МИНИСТР ЕСЕП БЕРДІ

81

0

Кеше ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов  халық алдында есеп берді. Есеп беру жиналысы өңірлерге тікелей онлайн негізінде көрсетіліп, тұрғындар осы мүмкіндік арқылы сауалдарын жолдай алды. 
Министр ішкі істер органдарының ағымдағы жылғы бес айдың жедел-қызметтік жұмыс нәтижелерін айтты және тұрғындар сұрағына жауап берді. Оның ішінде қызылордалық тұрғын жол-патрульдік полициясының қызметкерлерін қызметтік міндетін атқару кезінде камераға түсірудің заңдылығын сұрап, сауал қойды.
«Азаматтық кодекс полицейлерге де қатысты, оған сәйкес егер адам өзінің суретінің басқа бір жерлерде таралуын қаламаса, онда түсіруге тыйым салынады. Бұл заңмен қудаланады. Екіншіден, егер полицей өз ісімен айналысып жүрсе, бұл жағдайда да камераға түсіруге тыйым салынады. Біз «Жол полициясы туралы” заңға мынадай толықтыру енгіздік. Яғни, енді сізді тоқтатып, xаттама толтырған жол полицейін камераға түсіруге болады, бұл заңды», – деп жауап берді министр.
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз