МӘСЕЛЕНІҢ БӘРІ МАҢЫЗДЫ

90

0

Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтыңтөрағалығымен аппарат отырысы өтіп,күн тәртібіне алты мәселе қойылды. Мәжілісте алдымен 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетке қаржыландыруға ұсынылған инвестициялық жобалардың жайы қаралды. Бүгінде аталған жылдарға облыс бойынша 72 инвестициялық жоба ұсынылған.
– Бұлардың ішінде құны 18,7 млрд теңгені құрайтын 29 жоба алдын ала қолдау тауып отыр. Оның ішінде білім басқармасы бойынша – 10, денсаулық саласы бойынша – 1, энергетика тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы бойынша 6 жоба енді. Сәулет және қала құрылысы басқарамасына тиісті 10 жоба да оң бағаланды,– деді облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Сәуле Құлымбетова. 
Сонымен қатар, бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету мақсатындаоблыс бойынша әлеуметтік сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автокөлік жолдары салалары бойынша мемлекеттік сараптамадан өткізілген жобалық-сметалық құжаттамалары бар инвестициялық жобаларға талдау жүргізілген. Нәтижесінде облыс бойынша пайдалану мерзімібиыл аяқталатын жалпы құны 12,8 млрд теңгеқұрайтын 33 жоба анықталды. Мәжілісте 2017 жылы іске қосылатын нысандардың құрылысы жайлы да айтылды.Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысыбасқармасының басшысы Мұхамедиса Әлсеріковтің айтуынша, қазіргі таңда аталған басқармаарқылы 54 әлеуметтік нысанның құрылысыжүргізілуде. Оның ішінде 23-і өткен жылдан өтпелі болса, 31-нің құрылысы жаңадан басталған. Жыл соңына дейін 26 әлеуметтік ғимаратты пайдалануға беру жоспарланып отыр. Қалғанының құрылысы келер жылы жалғасады. Сондай-ақ, «Нұрлы жер» бағдарламасыаясында тұрғын үй құрылысы мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілеріндамытуға мемлекеттік бюджеттен 5,5 млрд теңгеқаржы бөлінген. Оның ішінде Ұлттық қордан 4,4 млрд, облыстық бюджеттен 1,1 млрд теңгебағытталған. Бүгінде облыста жалпы ауданы 141,3 мың шаршы метрді құрайтын 41 көпқабаттытұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Қазіргі таңда қоғамдағы өзекті тақырыптардыңбірі – азық-түлік бағасы. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Бақыт Жаханов аталған маңызды мәселеге қатысты тиісті шаралар қабылданып, жүзеге асырылғанын жеткізді.
– Азық-түлік тауарларының 1 шілдедегі тұтыну бағаларының жыл басымен салыстырғандағыиндексі 104,3 пайызды құрап, республикалық орташа көрсеткіштен 0,8 пайызға төмен қалыптасты. Жыл басынан бері 19 әлеуметтік маңызы бар тауарлардың ішінде 8 өнім бойынша баға қымбаттаған еді. Ол тауарлар – макарон өнімдері, сары май, сиыр еті, картоп, сәбіз,пияз, қырыққабат, қант. Ал үш өнім бойынша – қарақұмық жармасы, өсімдік майы, жұмыртқабағасы төмендеді. Биылғы сатылымда бағаның күрт қымбаттағаны картоп және көкөніс өнімдерінде байқалды. Статистика департаменті апта сайын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына мониторинг жүргізуде, – деді ол.
Бағаны тұрақтандыруға байланысты тиісті шаралар қабылданып келеді. Осы бағытта тізім бойынша өңірліктұрақтандыру қорына жергілікті ауыл шаруашылығы кооперативтерінен 50 тонна сиыр етін сатып алу жоспарлануда. Сондай-ақ, бекітілген кестеге сәйкес бүгінгі күні тұрақтандыру қорына 1544 тонна көлемінде жалпы құны 154,5 млн теңгенің тауарын жеткізу бойынша келісім-шарт жасалды. Өнімдерді тасымалдаужұмыстары басталып кетті. Басқарма басшысының мәліметінше, Оңтүстік Қазақстан облысынан 40 тонна жаңа картоп өнімі жеткізіліп, бөлшек саудада келісін 120 теңгеден сатуұйымдастырылған. Қабылданған шаралар нәтижесінде картоп өнімінің бағасы өткен аптамен салыстырғанда5,6 пайызға төмендеді. Келісім-шартқа сәйкес мамыр айынан бастап бүгінге дейін 75 тонна картоп, 35 тоннасәбіз, 60 тонна басты пияз, 60 тонна қырыққабат, қызылша, 45 тонна жеміс-жидек, 60 тонна қияр менқызанақ және 15 тонна сиыр еті жеткізілді. Сонымен бірге, аталған мәселеге қатысты «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы тарапынан да нақты шаралар атқарылуда. Өңірлік азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорына 2011 жылдан бастап бүгінге дейін 3 313,8 млн теңгеге азық-түлікөнімдері сатып алынған. Қазіргі таңда, тұрақтандыру қорында жалпы құны 207,3 млн теңгенің 1 753,6 тоннаөнімі бар. Аталған өнімдер тікелей қоймадан және қаланың шағын аудандарында орналасқан 14 әлеуметтік дүкен мен аудан орталықтарындағы ашылған 6әлеуметтік дүкен арқылы өткізілуде. Жыл басынан бері223,9 млн теңгенің өнімі сатылған. 
Мәжілісте қаралған кезекті мәселе өңірдегі жастар саясатының жүзеге асырылуына байланысты болды. Статистика департаменті мәліметіне сәйкес Байқоңыр қаласының жастарын қоса есептегенде 14 пен 29 жасаралығында 201 347 азамат тіркелген. Жастар өңірдегі жалпы халықтың 26,7 пайызын құраса, оның ішінде қалажастары – 41, ауыл жастары 58 пайызға жуықтайды. Жастар арасындағы өзекті мәселе – жұмыссыздық деңгейі де төмендеп келеді. Бұл 3,2 пайызды құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,9 пайызға азайып отыр.
– Биылғы жылдың қаңтарынан жастар саясатымәселелері басқармасы өз жұмысын бастады. Сондай-ақ, облыс әкімдігі жанындағы жастар саясаты жөніндегікеңес жұмыс жасайды. 2013 жылдан бастапкөшпелі отырыстар тәжірибеге енгізілді. Ірі кәсіпорындарда және компанияларда жастарменжұмыс күшейтілді. Әртүрлі меншіктегі кәсіпорындармен мекемелерде –15, жоғары, техникалық жәнекәсіптік білім беру ұйымдарында 34 жастар ісі жөніндегі комитет жұмыс атқаруда. Жастар саясатынқолдау мақсатындағы қаржы көлемі де былтырғымен салыстырғанда биыл 40 пайызға артып отыр, – дедіоблыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Еркебұлан Меңлібаев өз баяндамасында.
Жастардың білімге қолжетімділігі қашан да бастыназарда болуы қажет. Осы орайда өңірдегі жүзеге асырылып жатқан түрлі жобалар мен мемлекеттікбағдарламалар кейінгі буынның маңызды мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Бүгінде облыстан 3000-нан аса студент «Серпін-2050» бағдарламасы бойыншажолдама алып, білімін жетілдіруде. Сонымен қатар, Ресей Үкіметінің білім гранттары негізінде Мәскеу және Санкт-Петербургтің беделді жоғары оқу орындарында 419 түлек білімін жалғастырып жатыр. Ал 2013 жылдан бері облыс әкімінің бастамасымен халықтың осал тобынан шыққан 512 студентке облыс әкімінің білім гранты тағайындалды. Аймақ басшысы бұл сала бойынша NEET санатындағы жастармен жұмысты күшейту және іс-шара жоспарын іске асыруды жалғастыру қажеттігін жеткізді. 
Мәжілісте облыстық табиғи ресурстар жәнетабиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұрлыбек Жолдасбаев елді мекендердегі санитарлықтазалық және көркейту жұмыстары туралы хабарлады. Маусымдық кезеңде ұйымдастырылған сенбіліктергежеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттікмекемелер қатысып, апта сайын барлығы 40 мыңнан астам адам күші мен 400-ге жуық техникажұмылдырылған. Сенбілік науқанында қала көлеміндежыл сайынғы дәстүрлі «Көктемгі ағаш отырғызу»акциясы өткізіліп, 6000 ағаш отырғызылған. Бұдан бөлек, өңірді жасыл желекке, әрі көркейген аймаққаайналдыру мақсатында 13500 көшет егілді. 
Мәжілісте облыс әкімі Қ.Көшербаев сала басшыларына бірқатар тапсырма берді. Биылға жоспарланған құрылыс жұмыстарының сапалы атқарылуы бақыланып, сол жағалаудағы нысандардың құрылысын уақытылы аяқтау қажеттігі айтылды. Сондай-ақ, 2018-2020 жылдарға арналған жобалардың жоспарын осы шілде айында толық бітіру міндеттелді. Бұдан басқабаға тұрақтылығы мен жастар мәселесіне қатысты тапсырмалар берілді.
Мәди ҚҰРМАНӘЛІ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз