«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» – МЕРЕЙЛІ ШАРА

56

0

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» – МЕРЕЙЛІ ШАРА«Сыр медиа» ЖШС жанындағы
облыстық коммуникациялар орта­лығында облыстық білім басқар­масының басшысы
Бақытжан Сайлыбаев БАҚ өкілдеріне арнап брифинг өткізді. Онда «Балаларға бірге
көмек берейік!» ұранымен өтетін «Мектепке жол» жалпы республикалық
қайырымдылық акциясының бастал­ғанын
және осы бағытта атқарылатын жұмыстар
жайын әңгімеледі.

Оқу жылының басталуына да аз
уақыт қалды. Ендігі мәселе оқушылардың мектепке дайындығын пысықтау болып
табылады. Осы тұрғыда жыл сайын ұйымдастырлатын қайырымдылық акциясының
маңыздылығы зор екені белгілі.

Негізінен қайырымдылық
акциясының мақсаты аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, жетім балалар мен
ата-ананың қамқорлығынсыз қалған оқушыларға
жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша
олардың мектепке бара алмай қалуының алдын алу үшін көмек қолын созу болып
табылады.

– Облыста дәстүрлі түрде 1
тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтетін
«Мектепке жол» республикалық акциясы
басталды. Ең алдымен балалардың
тізімі әзірленеді. Рейд жұмыстары ұйымдастырылады. Сонымен қатар, балаларға
көмек көрсету бойынша аудандарда да «Балаға мейірім сыйла», «Ауыл балаларына –
мектепке сыйлықтар», «Отбасы отбасыға көмек көрсетеді: балаларды мектепке
дайындаймыз» атты қайырымдылық акциялар
белсенді түрде өтетін болады. Ал шалғай
елді мекендерде мектеп формасы мен құрал-жабдықтарының жылжымалы жәрмеңкелері ұйымдастырылып, сенім
телефондарымен жедел байланыс желілері үздіксіз жұмыс жасайды. Мәселен, өткен
жылы облыс бойынша 24 мың көп балалы және аз қамтылған отбасыларынан
шыққан балаларға қолдау көрсетіліп,
қажетті оқу жабдықтарымен қамтамасыз етілген болатын. Қайырымдылық акция
барысында атқарылған жұмыстар сараланып, нәтижесін анықтау негізінде
әлеуметтік зерттеулер мен сауалнамалар
жүргізіледі,-деді басқарма басшысы.

Одан әрі қалалық ішкі істер
басқармасы, ювеналды бөлімінің капитаны, полиция майоры Гүлнәр Дүйсенова:

– Аз қамтылған отбасы
балаларын анықтап, әлеуметтік көмек көрсетеміз.
Бізде 14 әкімшілік учаскілік пункт бар. Олар өздеріне бекітілген аумақты
қатаң бақылайды. Сондықтан әрбір отбасының жайы белгілі. Мәселен, әкесі істі
болған, ал жары 7 баласын жалғыз өзі жетілдіруде. Оның төртеуі мектепке барады.
Осы отбасының балаларына мектепке қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етіп
отырмыз. Міне, осындай отбасылармен жұмыс жасаймыз,– деді.

Және де шара барысында
басқарма басшысы биылғы оқу жылында 14
білім беру ошағы жаңа нысанға көшіріледі, ал оқулық жайы толық шешілгендігін
жеткізді. Оқулыққа деген тиісті қаражат
бөлініп, тек енді кейбір аудандарға жеткізіліп жатқандығын да тілге тиек етті.

Сондай-ақ, білім
басқармасының бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша биыл жаңа оқу жылында 16009 бала алғаш рет
мектеп табалдырығын аттайды екен. Айта кетерлігі, қазіргі таңда облыс бойынша
толық емес отбасыларында – 10564, қолайсыз
жанұяларда – 472, көпбалалы шаңырақта – 20802 және тұрмысы төмен отбасыларында 15065 мектеп жасындағы балғын
тәрбиеленеді.

Брифинг соңында аталмыш
басқарма басшысы мемлекеттік мекеме, бизнес-құрылымдарды және үкіметтік емес
ұйымдарды акцияға белсенді қатысуға шақырды.

 

Сара ҚОРҒАНБАЙҚЫЗЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз