ӨМІР АЙНАСЫНЫҢ ӨРНЕГІ

73

0

ӨМІР АЙНАСЫНЫҢ ӨРНЕГІБиыл ҚР мемлекеттік статис­тикасының құрылғанына 95 жыл толды. Қазақ АССР-нің статистика басқармасы 1920 жылы 8 қарашада «Қазақ АССР-дағы мемлекеттік статистика туралы қаулысы» негізінде қалыптасқан болатын. Ал тәуелсіздік алғаннан кейін 2012 жылы бұл дата Елбасы Жарлығымен ресми түрде бекітілді. Содан бері қарапайым сандардың маңыздылығын жіті түсінген сала мамандарының мерекесі тұрақты аталып өтілуде.

Бұл жолғы шара бұрынғысынан өзгерек. Қайнаған қызу жұмыстың ортасында жүрген мамандар мен соларға даңғыл жол салып берген сала ардагерлері, сыйлы қонақтар Студенттер сарайында өткен салтанатты жиында бас қосты. Шара барысында сөз алған облыс әкімінің кеңесшісі Ирина Ким аймақ басшы­сының құттықтауын жеткізді. Сон­дай-ақ, Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін статистика саласының үздік­терін Қызылорда облысының құрмет грамотасымен және облыс әкімінің алғыс хатымен марапаттады.

Кәсіби мереке статистика мамандары үшін құрмет пен сыйға толы
болды. Бірнеше жылғы еңбектері еленіп, «Статистика үздігі» төсбелгісі, ҚР
Ұлттық экономика министрлігінің Құрмет грамотасы табыс етілді. Ал шараға арнайы
келген қала әкімінің орынбасары Айдын Қайруллаев пен «Нұр Отан» партиясы
қалалық филиалы төрағасының орынбасары Мақсұт Баекеев мереке иелеріне жылы
лебіздерін жеткізді. Бірқатар қызметкерлерге партияның және қала әкімінің
Құрмет грамотасын тапсырды.

Кеш барысында сала ардагерлері де құрмет-қошеметке бөленді.
Ал сандарды сөйлеткен департамент мамандарының әсем әні мен мың бұралған биі,
қара домбыраны күмбірлете шырқаған жыры кештің шырайын аша түсті.

 

М.ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз