МАТЕМАТИКАДАН \»ТАЙМАНОВТЫҢ ОҚУЛАРЫ\» ӨТТІ

104

0

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 80 жылдық мерейтойы аясында Асан Дабысұлы Таймановтың 100 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: өзекті мәселелері мен қолданылымдар» тақырыбында Таймановтың халықаралық екінші ғылыми оқуларының ашылу салтанаты өтті.

Шараға ғалымның қызы Надежда Асанқызы қатысты. Сонымен қатар, Қазақстан және Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарының басшылары мен ұстаздары, профессордың әріптестері мен оқушылары қатысты.

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысушыларды кезекті оқулардың өтуімен құттықтап, Асан Таймановтың математикаға қосқан үлесін айтты.

«Асан Дабысұлы 1947-1954 жылдар аралығында Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының жоғары математика кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. Кафедра жанынан алғаш рет жас математиктер үйірмесін ашып, ғылыми семинар, математикалық конкурстар және студенттер мен оқытушыларға кеш өткізуді тәжірибеге енгізді. А.Д.Таймановтың лекциялары студенттер арасында үлкен сұранысқа ие болды. Қазіргі таңда көптеген студент профессор атағын алған. Осы кісінің бастамасымен математикадан қалалық және облыстық олимпиада өткізілді. Бұл республика бойынша математикадан ұйымдастырылған алғашқы олимпиада болатын. Қызылордада А.Д.Таймановтың бастамасымен терең ғылыми зерттеулер бойынша дескриптивтік жиындар теориясы және теориялық-көптік топология циклы өтті», – деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Шара аясында секциялық отырыстар мен тақырыптық көрмелер ұйымдастырылады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз