МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖАРЛЫҚТАРЫМЕН:

64

0

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖАРЛЫҚТАРЫМЕН:Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы;  
Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулин Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы;
Серік Нығметұлы Ахметов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды.
ПАРЛАМЕНТ
Мемлекет Басшысының Жарлығымен Нұрлан Нығматулин ҚР Президенті Әкімшілігінің Жетекшілігіне тағайындалуына орай Палата Төрағалығы міндетінен босатылды.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып  бұған дейін Палатаның Вице-спикері қызметін атқарған Қабиболла Жақыпов жасырын дауыс беру жолымен сайланды.
Мәжіліс Төрағасының орынбасарлығына бұған дейін Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы қызметіндегі Дариға Назарбаева сайланып отыр. Сондай-ақ ол Мәжілістегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшілігін қоса атқаратын болды.   
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ ҚҰРАМЫ ТУРАЛЫ» ЖАРЛЫҚ
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабына сәйкес мыналар:
Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары;
Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;
Әсет Өрентайұлы  Исекешев – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –  Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі;
Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы  министрі;
Асылжан Сарыбайұлы Мамытбеков – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;
Берік Мәжитұлы Имашев – Қазақстан Республикасының Әділет министрі;
Аслан Бәкенұлы Сәрінжіпов – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;
Салидат Зекенқызы Қайырбекова – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;
Тамара Босымбекқызы Дүйсенова – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек – Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі;
Нұрлан  Жамбылұлы  Қаппаров – Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрі;
Арыстанбек Мұхамедиұлы – Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі;
Ұзақбай Сүлейменұлы Қарабалин – Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі;
Болат Бидахметұлы Жәмішев – Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі;
Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі;
Владимир Карпович Божко – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі;
Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;
Ерболат Асқарбекұлы Досаев – Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі;
Жанар Сейдахметқызы Айтжанова – Қазақстан Республикасының Экономикалық интеграция істері министрі;
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев – Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшесі болып тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз