілі. Бүгінгі таңда олардың 60 пайызы әбден
тозған (соңғы жылдары атқарылған барлық
жұмыстарды қоса есептегеннің өзінде). Ал ескірген инженерлік инфрақұрылыммен
индустрияны көтеру мүмкін емес.

Әсіресе,
біз жоспарлаған металлургия өнер­кәсібі, құрылыс материалдарын шығару, машина
жасау және агроөнеркәсіп кешендерін дамыту секілді жобалар қуатты көп қажет
ететінін естен шығармау керек.

Назар
аударғым келетіні – жылу, су және электрмен қамтамасыз ету жобаларын қаржы­лан­дырудағы
өз үлесімізді біз Үкімет гранттары есебінен жабуға мүмкіндік алдық. Бұл
мақсатқа 3 млрд. теңге қарастырылды.

Алдағы
жылы үлкен инфрақұрылымдық жобаны бастаудың қамына кірісеміз. Ол – қуаты 450
мегаваттық бу-газды электрстанциясының құрылысы.

Енді
газдандыруға тоқталайық.

Биыл
«ҚазТрансГазАймақ» акционерлік қо­ға­мы ауыл тұрғындарының 30 пайызы тұра­тын 7
аудан орталығының төртеуіне газ құбы­рын тартуды аяқтады. Байқоңыр қаласын
газбен қамту жұмыстары аяқталып қалды.

Енді
бізге тұрғындармен тығыз жұмыс жасап, газды ішке кіргізу әр үйдің өз жұмысы
екендігін байыппен түсіндіру қажет. Әрине, кейбір отбасына әлеуметтік қорғау
қызметінің тізімі бойынша көмек көрсетуді де ойлас­тырамыз. Келесі жылғы
жоспарда газға әлі қосылмаған Қызылорда қаласындағы жеке үйлер мен Тереңөзек,
Жалағаш, Жосалы, Төретам, Ақай, Сексеуіл, Қарауылтөбе, Белкөл, Жақсықылыш, Талсуат
елді мекендерін газбен қамту жұмыстары
бар.

Бірақ,
осы жобаға жауапты ұлттық оператор оны жүзеге асыруға қажетті қаражат таба
алмай отыр (ол 16,7 млрд теңгені құрайды). Дағдарыс ең тұрақты деген
компанияларға да өз әсерін тигізуде. Осы ретте, біз халық­аралық қаржы
институттарымен бірлесіп, «ҚазТрансГазАймаққа» несие бергізу жолдарын
қараудамыз. Бұл мәселе де өз шешімін табады деп сенеміз.

Қызылорда
қаласын жерасты суына көшіру жұмыстары аяқталды. Соның арқасында 270 мыңнан аса
қала тұрғыны сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді.

2016
жылы «Нұрлы Жол» бағдарламасы есебінен Қазалы, Арал, Қармақшы, Жаңақорған
аудандарын ауыз сумен қамтамасыз ету нысан­дарын салу жоспарлануда. Сонымен
қатар, Қы­зылорда қаласында магистральды және жылу­­аралық желілерін қайта
құруға арналған 7 жо­ба іске асады.

«Мемлекеттік-жекеменшік
серіктестік» не­гі­зінде Сырдария ауданының тұрғындарын са­па­лы ауыз
сумен қамтамасыз ету және су жүйе­сін кеңейту жұмыстары жоспарланды.

Концессиялық
негізде Қызылорда қаласын­дағы әуежайдың жолаушылар терминалын салуды
жалғастырамыз. Бұл жобаны республикалық «Мемлекттік-жекеменшік әріптестік
жобала­рын сүйемелдеу орталығымен» бірлесіп жүргі­зу­деміз. Өкінішке орай, «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық
компаниясы жобаны қаржыландыру бойынша міндеттерін орындай алмады.

Облыстағы
құрылыс қарқыны жоғары екендігін білесіздер. Сол қарқынды сақтап қалу – маңызды
міндеттің бірі. Ол үшін Қазақстан ипотекалық компаниясы және «Самұрық-Қазына»
жылжымайтын мүлік қорымен бірге белсенді жұмыс жасаудамыз.

Осы жылы
барлық қаржы көздері есебінен жалпы көлемі 330 мың шаршы метр тұрғын үй
берілді. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,5 есе артық.

Жұмыстыңбесінші аса маңызды бағы­ты – халықаралық қаржы ұйымдары мен мем­лекеттік-жекеменшік
серіктестік арқылы өңір­дің дамуына инвестиция тарту.

Бүгін
біздің қолымызда жалпы құны 300 млрд. теңгені құрайтын 18 жоба бар. Оның
бірсыпырасы жоғарыда аталды.

Одан
басқа «Еуропалық қайта құру және даму банкімен» бірлесе отырып, Шиелі, Жаңа­қорған
аудандары мен Қызылорда қаласының шеткі аймақтарындағы электр желілерін, облыс
орталығын жарықтандыру жүйесін жаңарту, Әйтеке би кентінде қуаты 35 мегаватқа
дейінгі газ-турбиналық жылу-электр стансасын салу, сондай-ақ, қатты тұрмыстық
қалдықтарды қайта өңдеу және Қызылорда қаласындағы автобус депосының құрылысын аяқтау жобалары бар.

Қаржы
министрлігі сырттан қарыз алуға шектеу қойғанына қарамастан, ирригация жүйесін
қалпына келтіру жобасы бойынша «Ислам даму банкімен» жұмысты жалғастыру қажет.

Өкінішке
орай, «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін
сақтап қалу» жобасының екінші кезеңінің бас­талуы Өзбекстан тарапына байланысты
созылып кетті. Сондықтан біз Дүниежүзілік Банк және өзіміздің орталық атқарушы
органдармен тікелей жұмыс істеп, осы жобаға қатысты жұмысты жандандыруға
тиіспіз. Қаңтар айында ратификацияға шығуымыз қажет.

Республикалық
«Мемлекеттік-жекемен­шік әріптестік жобаларын сүйемелдеу орталы­ғымен»
серіктестік байланысымыз нығаюы қажет. Соның арқасында алдағы жылы апатты
мектептердің орнына мектеп салуды жалғастыру және Қызылорда қаласында 500
ауысымға шақталған емхана құрылысын салу жобасын іске асыру жоспарланған.

Аталған
5 бағыт – 2016 жылға арналған облыс әкімінің дағдарысқа қарсы іс-қимыл
жоспарының өзегі.

Әрине,
әлеуметтік-экономикалық дамудың басқа да бағыттары бойынша жұмыстар жал­ға­сын
табады. Әлеуметтік дамуға келер болсақ, заңда қарастырылған барлық әлеуметтік
төлем­дер толықтай және тиісті мерзімде қамтамасыз етіледі. Бұл – Елбасының
тапсырмасы.

Сонымен
бірге, Жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеясы мен құндылықтарын насихаттау және
оларды өмірге енгізу жалғасады.

2016
жылдың 1 қаңтарынан бастап «Жұ­мыспен қамту Жол картасы» бағдарла­ма­сына
қатысатын әлеуметтік жағдайы төмен отба­сыларға қаржылық көмек көрсету жүйесі
іске қосылады.

Сонымен
қатар, Елбасының тапсырмасына сәйкес,азаматтық сала қызметкерлерінің жалақысы 7-ден 40 пайызға дейін
көтеріледі. Олардың қатарында: білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау
және басқа да бюджеттік сала қызметкерлері бар.

Білім
беру саласындағы ең маңызды міндет – апатты мектептердің мәселесін шешу болмақ.
2013 жылы облыста 36 апатты мектеп болса, 2 жылда соның 23-ін жаңадан салып
шықтық. Тағы екі мектептің құрылысы 2016 жылы аяқталады. Құрылыс талап ететін
11 мектеп қалып тұр. Қазіргі жағдайда оған бюджеттен қаражат бөле алмаймыз.
Сондықтан, бұл мәселені мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы шешеміз. 2016
жылы осы 11 мектептің құрылысын бастауымыз керек.

Мемлекеттік-жекеменшік
әріптестік келісім шартында аталған жобалар аясында жұмысқа тартылатын тек
жергілікті құрылыс компаниялары болатынын көрсеттік.

Білім
сапасын көтеру бағытындағы жұмыс тажалғасады. Жоспарлағанымыздай, Сыр өңірі «Балапан» бағдарламасын
мерзімінен бұрын аяқтады. Елбасының тапсырмасына сәйкес 3-6 жас аралығындағы
балалар біздің облыста мектепке дейінгі тәрбиемен толық қамтылған. Енді 3 жасқа
дейінгі балалар үшін орын ашуға көңіл
бөлуіміз қажет.

Түлектеріміздің
Қазақстан және Ресейдің алдыңғы қатарлы инженерлік жоғары оқу орындарында білім
алуына жағдай жасау жалғасады. Қазір Мәскеу мен Санкт-Петербургтің универ­ситеттерінде
321 баламыз оқуда.

Келер
жылы Сыр елінің тағы 200 түлегі «Мәскеу болат және қорытпалар институты»,
«Санкт-Петербург өсімдік полимерлері техно­ло­гиялық университеті», «Тимирязев атындағы Ресей
мемлекеттік аграрлық университеті» жә­не «Губкин атындағы Ресей мұнай және газ»
университетінде оқуға мүмкіндік алады. Аталмыш студенттердің оқу ақысы Ресей
Үкіметі берген гранттарының есебінен тө­ле­ніп жатыр. Ол үшін біз ресейлік
достарымыз бен әріптестерімізге шынайы ризашылық білдіреміз.

Бұл
балалар – өңірімізді алға бастайтын, облыстың болашақ элитасы. Облыстың бо­ла­шағы
қазір жер-жерде білім алып жатқан ба­ла­ларымыздың қолында. Енді екі-үш жылда
олар келіп ортаға қосылады. Жақында Ресейде болған сапарымда балалармен арнайы
барып кездестім. Оларға барлығымыз үлкен үміт артып отырғанымызды
жеткіздім.

Білім
берудің дуалды технологиясын енгізуді тағы 10 колледжде жалғастырамыз. 2017
жылы аймақтағы 32 мемлекеттік колледждің 20-сы осындай үлгіде жұмыс істейтін
болады.

«Мемлекеттік-жекеменшік
әріптестік жоба­ла­рын сүйемелдеу орталығымен» бірле­сіп, Қы­зылорда қаласында
200 орындық жатақ­ханасы бар 600 орындық кәсіптік-техникалық лицей құрылысын
салу жобасын жүзеге асырудамыз. Концессиялық ұсыныс жасалды. Алдағы жылы бұл
жобаның инвесторы анықталуы қажет.

Осы
ретте, кәсіби білігі жоғары жұмысшы кадрларды дайындайтын Орталықты бірлесіп
құратын әріптесті анықтап алуымыз керек. Елбасы өзінің Жолдауында Германия,
Канада, Австралия және Сингапур секілді елдердің тәжірибесіне назар аудару
қажеттігін ескертті. Осы елдердің алдыңғы қатарлы оқыту орталықтарының бірімен
әріптестік орнатуымыз қажет.

Денсаулық
сақтау саласындағы шешімін таппаған күрделі мәселелердің қатарында ана өлімі
тұр.

Бұл
бағыттағы «Денсаулық сақтауды дамы­тудың жол картасына» енген іс-шаралардың
барлығы жүзеге асты. Қажетті қаражат толық­тай бөлінді. Алдыңғы жылы бір ғана
әйел өлімі тіркеліп, жағдай оңала бастаған еді. Алайда, осы жылы 6 әйелден
айырылдық. Оның 5-і экстрагениталдық патология салдарынан қайтыс болған. Басқа
сөзбен айтқанда, жүктілік созылмалы ауруды асқындырып, әйелдердің қайтыс
болуына әкелді.

Осыған
байланысты, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен рес­пуб­ликалық
акушерлік және гинекология институтымен бірлесіп, қосымша шаралар кешені
жасалды. Барлық аудандық орталық ауруханалар кардиостандарттармен, холтер-мо­ни­торлармен,
тредмил-тестілермен және УЗИ аппараттарымен жабдықталады. Бұл бала көте­ру
қабілеті бар жас­тағы әйелдердің жүрек-қан тамыры ауруларын ерте кезде анықтап,
асқы­нудың алдын алуға мүмкіндік береді.

«Мен
мұндалап» тұрған тағы бір мәселе – аймақтықонкологиялық орталықтағы жағдай­дың талаптарға сай еместігі.

2012
жылы мамандандырылған онколо­гиялық аурухана құрылысының
техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу басталды. Жоба құны – 7-8 млрд.
теңге шамасында.

Қазіргі
жағдайда мұндай қаржыны табу өте қиын. Мәселені шешпесек, тағы болмайды.
Сондықтан, облыстық медициналық орталық негізіндегі онкоорталыққа қосымша
бөлмелер бөлініп, барлық қажетті құрал-жабдықтар алынатын болады.

Жақында,
27 қарашада Мәскеуде өткен Үкі­мет­аралық комиссия отырысында Байқоңыр қа­ла­сындағы
перзентхана негізінде облыстық медицина орталығының солтүстік аудандарға жау­апты
филиалын ашу мәселесі ақыры шешілді.

«Сызғанов
атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығымен» орнатылған әріптестік пен осы жылы
құрылған Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің филиалын
дамыту жұмысы жалғасады.

Осы
жылы Қызылорда филиалының интернатурасында 44 маман дайындықтан өтуде, ал
келесі жылы кәсіптік даярлықтан тағы 100 интерн өтеді.

Сондай-ақ,
Қызылорда қаласындағы 200 орындық көпсалалы балалар ауруханасының, Жаңақорған
кентіндегі 250 адам қабылдайтын аудандық емхана, Түгіскен елді мекеніндегі
амбулатория құрылыстары аяқталады.

Кез
келген қоғам дамуының басты алғы­шарты – қоғамдық-саяси тұрақтылық, ұлт­аралық
келісім мен азаматтық ынтымақ. Қоғамының этникалық, мәдени және діни
әралуандылығын осалдық емес артықшылыққа айналдыра білген тәуелсіз Қазақстан
бейбітшілік пен тұрақ­ты­лықты «көздің қарашығындай» сақтап келеді. Шын
мәнінде, бұл – біздің басты байлығымыз.

Биыл
Елбасының бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясы аясында «Үлкен ел – үлкен
отбасы» атты жалпыұлттық жобасы қолға алынды. Елдік ұстаным, тарихи
жауапкершілік ұғымдарымен етене таныс біздің өңір бұл жобаға белсене қатысуы
тиіс. Бұйыртса, бірер күнде Өздеріңіздің қолдауларыңызбен дүниеге келген
«Достық үйі» есігін ашады. Достық пен қоғамдық келісімнің Қызылорда төріндегі
осынау ошағы – Сыр еліндегі ынтымақ пен бірліктің, жасампаз еңбектің, жарасымды
тірліктің ордасына айналады деп сенеміз.

Еліміздің
құндылықтарын сақтау, оларды ертеңгі күнге жалғау – қазіргі жастардың міндеті.
Сондықтан, жастарды елдік мұрат пен мақсатқа жұмылдыру бағытындағы жұмыс күн
тәртібінен түспейді, келесі жылы да басым бағыттың бірі ретінде жалғасады.
Әсіресе, не оқуда, не жұмыста жоқ, айналасына наразы жас­тармен жұмыс жандана
түсуі тиіс.

Осы
ретте жастардың өз бастамаларына, жастар ортасымен жұмыс істейтін үкіметтік
емес ұйымдарға қолдау көрсетіледі.

Ұлт
жоспарының маңызды бір тармағы – мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби корпусын
қалыптастыруды және сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтуді көздейді.

Дүние
жүзі мен төңіректегі саяси ахуалдың күрделенуін ескерсек, мемлекеттік және қоғамдық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі де ерекше көңіл бөлуді талап етеді.

Ұлт
жоспары аясында, келесі жылдың басынан Ішкі істер департаменті бөлімшелерінің
негізінде әкімдер мен мәслихатқа бағынышты муниципальды полиция қызметі
құрылады. Он­дай жаңа құрылымның тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін біз
жергілікті полицияның қоғаммен тығыз әрекеттесуіне жағдай жасауы­мыз қажет. Кез
келген қоғамдық тәртіп бұзу­шылыққа төзім болмайтын көпшілік мәдениет
қалыптасуы керек.

АУМАҚТЫҚ
ДАМУ
мәселелеріне келсек, әсіресе, облыс орталығын қарқынды дамыту жалғасады.
Қалада мемлекеттік бюджет есебінен 1 мың 580 пәтерлік 38 көпқабатты тұрғын үй
құрылысы жүргізіледі. Осы жылы (10 айда) 940 пәтерлік 18 үй берілді, бұл өткен
жылмен салыстырғанда 2 есеге артық.

Сұлтан
Бейбарыс көшесінен сол жағалауға салынып жатқан көпірге дейін айналма жол
саламыз.

Аталған
көпірдің құрылысы жалғасады және қаланың сол жағалауындағы көшелер құры­лысына
қажетті құжаттар әзірленеді. Су, жылу және жарықпен қамтамасыз етудің техни­калық
экономикалық негіздемесі дайын деуге болады (мемлекеттік сараптамада). Бұл жоба
бойынша «Азия даму банкімен» үкіметтік
қарыз қаржы (займ) тарту бағытындағы жұмыстар жалғасады.

Қармақшы
және Жалағаш аудандарын да­мы­тудың жол картасын іске асыруды жалғас­тырамыз.

Қармақшы
ауданының салық базасын ке­ңейту мақсатында «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіп­керлік
корпорациясы тауық еті мен мия тамырын өңдеу зауыттарын салу жобасын іске
асырады. Қосымша жұмыс орындарын құру мақсатында Төретам кентінде
индустриалды-туристік аймақ құрылады.

Байқоңыр
қаласы – бұрынғыдан да мұқият қарауды талап ететін ерекше мәселеге айналып
келеді. Қала кәсіпорындарындағы жұмыс орындарының қысқаруы (оның ішінде біздің
азаматтарымыз) және Ресей тарапынан қалаға бөлінетін ақшаның азаюы жағдайды
ушықтырып жіберді.

Дәл
қазір тіректі елді мекендерді дамытуға бұрынғыдай қаражат бөле алмаймыз. Бірақ,
тіректі елді мекендер біз үшін Стратегиялық басымдықтардың бірі болып қала
береді.

Жергілікті
өзін-өзі басқару тетіктерін дамыту жұмысы да жалғасын табады.

Енді
бюджет жайлы.

Мемлекет
басшысы өз Жолдауында «Көрпе­ге қарай көсілу» – жаһандық дағдарыс кезіндегі ең
дұрыс жеке ұстаным, әрі бюджет саясатының оңтайлы моделі екендігін айтты.

Келесі
жылға арналған облыс бюджетінің жобасы жан-жақты есептеліп, мұқият дайындалды.
Экономикалық ахуал күрт төмендемесе, барлық жоспарланған шығыстар қамтамасыз
етілуі тиіс.

Бюджетте
көрініс тапқан басымдықтар – дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарындағы
мақсат-міндеттерге сәйкес жасақталды.

Айта
кету керек, келесі жылға арналған облыс бюджеті өткен жылмен салыстырғанда, бар
болғаны 7,4 пайызға кем. Күрделі шығыстар 45 пайызға қысқарды.

Дағдарыс
жағдайындағы бюджет болған­дықтан Үкімет жаңа құрылыс салуға мораторий
жариялады.

Сондықтан
біз тек қана мемлекеттік-жекеменшік әріптестік пен халықаралық қаржы ұйымдарының несиелеріне сенім артамыз.

Сондай-ақ,
«Үкімет пен Ұлттық банктің дағдарысқа қарсы бірлескен іс-қимыл жоспары» аясында
да қосымша қаржы алуға талпынамыз.

Облыстық
мәслихат депутаттары қалыптас­қан жағдайды дұрыс бағалайды дегенге
сенеміз.

Қорыта
келе, халықты жұмыспен қамту – келесі жылы да біздің негізгі міндетіміз болып
қалатынын тағы бір атап өткім келеді. Әр адамға жұмыс, яғни тұрақты табыс көзі
қажет. Азаматтардың өзіне және мемлекетке деген сенімі істеп жүрген жұмысына
тәуелді. Түптеп келгенде, қоғамның тұрақтылығы мен мемлекеттің қауіпсіздігі де
сол жұмысқа байланысты. Сондықтан бірде-бір жауапты адам бұл мәселеге атүсті
қарамауы тиіс.

Келесі
жылдың іс-қимыл жоспарын ашық талқыға салып және оны жариялау арқылы, біз
саналы түрде өз қызметімізді қоғамдық бақылауға қоямыз.

Өздеріңіз
білетіндей, келесі жылдан бас­тап мұндай бақылаудың рөлі едәуір артады.
Президент тапсырмасымен орталықтан бастап ауданға дейінгі жергілікті деңгейде
құрылатын «Қоғамдық кеңестер туралы» Заң қабылданды. Біздің міндетіміз – бұл
бастамаға жан-жақты қолдау көрсету. Ауылдық деңгейдегі қоғамдық кеңестің
қызметі жергілікті қауымдастыққа жүктелетін болады.

Олардың
негізгі мақсаты – қоғамдық ма­ңы­зы бар мәселелер бойынша стратегиялық жос­пардың,
аумақтық даму бағдарламасының және бюджеттің орындалуын талқылау арқылы
көпшілі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз