МӘҢГІЛІК ЕЛ МӘЙЕГІ

40

0

МӘҢГІЛІК ЕЛ МӘЙЕГІКеше Қызылорда қаласындағы «Мұз айдыны» ғимаратында «Мәңгілік ел» акциясы өткізілді. Аталмыш шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, Қазақстанның Халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов қатысты.
Акцияның ашылу салтанатында облыс басшысы ұлтымызға ұлы бағдар болған «Мәңгілік ел – бір мақсат, бір мүдде, бір болашаққа жету бәрімізге ортақ міндет жүктейді» деп атап өтті. Үстіміздегі жылы Елбасымыз Қазақстан халқына арнаған өз Жолдауында «Мәңгілік ел» атты ұлттық идеясын жариялады. Қаншама ғасырдан бері қазақ халқы үшін арман болған азаттықтың арайлы таңын қарсы алып, тәуелсіз ел құру бүгінгі буынның маңдайына жазылған бақ деп атап өтуге болады. Осы жылдарда Ұлт көшбасшысы көреген саясатымен Қазақстанды әлемге танытып, олардың алдында беделіміздің биік болуына өлшеусіз еңбек сіңірді. 
МӘҢГІЛІК ЕЛ МӘЙЕГІ– Бір кездері Еділінен айырылып, еңсесі түскен қазақты Есілінен де айырылып қалмас үшін Елбасымыз ұлан-байтақ қазақ жерінің қасиетті төрі – Сарыарқада, Еуразия жүрегінде Астанамызды салды, – деді облыс әкімі жұртшылық алдында. – Еліміз барлық ұлт пен ұлыстың бейбітшілік ордасына айналып, толеранттылықтың ерекше үлгісін жасай білді. Елбасының Қазақстан халқы Ассамблеясына «Мәңгілік ел» патриоттық актісін әзірлеп, қабылдауды сеніп тапсыруы осыған дәлел. Біз – бір шаңырақтың астындағы мүддесі бір, мақсаты ортақ, жүзі басқа болса да – жүрегі бір, тілі басқа болса да – тілегі бір, тату-тәтті өмір сүріп жатқан халықпыз.
Одан әрі облыс әкімі жастарға Мәңгілік ел құру, жаңа қазақстандық патриотизм қалыптастыру жолында аянбай еңбек ету қажеттігін тілге тиек етіп, ауызбірлігіміз мықты болғанда ғана Қазақ елінің түпкі мұраты – Мәңгілік елге қол жеткізуге болатынын айтты. Аймақ басшысы Сыр жастарын Елбасының Ұлы идеясын жүзеге асыруда белсенділік танытуға шақырды. Қазақстан – бекем бірлігі, тату тірлігі, ырысты ынтымағы бар ел. 
Осыдан кейін елімізге белгілі тұлға Олжас Сүлейменов сөз алып, соңғы жылдарда Қазақстандағы зор жетістіктер жайында сөз етті. Қазір жаһандағы жұрт жұмыр жерде Қазақстан деген елдің бар екендігін жақсы біледі. Еліміздің барлық аймағында өрелі өзгерістер жасалуда. Осындай оң бастамалар Сыр бойында да байқалады. Соңғы жылдарды өңірде серпілісті істерге жол ашылып, халықтың, елдің жағдайын жақсарту бағытында игілікті бастамалар қолға алынып жатыр. 
Келесі кезекте жастар мұз үстінде сан алуан театрландырылған көріністер көрсетті. Еліміздің аспан түстес көк жалауы желбіреп, патриоттық әндер шырқалды. 
Әділжан ҮМБЕТ.  
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз