МЕЙІРБЕКТІҢ МЕРЕЙІ

87

0

Шиеліде «Алтын күз-2017» мерекесімен бірге мемлекет және қоғам қайраткері Шахмардан Есеновтың 90 жылдық мерейтойының құрметіне орай ұйымдастырылған республикалық ақындар айтысының бас жүлдесі  айтулы ақын Мейірбек Сұлтанханның  қанжығасына байланды, – деп хабарлады аудандық «Өскен өңір» газетінің тілшісі.  

Киелі топырағынан талай тұлға түлеген шежірелі Шиелі дүбірлі айтыс додасын өткізді. Республикалық аламан айтыс «Тұлғасы биік Шахмардан» деген айдар алып, ғалымның 90 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылды.«Жүрсіннің жүйріктері» атанып, сұлу сөзден кесте өрген ақындар айтысына Президент сыйлығының иегері, республикалық «Айқын» газетінің Директор-бас редакторы, жерлесіміз Нұртөре Жүсіп бастаған қазылар алқасы әділ баға берсе, қоғам қайраткерлері А.Жағанова, академик А.Жұмаділдаев, сенатор М.Бақтиярұлы және өзге де азаматтар көрермен қатарынан табылды. 

Аудан әкімінің алғысөзімен бастау алған аламанда Шахаң шыққан шыңды шырайын келтіре шырқай да білді, қыз бен жігіт арасындағы жарасымды әзілді орайын таба айта да білді айтыскерлер. Он екі айтыскер алты жұп құрап көрермен көңілінен шығар айтыс додасын жасады. Айтыс қорытындысы бойынша жүлдесіз қалған жүйрік болмады. 150 мың теңгені құраған 6 ынталандыру, 200 мың теңгелік аудан әкімінің арнайы 2 жүлдесі табысталды. Жүлделі 3 орынды және тиесілі 300 мың теңгені Иран-Ғайып Күзенбаев, жүлде қоры 500 мың теңгелік 2 орынды Серікзат Дүйсенғазин, 700 мың теңгелік жүлде қоры бар 1 орынды Аруна Керімбек қанжығасына байласа, жеңіл автоколік тігілген бас жүлде жерлесіміз Мейірбек Сұлтанханның еншісіне бұйырды.

Қорытынды сөз алған облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов  темір тұлпар кілтін кіл мықтыдан оза шапқан жүйріктің қолына 

табыстады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз