МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ОЗЫҚ ҮЛГІСІ ЕНГІЗІЛМЕК

202

0

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ  ОЗЫҚ ҮЛГІСІ ЕНГІЗІЛМЕКБүгінде Қазақстан мемлекеттік басқарудың ілгерілетілген жаңа модельдерін қалыптастыруда. Со¬ның бірі жобалық менеджмент (жобалық басқару) саналады. Бұл модель Батыс елдерінде көп жылдан бері кеңінен қолданылып келе жатса, көршіміз Ресей Федерациясында да бұл бағытта біршама жұмыстар жүзеге асырылуда. Біздің елімізде Бас Прокуратурада, Астана қаласы әкімшілігінде жобалық басқару қолданысқа ене бастаса,  Үкімет пен бірқатар министрлікте Жобалық кеңсе құру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Жобалық кеңсе дегеніміз – жобалық басқаруды әдістемелік және ұйымдастыру жағынан жауапкершілік жасайтын құрылым. 
Еліміздің облыстарында Жобалық кеңсе әзір жоқ. Қызылорда облысында пилоттық жоба ретінде өңірлік деңгейдегі Жобалық кең-сесін құру бағытында жұмыстар басталуда. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың тапсырмасына сай жоба¬ларды басқарудың озық әдіс¬темелерін өңірімізде енгізуді қолға алу мақсатында облыс әкімінің кеңесшісі Ирина Ким бастаған деле¬гация Белгород -облысында іссапарда болған еді. Бұл ¬жерде таңдау неліктен Белгород облысына түсті деген сұрақтың болуы заңдылық.
Белгород облысы Ресей Федерациясында жобалық басқаруды алғаш енгізген өңір болып есеп¬теледі. Облыс губернаторы Евгений Савченко осыдан жеті жыл бұрын басшылыққа келгеннен бері облыс өнеркәсібі өнімдері 1,5 есеге, ауылшаруашылық саласы өнімдері 1,8 есеге өсті. 1,5 млн халқы бар облыс 15 млн халықты азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыр. Облыс жалпы ішкі өнім көрсеткіші бойынша елде екінші орында келеді. Өңірде жақсы инвестициялық ахуал қалыптасқан, жалпы құны 100 млрд рубльден  50 шақты жоба жүзеге асырылуда. Аталған облыс аумағында Ресейдегі ең ірі Лебединск тау-кен байыту комбинаты құрылысы аяқталу үстінде. Ондағылар мұндай нәтижелі істерге қол жеткізуге жобалық басқаруды енгізудің тікелей әсері болды деп есептейді. Бүгінгі таңда ¬Белгород облысының барлық аудан мен депар-таментінде Жобалық кеңселер жұмыс істейді. 
Озық тәжірибені үйренген абзал. Сейсенбі күні Белгород облысы әкімшілігінің ¬мамандары Қызылорда қаласында болып, ме쬬-лекеттік ¬органдарда жоба¬лық басқаруды енгізу ¬туралы шеберлік-кластар өткізді. ¬Белгород облысының ішкі және кадрлық сая¬сат департаментінің жобалық-талдау және бақылау ұйымдастыру жұмысы басқармасы басшысы Ирина Кирилова қазіргі кезеңде Ресей үкіметі деңгейіндегі Жобалық кеңседен бастап, федералдық (сала¬лық), өңірлік және муниципальдық деңгейлердегі Жобалық кеңсе¬лер жұмыс істейтінін және олар¬дың барлығында үйлестіру ¬ор-ган¬дары бар екенін жеткізді. РФ министр¬ліктері үшін  стратегиялық дамудың 11 басым  бағыты айқындалған.
Жобалық менеджмент 2014 жылы Сочи олимпиадасын өткізу кезінде табысты жүзеге асырылған. Онда 11 орталық жобалық кеңсе, 20 атқарымдық жобалық кеңсе құрылып, осында жұмыс істейтін 600 адам оқып, үйретілді. Ал бұл модель сол кездің өзінде табысты жұмыс істеп тұрған Белгород облысының жобалық бас¬¬қа¬ру жүйесінің толықтай көшір¬месі еді. Олимпиаданың сәтті ұйымдастырылғаны туралы әлем¬дік қауымдастық өз бағасын берді. Сол уақытта Ресей үкіметі тиімді басқарудың құралы бола алатын осы менеджмент түріне назар аударған болатын.
Сол секілді Сбербанкте де жоба¬лық басқару сәтті жүзеге асы-рылуда. Оның басшысы Герман Греф – үнемі  ізденісте жүретін, жаңашылдықты енгізуімен көзге түскен тұлға. Ол басқару жүйесін тек банкте ғана емес,  мемлекеттік қызметте де өзгерту керек деген пікір білдірген. Осындай екі позиция РФ мемлекеттік органдарының барлығында дерлік жобалық бас¬қарудың кеңінен енгізіле бастауына қозғау болды. 
Семинар өткізушілер жобалық басқарудың мақсатын түсіндірді. Ол – адами, қаржылық және материалдық ресурстарды тиімді пайдаланып, жобаны жүзеге асыруға кететін шығынды азайтып, өнімнің, қызметтің өзіндік құнын азайту жобаны дайындау мерзімін тездету. Жобалық басқару жобаның идея түрінде басталып, толықтай жүзеге асырылғанға дейінгі аралықтағы процестерді үлкен дәлдікпен бақылауға мүмкіндік береді. Әрбір жобаның аясында жасалынған жұмыстарды көріп бағалауға, уақыттың, еңбектің, адамның және басқа да ресурстардың жалпы сараптамасын жасауға болады. 
Мастер класс барысында Белгород облысының ішкі және кадрлық саясат департаментінің жобалық тал¬дау және бақылау жұмысы басқармасы басшысының орын¬басары, бөлім басшысы Маргарита Чистякова жобалық басқару құралдары мен тетіктері жайлы айтып берді. 
Жоба әдетте идея түрінде басталып, бастама немесе ұсыныс енгізіледі. Оның атап өткеніндей, жобаны жоспарлау үшін бірінші жұмыс тобы құрылады. Екінші кезекте жұмыс тобы мүшелерінің кәсіби сәйкес келуі бағаланады. Содан кейін жобаны бекітуге дайындайды. Жобаға бастама білдірілгеннен кейін оның мақсаты айқындау жобаны сараптамадан өткізу, жұмыс тобын құрып, паспорты бекітіледі. Сараптамадан өткізіліп, паспорты жасалғаннан кейін жоба жоспарланады. Содан кейін жобаны басқару жоспары жасалады. Жобаны жүзеге асыру барысында мониторинг пен бақылау жасау қоса жүреді. 
Жобалық кеңселер құрамы тез шешім қабылдай білетін, үнемі ізденісте жүретін, жүйелі түрде ойлайтын, тез шешім қабылдап, жұмысты қысқа мерзімде орындай алатын адамдардан құралу керек. Бұл арада америкалық инженер-бағдарламашы Том Демарконың «Жобалар сәтсіздікке техниканың кесірінен емес, адамдардың арқасында сәтсіздікке ұшырайды» деген пікрін есте сақтаған абзал.
М.Чистякова жобалық басқару адамның ұйымдастыру қабілетін өте ерекше арттыратынына назар аударды. Ондай қасиетті қалыптастыру өзінің айналасындағы жұмыс рәсімдеріндегі болып жатқан жағдайды толық ұйымдастыра біледі, нәтижеге жету үшін ресурстың, ақшаның және уақыттың қаншалықты қажет екендігін айқындай алады, компанияның әрбір мүшесінде қандай жауапкершілік тұрғанын анықтай алатын болады. Бір сөзбен айтқанда, жобалық басқару – біздің келешегіміз, жаңа өнімдер мен жаңа жетістіктер. Оның тағы бір ерекшелігі, берілетін тапсырманың уақыты ықшамдалады, немесе адамдар бір-бірін жарты сөзден ұғынып, бір бағытта ойлау мүмкіндіктеріне ие болады. Мәселен, жұмыстың сатылай құрылымын құру қажет делінсе, ол тапсырманы ұзақ және жалықтырып алатындай етіп түсіндірудің еш қажеті жоқ. Аталған тапсырманы орындау үшін белгіленген жобалық бағытталған қызметін уақыттың қатаң тәртібінде команданың әрбір мүшесінің міндеті мен жауапкершілігін нақты айқындап, диаграмма түрінде немесе кесте ретінде бәрін жазып, жалпы жобаның мақсатымен үйлестіру қажет. 
Жобаларды басқару – бұл нақты, теориялық емес әдістеме ғылымы, ол стандарт түрінде берілген бүкіл әлемнің жобалық басқаруды шоғырландырған тәжірибесі деп түсінген дұрыс. Ол міндеті бар және айрықша өнім нәтижесі деген түсінік беретін жоба ретінде қарастыратын кез келген істің жетістігіне кепіл береді. Оқыған, сауатты жобаны басқарушы – халықаралық сертификатты иеленуші ғана емес, адамдық қызметтің барлық салаларында өзінің нақты және ең басты тиімді нәтижеге қол жеткізуді мақсат тұтатын жобаны басқара алатын білімі бар тұлға болып саналады. Ол жобаны басқару барысында материалдық пайданы көздемейді. 
Ресейлік мамандар семинарда Белгород облысында жобаларды жүзеге асырушыларды материалдық және материалдық емес түрінде ынталандыру жайынан да мәліметтер берді. Материалдық ынталандыру барысында жобаның күрделілігі, тиімділігі, командалық жұмыс, мерзімінде үлгеру, сапалы орындалу коэффициенттері есептеледі. Ал материалдық емес ынталандыруға, байқау жеңімпазы атану, қызмет бабымен жоғарылату секілді басқа да түрлері жатады. 
Меймандар сонымен қатар, Белгород облысында жүзеге асырылған бірқатар жобалар туралы  ақпарат¬тармен бөлісіп, семинарға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Ыдырыс ТӘЖІҰЛЫ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз