МЕРЕЙІ ҮСТЕМ МЕРЕЙ

223

0

Қазалының қасиетті топырағы талайталант иесі, батыр, ғалым, ақын дүниеге келген киелі мекен. Тұран ойпатындатуып, еліміздің түкпір-түкпірінде абыройлы қызмет атқарып жүргендер қаншама.Сұлу Сырдың жағасында бұла өскен бір кездегі балдырғандар бұл күндері әрсаланың тізгінін ұстап отырған атпал азаматтарға айналған. Бірі шет те болса,енді бірі атамекенде өсіп-өніп, туған жерді түлетуге атсалысып келеді. Бәрініңде биік мақсаты, асыл арманы – туған жердің қадір-қасиетін арттыру, сәніне сәнберу, экономикасының тамырына қан жүгірту. 

Қазақта «Атына заты, ақылына көркі сай» деген тәмсілбар. Астарында терең мән жатқан осы бір тіркес жайдары көңіл, жомарт жүректіңиесі – Мерей Бердібайұлына арнап айтылғандай. Сәлемінен-ақ сыпайлығын сездіріптұратын Мерей орта мектепті бітірген соң, өзге сыныптастары секілді арман қуып,Қызылорда қаласына аттанды. Сондағы политехникалық техникумнан«Техник-гидротехник» мамандығын меңгеріп шықты. Бұдан бөлек, Қазақ мемлекеттікЗаң академиясынан «Заңгер» мамандығын алды. 

Бүгінде кәсібінен береке тауып, халықтың алғысынарқалаған Мерей алғаш кәсіпкерлікке 1997 жылы қадам басты. Күріш егуменайналысатын қожалықтарға ақшалай инвестиция салып, есебіне қара күрішті шикізатретінде алып, оны ақтап, ақ күріш күйінде сатты. Шыққан өнім сапалы және тазаболу үшін, 2007 жылы Қазалы қаласындағы бұрынғы “Автобаза” орнын күрделіжөндеуден өткізіп, күріш ақтайтын зауыт қойды. Зауыттан шыққан ақ күріштіҚазақстан Республикасының түкпір-түкпіріне және ТМД елдеріне экспорттайды.Зауытта 30 жұмысшы бар. Қазір Мерей Қожабақы ауылындағы 50 жұмысшысы бар«Агро-Өркен» серіктестігінің инвесторы. Серіктестікті қажетті барлық техникаменқамтамасыз етіп отыр. Қожабақы халқының басым көпшілігін жұмыспен қамтыпотырған кәсіпкер егіншілердің еңбегін ерекше бағалайды. Қырманды жайқалтып,қамбаны дәнге толтыруға білек сыбана кірісетін дихандардан әрдайым әлеуметтіккөмегін аяған емес. Әрбір жұмыскер мен қызметкердің туған күні, мереке күндері,мерейтой сәттерінде сыйақылармен қуантып, мерейлерін үстем етіп отырады.Мәселе, сыйдың көлемінде, құнында емес, берген адамның шынайы көңілінде. Бұлорайда Мерейдің шын ықыласы, кең пейілі бірінші кезекке шығады. «Жақсыныңжақсылығын айт, нұры тассын» демей ме? Кәсіпкерден біреуге қамқорлық танытқансәттерін, мұқтажға көрсеткен көмегін сұрай қалғанда «Оны жұртқа жариялапқайтеміз» деген жауабынан-ақ көп мақтауды құп көрмейтіндігін байқаймыз. 

Алайда, Мерейді мақтайтындар жетерлік. Жас­тар «Мерейаға біздің жанашырымыз» десе, мешіт имамдары да Мерейдің мейірімділігін сөзетеді. Аудан көлемінде атқарылатын айтулы шаралардың өз деңгейінде өтуінеатсалысқан азаматтар қатарыннан да Есқожаевтың есімі ерекше аталады. Қожабақыауылына бара қалсаңыз, «Мерей берген машинаны мініп жүрмін», «Мерей сыйлағантеледидар еді» деп тұрғындар ағынан жарылады. 

Халқыма болсын деп жүрген ер жігіттің еңбегін еліескеріп, марапат, құрмет көрсетіп келеді. 

2007 жылы Мерей Есқожаев «Ауыл шаруашылығы саласындағыүздік кәсіпкер» атанды. Әр жылдардағы Қызылорда облысы әкімдерінің қолынан«Диплом», «Құрмет грамотасын» алды. 2012 жылы «Өнім өндіру және өңдеусаласындағы үздік кәсіпкер» атағы Бердібайұлына бұйырды. Қызылорда облысындашағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін облыс әкіміҚ.Көшербаевтың «Алғыс хатын» иеленді. 2012 жылдан бастап, жыл сайын аудандашағын және орта кәсіпкерлікті дамытып, ауылшаруашылығы саласындағы өнім өндіру,өңдеу қызметі мен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан белсендіжұмысы үшін «Өнім өңдеу саласындағы үздік кәсіпкер» номинациясын бірнеше дүркінжеңіп алды. Өткен жылы ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптікодағының төс белгісі III дәрежелі «Еңбек Даңқы», «Қазақстан РеспубликасыныңТәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен наградталды. Қазалы ауданының жастары«Жастар жанашыры» атағын берді.

«Ең алғаш Қожабақы ауылына келіп, жер жыртып жұмысбастаған кезімізде «Бұл жерлерге егін түгілі, арам шөп шығуы қиын» деген сөзестідік. Тоқырау жылдары, қиын-қыстау кезең еді. Бірақ жастық жігер, жұмысқадеген ынта-ықылас жоғары болды ма, ешкімнің сөзіне құлақ аспай, кірісіп кеттік.Қиындықтар да аз болмады. Қазір шүкір дейміз, он жылдық маңдай тер жыл өткенсайын өз жемісін беріп келеді. 

Қожабақы ауылының тыныс-тіршілігіне көмектесіп,балалардың жазғы лагеріне және ардагерлердің демалыс орнына баруына,тұрғындарды аяқ сумен қамтамасыз етуге және де басқа әлеуметтік жағдайларынақолымнан келгенше қаржылай көмегімді беріп отырамын. «Агро-Өркен»серіктестігінде 23 техника бар, оларға уақытылы жөндеу жұмыстары жасалып тұрады.

Биылғы егінді төкпей-шашпай, жауын-шашынға қалмай,жұмысшылардың ұйымшылдығымен аман-есен жинап алдық. Биылғы күзгі егін жинаужақсы аяқталды. Өз атымнан шаруашылық құрылғалы еңбек етіп келе жатқан үздікегінші Кеңес Шайыққа «Нива», үздік механизатор Жеңіс Қошқарбаевқа «Лада приора»жеңіл автокөлігінің кілтін табыстадым. Басқа да егінші механизаторларымызғажасаған жұмыстарын бағалап диплом, алғыс хаттар табыстадық. Алла жазса, сыйғатартылатын көлік санын келер жылы арттырсақ деген ниеттемін», – дейді кәсіпкер.

«Еңбектің наны тәтті». Бұл сөздің мағынасынагроөркендік әрбір жұмысшы-қызметкер жақсы біледі. Басшыларының еңбекті бағалайалатын байыптылығы мен жомарттығына олар дән риза. Қазіргі уақытта,«Агро-Өркен» серіктестігі келесі жылға 1000 гектар жерге күріш дақылын, 300гектар жерге жоңышқа дақылын егуді жоспарлап, сүрлеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Туған жер – әр адамның түпқазығы. Рухының бесігі. Осыалтын бесіктің қадірі мен қасиетін аспандатқан, асқақтатқан ауданымыздыңатымтай жомарт азаматы Мерейге халық секілді біз де мерейің үстем болсындейміз! 

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз