МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕМЕНШІК ӘРІПТЕСТІК

66

0

билік пен бизнес арасындағы қатынастарды жаңа белеске
көтереді

МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕМЕНШІК ӘРІПТЕСТІКБейсенбі
күні облыстық әкімдік пен ҚР Ұлттық экономика министрлігі «Қазақстандық
мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ бірлесе отырып,
«Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы» ҚР Заңын түсіндіру бойынша өңірлік
семинар өткізді. ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Марат Құсайыновтың
төрағалық етуімен өткен семинарға мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар,
бизнес қауымдастықтар, «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік
орталығы» АҚ, «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын сүйемелдеу орталығы»
ЖШС өкілдерімен қатар, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары
әкімдіктері мамандары қатысты.

Семинарда об­лыс әкімінің
орынбасары Қуа­нышбек Ысқақов қазіргідей экономикалық жағдайда
мемлекеттік-жекеменшік әріп­тес­тік байланыстың артуы­ның ма­ңызы зор екенін
атап өтті. Бі­рін­шіден, қолайлы қаржы­лан­дыру көзі табылса, екіншіден, өнді­ріс­ке
жаңа заманауи технологиялар қолдануға мүмкіндік туады. Қ.Ысқақов өңірдің
инвестициялық климатын жақсарту мақсатында соңғы үш жылда алты инвес­тициялық
форум өткізілгенін жеткізді. Оған әлемнің 19 елінен бизнес өкілдері қатысты.
Бүгінде 2015 жыл қорытындыланып, 2016 жылғы жоспар да айқындалып қойылды.
Дағдарыс жағдайында тұрақтылықты сақтап қалу оңайға түспесе де, өңір
экономикасын әртараптандыру бағытындағы жос­парлар біртіндеп жүзеге асып ке­ле­ді.
Соның нәтижесінде өңдеу саласындағы көрсеткіштеріміз де өсіп отыр. Облыс
әкімінің орынбасары жүзеге асырылған
және асырылып жатқан индустриялық жобалар жайын баяндады. Облыста
мемлекеттік-жекеменшік әріптестік саласында қолға алынып жатқан жобалар жөнінде
кеңінен мәлімет берді. Қуанышбек
Досмайылұлы сөз соңында семинар жұмысына сәттілік тіледі.

Мұнан кейін сөз алғанҚР Ұлт­тық экономика бірінші вице-минстрі Марат Құсайынов Мемлекет басшы­сының
тапсырмасын орындау үшін Ұлттық экономика министрлігі өткен жылдың желтоқсан
айынан бастап «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы» Заңының нормалары мен
ережелерін мемлекеттік органдарға, әкімдіктер мен бизнес қауымдастықтарға кең
көлемде түсіндіру бойынша жұмыстар бас­талғанын жеткізді. Бұл бастама бү­гінгі
таңда Үкімет пен өңірлер жә­не бизнес арасында өзара тиімді, ұзақ­мерзімді ынтымақтастықты құ­ру арқылы
әлеуметтік маңызды жо­ба­ларды іске асырудың шынайы баламасы екендігін атап
өтті. «МЖӘ-нің дамуын одан әрі жыл­дамдату үшін ҚР Үкіметінің Дағдарысқа
қарсы жоспарының аясында Өңірлерді
дамыту бағдарламаларына жылына кемінде 5 МЖӘ жобасын іске асыру индикаторы қосылды» – деді министр
орынбасары өз сөзінде.

«Мемлекеттік-жекеменшік әріп­тес­тік туралы» ҚР
Заңының мақсаты қоғамдық игіліктер мен көрсетілетін қызметтердің сапасының және
қолжетімділік деңгейін арттыру үшін ресурстарды біріктіру арқылы Қазақстан
Республикасы мен жеке сектор арасында ұзақ мерзімді ынтымақтастықты
қалыптастыру және күшейту болып табылады.

Жеке қаржылық бастама. МЖӘ туралы Заң жекеменшік
объектілері бар кәсіпкерлерге (балабақшалар,медициналық мекемелер және т.б.) МЖӘ жобаларына бастама жасауға және
баламалы ұсыныстар болмаған жағдайда, конкурс өткізбей, тікелей келіссөздер
жүргізу негізінде шарт жасау мүмкіндіктерін береді.

МЖӘ шағын нысандары. Үлгі­лік құжаттама негізінде іске
асырылатын құны 4 млн-ға дейін айлық есептік көрсеткішті құрайтын (8,4 млрд
теңге) жобалар бойынша, ал­дын ала біліктіліксіз және сараптамасыз (Ұлттық
кәсіпкерлер палатасы тізілімі негізінде) конкурс өткізіледі. Республикалық дең­гей­де
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сәйкесінше, өңірлік палаталармен бірге тәсілдерді
айқындайды және алдын-ала біліктіліктен өтпей жергі­лікті МЖӘ жобаларына қаты­суы
үшін кәсіпкерлер тізілімін қа­лып­тастырады.

Сервистік келісім-шарттар. МЖӘ туралы Заң
ғимараттарға, құры­лыс­тарға ақпараттық жүйелер­ге тауарларды және көрсетілетін
қызметтер мен жұмыстарды дәс­түрлі сатып алудан жеке секторға сервистік
функцияларды беру арқылы сервистік модельге өтуге мүмкіндік береді.

Сервистік келісім-шарттар мем­­ле­­кеттік денсаулық
сақтау объек­­­тілерін зертханалық анализ, та­­мақ өнімдерін жеткізу сияқты қыз­­мет
түрлерімен қамтамасыз ету үшін қол­даныла
алады. Олар жеке әріп­тестің (тәжірибесін, озық тех­­­нол­о­­гияларын)
салыстырмалы ар­тық­шылықтарын пайдалануға ба­­­­­­­­­­­­ғыт­талған. Білім беру
саласында сер­­­вистік байланыстар ақпараттық жүйе­­­лермен жұмыс үшін,
байланыс, коммутация, техникалық құ­­рал­­дарына қызмет көрсетуде кон­­фе­ренция
залдарын, оқу аудито­рия­­­ларын жарықтандырудапайдаланылады.

Мемлекеттік қолдау шаралары. МЖӘ туралы Заңда жаңа жо­ба­­ларды
инвестициялық және опе­ра­циялық шығындар өтемақы­сын, қол­жетімділік және
мемлекет­тік кепіл үшін төлемді қоса алғанда мемлекеттік қолдаудың барлық
арсеналы сақталған.

Жеке сектордың жоспарлау рәсімдеріне қатысуы. МЖӘ
туралы Заң қабылданғаннан бастап елімізде бәсекелестік диалог тетігі енгізіле
бастады, онда мемлекет жоспарланатын МЖӘ жобасы туралы жария­лайды, ал барлық
қызығушылық танытқан тұлғалар жобаның тұ­жырымдамасын, конкурстық құжат­таманы
талқылауға және әзірлеуге қатыса алады.

Жалпы жаңа Заң МЖӘ-ні қол­дану саласы бойынша
шектеулерді алып тастауды көздейді, МЖӘ-ге қатысушылардың субъектілік құрамын
кеңейтеді, МЖӘ жобаларына бастама жасау және дайын­дау жеке сектордың рөлін
арттырады.

– «Мемлекеттік-жеке­мен­шік әріптестік туралы» Заң
мемлекет пен бизнес арасындағы қатынастарда жаңа белестерді ашады, ұлттық
экономиканың барлық салалары мен аяларында МЖӘ-ні қолдану әлеуетін кеңейтеді
және Қазақстанның жаңа өсу моделінің негізгі элементтерінің бірі болып табыла
алады,– деді ҚР Ұлттық экономика бірінші
вице-министрі Марат Құсайынов сөз түйінінде.

Мұнан кейін семинарда мем­ле­кеттік-жекеменшік әріптес­тік
(МЖӘ) жұмыстарын одан әрі ұйым­дастыру, МЖӘ-ні дамытудың жол картасын енгізу
мәселелері, сондай-ақ «Мемлекеттік-жекемен­шік әріптестік туралы» ҚР Заңын
түсіндіру, экономиканың барлық са­лаларында МЖӘ жобаларын жоспарлау және іске
асыру рәсімдері талқыланды. Бұл бойын­­ша семинарға қатысушыларға «Қа­­зақстандық
мемлекеттік-жеке­мен­шік әріптестік орталығы» АҚ басқарма төрағасының
орынбасары Ғалымбек Мамыраев, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Бюджеттік
инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаменті
директоры Нұрым Аязбаев кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 

Ыдырыс ТӘЖІҰЛЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз