МЫҢ АЙДАН ҚАДІРЛІ ҚАДІР ТҮНІ

73

0

МЫҢ АЙДАН ҚАДІРЛІ ҚАДІР ТҮНІҚадір түні
қарсаңында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ҚМДБ-ның облыстағы өкілі, облыстық
«Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Омаровты қа­былдады. Кездесу
барысында бас имам айлардың сұлтаны – Рамазан айында атқарылған жұмыстар жайын
сөз етті. Сондай-ақ, Қадір түні жүзеге асырылатын шаралар туралы баяндады.

«Ораза басталғалы басқармалар барлық
ауыз бекіткен халыққа ауыз­ашар беруде. Қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып,
тарауих намазынан кейін тегін автобустар қызмет көрсетуде. Бұған жамағат
ризашылықтарын білдіруде. Осындай қолдау көрсеткен ел ағаларына алғысымыз
шексіз», – деген Т.Омаров қасиетті түннің қадіріне тоқталды.

Бүгін – қасиетті Қадір түні. Бұл күні періштелер жерге түседі. Егер
санайтын болсақ, періштелердің саны жер бетіндегі қиыршық тастан да көп болады
екен. Яғни, таң ағарғанша әрбір мұсылманның қасында болатын періштелер олардың
Рамазан айы мен қасиетті түнде жасаған қайырлы амалдарын және тілеген дұғаларын
Алланың алдына алып кетеді делінеді. Сондықтан осы күні барлық адам дұға тілеп,
ізгі амалдар жасауы керек. Бұл күннің қасиеті 83 жыл 4 айға татиды. Сол
себепті, мың айдан қайырлы болатын Қадір түнінде тілеген тілектеріміз қабыл
болсын, – деді бас имам журналистерге берген сұхбатында.

Мейрамгүл
ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз