«MICROSOFT» КОМПАНИЯСЫМЕН МЕМОРАНДУМ

66

0

«MICROSOFT» КОМПАНИЯСЫМЕН МЕМОРАНДУМАймақта аты әлемге әйгілі «Microsoft» компаниясы сарапшыларының көмегімен жаңа технологияларды меңгерген жоғары білікті мамандар дайындалады. Бұл туралы Астанада облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтыӊ «Microsoft Казахстан» ЖШС директоры Рональд Бинкофскимен кездесуінде белгілі болды.  Кездесу барысында Қызылорда облысы әкімдігі мен «Мicrosoft» компаниясы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
– Елбасы Жолдауында тап¬сырылған міндеттерді «Microsoft» компаниясының құры¬лымдық операторымен тығыз байланыса отырып жүзеге асырамыз. Біз әлемдік жетістіктерге жақындау үшін «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын озық тәжірибелер мен технологияларды ескере отырып жасауды қолға алдық, – деді аймақ басшысы. 
Меморандум Елбасыныӊ Жолдауында көрсе¬тілген онлайн қызметтер мен «Цифрлы Қазақ¬стан» бағдарламасын дамытуды көздейді. Білім беру саласында инженерлік-компьютерлік технологияларды пайдалану, мектеп оқушыларын, студенттерді «Microsoft Казахстан» www.education.microsoft.com. порталы көмегімен онлайн режимде оқыту мәселелері қарастырылды. 
Сонымен қатар, облыстыӊ орта және жоғары оқу орындары оқушылары мен студенттері арасында «Microsoft» компа¬ниясыныӊ өнімдерін пайдалану бойынша кибер-олимпиадалар өткізу, ғылыми-әдістемелік тәжіри¬белер жүргізу мақсатында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті базасында «Microsoft академияныӊ» кеӊсесін ашу жоспарлануда.
Екіжақты келісім озық техно¬логия¬ларды меӊгерген мамандарды дайындаумен қатар, ай¬мақ¬¬тағы оқу орындарыныӊ бәс嬬ке¬лестігін арттыруға септігін тигізеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз