МӘДЕНИЕТ – МӘҢГІЛІК, ӨНЕР – ӨМІРШЕҢ

100

0

МӘДЕНИЕТ – МӘҢГІЛІК, ӨНЕР – ӨМІРШЕҢСейсенбіде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев 21 мамыр –  Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай аймақтың бір топ сала қызметкерлерімен кездесіп, кәсіби мерекелерімен құттықтады.
– Елбасы жуырда өзінің рухани жаңғыру мәселесі туралы үлкен мақаласын жариялағаны белгілі. Жаһандық дамуда өз үлесімізді ала отырып, өткен -тарихымыз бен дәстүрлеріміздің асыл құн¬ды¬лықтарын қайта жаңғыртып, ұлттық бірегейлі¬гімізді сақтап қалу – Елбасының көреген шешімі. Осы орайда, Ұлт көшбасшысы ауқымы кеңейіп, «Туған елге» ұласатын «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынып отыр. Бабалардан қалған «Туған жерге туың тік» деген асыл сөз бар. Осы ретте, әрбір қазақ, іскер азаматтар, ғалымдар мен өнер қайраткерлері туған топыраққа қызмет етіп жатса, келер ұрпақ үшін тағылымды өнеге жолы ғана емес, әрбір азаматтың перзенттік парызы екені анық. Бұл ретте, қалың қазақтың қаймағы бұзылмаған мекені, барша түркі мәдениетінің алтын көмбесі – Сыр өңірі өзгелерге үлгі болуы тиіс, – деді ¬облыс әкімі.
Аймақ басшысы «Сыр елі – Жыр елі» деген атқа лайықты үлес қосып, өнер мен мәдениет саласының абыройын асқақтатып жүрген сала қызметкерлерін төл мерекелерімен құт¬тықтап, жылы лебізін білдірді және облыстың даму көрсеткіштеріне тоқталып, соңғы үш-төрт жылда қол жеткізген табыстарымызбен таныстырды. Жалпы, өңірдің мәдениет саласында же¬тістіктер жетерлік. Саланы қаржыландыру көлемі жыл сайын ұлғаюда. Сәй¬кесінше, жаңадан ашыл¬ған мәдени -нысандар саны да артып келеді. 
Мәселен, 2013-2016 жылдары аймақта 23 типтік клуб, 4 музей және кітапханалар ашылып, 62 нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Облыстық тарихи-өлкетану музейі толықтай қайта қал¬пына келтіріліп, жаңа залдар жабдықталды және соңғы үш жылда мәдениет саласына 553 штаттық бірліктің берілуі саланың алға жылжуына оң ықпалын тигізуде.
Кездесуде облыс әкімі мереке иелерін ¬марапаттап, Қы¬зыл¬орда облысының «Құр¬мет» грамотасы мен  Алғыс хаттарын, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәде¬ниет саласының үздігі» төс¬белгілері мен министрліктің «Құрмет» грамотасын табыс етті. Шара барысында сондай-ақ, Тұрмағамбет атындағы ұлт-аспаптар оркестрінің бас дирижері Кеулімжай Ботабаев, Қазақстанның еңбек сіңір¬ген өнер қайраткері, суретші әрі ақын Қайырбай Зәкіров, Бұқарбай батыр ауылының кітапханашысы Шара Қазиева, жыршы Шолпан Биімбетова және басқа шығармашылық өкілдері мәде¬ниет саласын қолдап, қамқор¬лық танытып отырғаны үшін аймақ ¬басшысына ризашылықтарын білдірді және орайлы сәтте саладағы кейбір шешімін таппай отырған мәсе¬лелерді жеткізіп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Облыс әкімі өнер қызметкерлері көтерген мәселелердің өз ретімен шешілетінін айтып, орынбасарына және  тиісті сала басшыларына бірқа¬тар тапсырмалар жүктеді. 
Айнұр БАТТАЛОВА,
Бағдат ЕСЖАНОВ (сурет).
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз