«МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ» СЫР ЕЛІНДЕ

71

0

Арал. Өткен сенбіде Аралда Қазақстан халқы Ассамблеясының
20 жылдығы құрметіне  орай жасақталған «Менің
Қазақстаным» атты үгіт-насихат пойызы келіп жетті. Той өлең-жырсыз болған ба?!
Аралдық  өнерпаздар меймандарға арнау
жолдаса, ұлттық дәстүрмен  шашу шашылды.
Өзінің тілегінде 
Арал ауданының әкімі Абзал Мұхимов 
мерекелік пойызды барша тұрғындардың 
зор ықыласпен тосқанын, ел бірлігі барша қазақстандықтарға  аса қасиетті құндылық саналатындығына тоқ­талды.
Ал үгіт пойызының басшысы Ғазиз Төлебаев биылғы жылдың  бірлік жылы екендігін, көпұлтты  халқымыз үшін бұл ұғымның маңызы ерекшелігін
айтып өтті.
«Менің Қазақстаным» пойызы бағдарламасына сәйкес
бірнеше нысандарда түрлі шаралар ұйымдастырылды. Мәселен, Арал аудандық кәсіпкерлік
палатасында шаруасын нығайтып, жаңа кәсіп түрін ашамын деушілерге арналған
кеңес отырысы өткізілді. Оған «Жастар кәсіпкерлерінің қолдау қоры» қоғамдық
қорының,  «Цеснабанк» АҚ бөлшек несие,
«Цеснабанк» АҚ шағын және орта бизнес департаменттерінің,  «Ауыл шаруашылықты қаржылай қолдау қоры»
АҚ-ның,  Қызылорда облысы Кәсіпкерлер
палатасының, өзге де құрылымдардың өкілдері қатысып кәсіпкерлер тарапынан
қойылған сұрақтарға тұшымды жауап қайтарды. Кеңестерімен бөлісті. Әсіресе
мемлекеттік бағдарламалар бойынша несиенің пайыздық мөлшерлемесінің бір бөлігін
субсидиялау,  ішінара кепілдік беру,
инновациялық гранттар, инфра­­құрылымдарды тарту, жер телімдерін бөлу және
жылжымайтын мүліктерін кәсіпкерлік мақсатқа ауыстыру, басқа да кәсіпкерлерге
өте қажетті тақырыптар қамтылды. 
Сондай-ақ «Менің Қазақстаным» пойызының мүшелері
аудандық тарихи-өлкетану және балықшылар мұражайына бас сұқты. Мұндағы екі
жарым мың жәдігер қонақтар назарына ұсынылды. Меймандар  мұражайдың құрметті кітабына қолтаңба
қалдырды.
Жұмабек ТАБЫНБАЕВ.
Арал ауданы.

 
***
Жаңақорған. Қазақстан халқы Ассамблея­сының 20
жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» пойы­зы» Жаңақорған ауданы­на кідіріп,
жұртшылықпен арқа -жарқа кездесулер өткізді. Вокзал перронында құрметті мей­ман­дарды
қонақжайлылықтың сән-­салтанатымен қарсы алған аудан басшылығы мен түрлі ұйым
мү­шелері шашу шашып, құрмет көрсетті.  
«Менің Қазақстаным» пойызы­ның насихатшы өкілдері
әуелі аудандық тарихи-өлкетану музейіне барып, ондағы құнды жәдігерлер мен
дәйекті деректермен,  әдебиет және өнер
залындағы жергілікті ақын-жазушылардың тұтынған заттары мен ғұмырдеректеріне
назар аударды. Еліміздегі халықтар достығын паш ететін шара «Ордакент»
ардагерлер және жастар ресурстық орталығында жалғасын тапты. Осында «Менің Елім
– Мәѓгілік Ел» фото, кітап көрмесін тамашалағаннан кейін, үгіт пойызы мүшелері
«Сығанақ» этно-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестік мүшелері және ел ағалары,
жас буын өкілдерімен жүздесті. Кездесуде ҚР Президентінің жанындағы «Қоғамдық
келісім» Республикалық мемлекеттік мекемесі дирек­торы­ның орынбасары, «Менің
Қазақстаным» пойызының директоры, философия ғылымдарының докторы Ғ.Телебаев пен
ҚР Президенті  жанындағы   Мемлекеттік 
басқару академиясының аға  ғылыми
қызметкері Т.Жакиянов еліміздегі этносаралық толеранттылық пен қоғамдық
келісімді нығайту, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету,
этно-мәдени бірлестіктердің жұмысына жағдай жасау жөніндегі тұшымды ойларын
ортаға салды.
Үгіт пойызының басшылары Ұлы Отан соғысының ардагері
Махметжан Сапарбаевтың шаңырағына бас сұғып, ардагерді Ұлы Жеңістің 70
жылдығымен құттықтады. Мерекелік сый-сияпаттар ұсынды.
Үгіт-насихат құрамындағы 20-ға жуық ақ халатты абзал
жандар аудандық емханада 351 аудан тұрғындарын қабылдап, дәрігерлік кеңестерін
берді.
Кездесулер барысында «Жол картасы-2020»  бағдарламасы 
аясында  несие алу, зейнетақы және
оралмандардың азаматтық алу, жерді рәсімдеу 
мәселелері қозғалды.  «Менің
Қазақстаным» пойызы» акциясы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі
өкілдерінің қатысуымен №110 мектеп-лицейінің мәжіліс залында «Мәңгілік ел
жастары – индустрияға!» тақырыбында мектеп бітіруші түлектермен кездесу
өткізілді. Кездесуге 900 мектеп бітіруші түлектер мен ұстаздар қатысты.
Ал кәсіпкерлерді 
қолдау орталығының конференция залында 
«Менің Қазақстаным»  акциясының
шеңберінде  аудан кәсіпкерлеріне  және тұрғындарына кәсіпкерлік  саласы бойынша,  қаржылық 
қолдау  көздері мен  тәртіптері бойынша  кеңес беру жұмыстары жүргізіліп,  шаруа қожалықтардың  көкейде жүрген мәселелері  талқыланып, 
ұсыныс-пікірлер айтылды.
Үгіт-насихат пойызы мүше­лерінің аудандағы кез­десу­леріне
аудан әкімі Р.Рүстемов пен ардагерлер кеңесінің төрағасы З.Шермағанбетов
жолбасшылық жасады.
Н.
НАЗЫМХАНҰЛЫ.
 Жаңақорған
ауданы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз