«Мен Қазақпын» мега жобасы ұлт өнерін ұрпаққа насихаттайды

205

0

«Мен Қазақпын» мега жобасы ұлт өнерін ұрпаққа насихаттайдыЕлбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы қоғамдық өміріміздегі айрықша құбылыс болды. Мақала¬дағы ең ерекше көңіл аударатын тұс – ұлттық ¬кодты жоғалтпау мәселесі. Мұндағы басты шарт – ұлттық кодты бойға сақтай білу, дәуірден сүрінбей өткен озық дәстүрлерді жаңғырту мен дәріптеудің мән-маңызына басым бере отырып, ұлттық рухани тамырдан нәр алуына басымдық береді.
Елбасы өз сөзінде: «Салт-дәстүріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» деді. Осы ретте Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникация министрілігінің қолдауымен «Қазақстан» Рес¬публикалық Телерадикорпорациясы» акционерлік қоғамы  бірлесіп атадан-балаға мирас болған ұлт өнерін ұрпақ¬қа насихаттау мақсатында «Мен Қазақпын» атты халықаралық телевизиялық мега жобаны қолға алып отыр.
Жобаның мақсаты – еліміздің түкпір-түкпіріндегі дәс¬түрлі әнші, термеші, күйшілердің басын бір арнада тоғыстырып, еліміздің әр аймағында қалыптасқан өнер мектептерінің таңдаулы туындыларын дәріптеу мақсатында атадан-балаға мұра болып келе жатқан төл өнеріміз – күй, жыр-термені дамытып, заманға сай жаңашаландырып, өскелең ұрпаққа насихаттау. Сондай-ақ, телебайқау аясында ән-күймен қатар өңірдің тарихи-мәдени ескерткіштері, мұражайлары, ел ішіндегі шежірелі абыздар, қарттар, өнерпаздар, қолөнер шеберлері, т.б. мәдени өмірі туралы түсірілім жасалып, әр облыстың жетістігі де көрсетіледі.
«Мен Қазақпын» халықаралық телевизиялық мега жобаға 18 бен 40 жас аралығындағы халық композитор¬ларының туындылары мен халық әндерін домбыра, қобыз, сырнай аспаптарының сүйемелдеуінде орындайтын өнерпаздар қатыса алады. Байқауға қатысу үшін облыстық, қалалық, аудандық мәдениет басқармалары, концерттік ұйымдардың дирекциясы мен көркемдік кеңесінің, мәдениет, оқу орындарының педагогикалық кеңестің ұсыныстары керек. Жобадағы басты талап – қатысушылардың бір-бірінің шығармасын қайталамау және сирек орындалып жүрген ұлттық шығармаларды насихаттау. Қатысушылардың өнерін бағалау үшін елімізге танымал термешілер, күйшілер, жыршылардан құралған қазылар алқасының құрамы бекітіледі. Байқаудың қазылар алқасына іріктеу кезеңінде «Қазақстан» ұлттық арнасының арнайы өкілдері және жергілікті жерлердегі ұлт өнерінің беделді қайраткерлері шақырылады. Қазылардың шешімі бойынша «үздік» деп танылған өнерпаз келесі айналымға жолдама алады. Демек, әр өңірден шыққан 1 дәстүрлі әнші, 1 термеші, 1 күйші халықаралық телевизиялық мега жобаға қатысады.
Жергілікті жерлерден құралған қазылар алқасына кор¬порация тарапынан елімізге танымал дәстүрлі әнші, күйшілерден әр өңірге бір адамнан қазылық етуге қатысады. Ол адам қазылық атқарып, жеңімпазды анықтағаннан кейін Астана қаласында өтетін телевизиялық байқауда сол үміткерлерге тәлімгерлік атқарып, жоғары деңгейде өнер көрсетуіне қолдау көрсетеді. Ал республикалық телевизиялық байқауға арнайы қазылар алқасы бекітіледі.
Өңір жеңімпаздары Астана қаласы «Қазмедиа» орта¬лығында бас қосып, финалдық жарыста бақ сынайды. Ақтық мәре тікелей эфирде өтеді және жеңімпаздарды көрермен «смс» арқылы анықтайды. Жеңімпаздар бағдарлама аясында арнайы сыйлықтармен марапатталып, бас жүлде үшін «Жылдың ең үздік дәстүрлі әншісі», «Жылдың ең үздік термешісі», «Жылдың ең үздік күйшісі» атағы беріледі.
Осы тұста облыстан жеңіп шыққан, республикалық байқауға жолдама алған үміткерлерді телевизиялық байқауға түсіру барысында әр үміткерге жанкүйер болу үшін жергілікті дәстүрлі өнерді насихаттаушылардан құралған қолдаушы топ болады. Олар қазіргі қазақ дәстүрін насихаттап жүрген балуан, аңшы, батагөйі, құсбегі, зергер, әнші, күйші, т.б. өнер иелерінен құрылуы шарт. Олар¬дың да киген киімі, жүріс-тұрысына баға беріледі. Байқау шарты бойынша жеңімпаздарды анықтау сәтте әр өңірдің байқауды ұйымдастырудағы шеберлігі, ұлт өнерін дәріптеуге қосқан еңбегі ескеріліп, өнерпазбен бірге облыстық мәдениет басқармалары да марапатталады.
Сонымен, бұл ұлттық байқаудың түсірілім жұмыстары 5 маусымнан 21 маусым аралығында республикамыздың 14 облысы, Астана, Алматы қалалары және Ресей Феде¬рациясының Қосағаш елді мекені, Моңғолия Республикасы Баян Өлгей аймағы, Қытай Халық Республикасы Алтай өңірінде өтеді.
«Мен Қазақпын» мега жобасының телевизиялық түп¬нұсқасы жаңа маусымда 2017 жылдың 3 қыркүйегінен 10 желтоқсан аралығында әр жексенбі күні болады.
ҚР Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында жобаның жеңімпазы анықталып, елімізге танымал өнер жұлдыз¬дарының қатысуымен гала-концертпен аяқталады.
Қазіргі таңда аймағымыздың әр ауданында іріктеу кезеңі өтіп жатыр. Ал 13 маусым күні А.Тоқмағамбетов атын¬дағы мәдениет үйінде облыстық іріктеу кезеңінің ақтық мәресі өтеді. Жобаның толық телевизиялық нұсқасы түсіріледі. Сонымен қатар, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасына облыстық іріктеу кезеңінің күнделігі дайындалады.
Қуаныш СҮЛЕЙМЕНОВ,
«Қазақстан» ұлттық телеарнасы бағдарламалар 
өндірісі жөніндегі дирекцияның продюсері.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз