Мәскеулік ғалыммен кездесті

44

0

Кеше Кәсіпкерлер палатасында РФ Президенті жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет Ресей Академиясының «Корпоративтік басқарудың жоғары мектебі» факультетінің деканы, профессор, экономика ғылымдарының докторы Сергей Календжян кәсіпкерлермен және мемлекеттік қызметкерлермен кездесті. 
Кездесуде бизнес-білім, атап айтқанда, МВА (Евроменеджмент) және DBA (іскерлік әкімшілік докторы) дәрістерін алу мәселелері талқыланды. Профессор өз сөзінде заманауи ғаламдық бизнес пен шектеулі ресурстар жағдайында ең бағалы ресурс адами капитал болып табылатынына назар аударды. Негізінде әрбір қызметкер мен басшының қабілеттері мен таланттарын ашуға, олардың әлеуетін бизнестің өркендеуі, дамуы мен тиімділігін арттыруға, максималды пайдалануда евроменеджментке бағдарланғанын жеткізді. 
– Бизнес-білім билік пен бизнестің арақатынасында маңызды роль атқарады. МВА немесе DВА дәрежесін алған шенеунік, бизнесті дамыту қажеттіліктерін жақсы түсініп, іскерлік орта өкілдерімен сауатты және кәсіби қарым-қатынас орнататыны сөзсіз. Сол себепті, біз мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік басқару органдары басшыларына арналған арнайы оқу бағдарламаларын өңдеумен айналысамыз, – деді мәскеулік ғалым. Ол сондай-ақ евроменеджмент қағидаларына сәйкес, басшы бәрінен ақылды болу міндетті еместігін атады. Оның жетістігі әр салаларға өзінен ақылды адамдарды тартып, оларға даму мүмкіндігін жасау. Бұл ретте өзіңіз солармен бірге жұмыс істеуді үйреніп, олардың жұмыстан ләззат алуына ынталандырып, ең бастысы табысты адамдарды үйретіп, оқыту секілді маңызды миссияны орындауына қол жеткізу. Егер сен бизнесті құрушы болсаң, онда сен жұмысқа өзіңнен ақылдырақ адамдарды  тартуға тиіссің, себебі олар өз білімдері мен дағдыларын тарататын болады деген ой түйіндеді. 
Қатысушылар С.Календжянға өздерін қызықтырған көптеген мәселелерге байланысты сауалдар қойып, оларға тұшымды жауаптар алды. Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким қатысты.
Ы.ТӘЖІҰЛЫ.
Аймақ дамуын жоғары бағалады
Абел Аганбегян,
РФ Ғылым академиясының академигі 
– Қазақстан осы уақыт аралығында қомақты жетістіктерге жетті. Соңғы жылдары әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша үлкен серпіліс барын байқаймыз. Халық¬ың өмір сүру ұзақтығы жөнінен Ресейді басып озды. Жүрек-қан тамырлары ауруларының кесірінен болатын өлім-жітім күрт төмендеді. Әдетте экономиканың даму қарқыны екі нәрсеге – инвестиция көлеміне және адам капиталының сапасына тікелей байланысты. Қызылорда облысында даму стратегиясының кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқаны қуантады. Денсаулық, білім мен мәдениетте, әлеуметтік салаларда оң көрсеткіштер басым.
Мен Ресейдің бірқатар аймақтарының даму стратегиясын дайындадым. Бірақ Қызылорда облысындағыдай оның табысты жүзеге асырылуын байқаған емеспін. Сіздер бұл бағытқа көп көңіл бөліп мамандарыңызды оқытып жатырсыздар. Ресейден Қазақстанға бөлінген лемитті басым бөлігі Қызылорда облысына тиесілі. Сондықтан бұның жақсы нәтижесі болады деп сенемін. Жалпы стратегия аймақта табысты жүзеге асырылуда.
***
Календжян Сергей Оганович,
РФ Президенті жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет
Ресей Академиясының «Корпоративтік басқарудың жоғары мектебі» факультетінің деканы,
профессор, экономика ғылымдарының докторы:
  – Қызылорда төрт жылдан бері қатты өзгерген. Әсіресе, маған ұнағаны – дария жағалауында айналма жолдың жасалғаны. Онда велосипедшілерге, жаяу жүргіншілерге арнайы жолдар төселген. Уақыт өте келе, мұнда жаяу жүргінші де, велосипедші де көбейетін болады. Бірнеше жыл бұрын Қызылорда облысы көптеген көрсеткіштер бойынша республикада соңғы орындарда болса, қазір керісінше бірқатар көрсеткіштер жөнінен алдыңғы орындарда. Мәселен, тұрғын үй құрылысы жөнінен екінші орынға шығудың өзі үлкен жетістік. Осы уақытта қаншама әлеуметтік нысандар, мектептер, ауруханалар мен емханалар, стадиондар, жолдар пайдалануға берілген. Облыс жүйелі даму үстінде. Зауыттар салынуда. Олар толық жұмыс істей бастағанда мұнайға тәуелділіктен арыла бастайсыздар. Сіздерде шыны зауыты салынуда. Болашақта шыны кластерін дамытып жатса, тіпті жақсы болар еді. 
 Соңғы жылдарда күріштен мол өнім алудасыздар. Оған қалай қол жеткізілді? Өйткені, қаржы салдыңыздар, күріш егістіктерін жаңа технологиялармен тегістеп, күріштің тиімді сорттарын өсіруге кірістіңіздер. Енді ирандық күріш сорттарын өсіре бастайсыздар. Ал ирандықтар оны қазіргі күріш бағасынан бірнеше есе үлкен бағаға сатып алатын болады. 
Мен Ресейдегі Белгород облысын мысалға келтіріп кетсем деп едім. Қазір Белгород облысы өзінен әлдеқайда үлкен Кубань аймағынан күріш өсіру болсын, мал өнімдерін дайындаудан болсын озып тұр. Бұдан Белгород облысының топырағы Кубань жерінен жақсы екен деген ой туындамауы керек. Тек онда озық технологияларды пайдалануды, жұмысты дұрыс ұйымдастыруды жолға қоя білгендіктен осындай жетістікке жетуде. Қазір біздің Академиядан Қазақстанға бөлінген квотаның басым көпшілігін қызылордалықтар иемденген. Міне, солар болашақта Сыр өңірінің дамуына өздерінің білімі мен тәжірибесін жұмсайтын болады. Сонда Қызылорда облысы өзінен үлкен облыстарды басып озатын жағдайға жетеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз