Мәжіліс бірқатар заң жобаларын мақұлдады!

112

0

Парламент Мәжілісінің Төр­аға­сы Нұрлан Нығ­матулиннің жетек­шілігімен өткен Мәжілістің жалпы оты­рысында депутаттар бір­қа­тар заң жобаларын ма­құлдады. Бір­ауыздан құпталған құжаттар қатар­­ында «Қазақстан Респуб­лика­сындағы кедендік реттеу тура­лы» кодекс пен Қазақстан Үкі­метінің Гру­зия үкіметіне берген мем­лекеттік кредиттерін қай­та құ­рылымдауға қатыс­ты рати­фи­ка­циялық заң жо­басы және көлік жүйе­сі­нің тиімді автожол ин­фра­­құ­­ры­лымын құру мүмкін­дігін қам­та­масыз ететін заң жобалары болды.
Қарыз қаржылай қайтарылатын болды
Күн тәртібі бойынша ең алдымен депутаттар назарына Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Сергей Симонов пен депутат Омархан Өксікбаевтың баяндауымен «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасына Сенат енгізген өзгерістер мен толықтырулар таныстырылды. Аталған заң жобасы дауысқа салынып, нәтижесінде құжат бірауыздан мақұлданды. Айта кетейік, енді заң Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады. Содан кейін депутаттар назарына «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Грузия үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Грузия үкіметіне берген мемлекеттік кредиттері бойынша Грузия үкіметінің берешегін қайтадан қайта құрылымдау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы таныстырылды. Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың түсіндіруінше, 1996 жылғы келісімге сәйкес, Грузия тарапы Қазақстанға төлейтін берешекті өтеу жөніндегі сомасы 25 млн АҚШ долларынан астам мөлшердегі реттелетін соманы биылдан бастап 2025 жылға дейінгі аралықта қайтарады деп көзделген. Ал бұл мәселеге қатысты пікір білдірген депутат Ирина Унжакова болса, Грузия үкіметінің берешекті қайтармауға қатысты жағдайы 20 жылдан асып бара жатқа­нын еске салды. Өз кезегінде Мәжіліс Төр­аға­сы Н.Нығматулин де басқа елдер­­дің Қазақстанға қайтаруға тиіс берешек­­­терін уақытында реттеу керектігіне назар аударды.  «Грузиндік әріптестермен қарыз мәселесінің реттелгені жақсы. Дегенмен, бұл босаңсуға себеп болмауы керек. Өйткені басқа елдермен қарыздар бо­йынша әлі реттелмеген сұрақтар бар», деді Н.Нығматулин Қаржы министріне қарата айтқан сөзінде. Ал депутат Қожахан Жабағиевтің сауалына жауап беру барысында Қаржы министрі қаражат қаржылай қайтарылатындығын мәлім етті.
Қызметтік еркіндік жауапкершіліктен босатпайды
Содан кейін депутаттар «Қазақ­стан Республикасының кейбір Конс­ти­туциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылады. Онда республикалық бюджет қаржы­ларын қатаң бақылау жағдайы сөз етілді. Соны­мен қатар заң жобасы аясында «Астана» халықаралық қаржы орталығына бөлінген рес­пуб­­ли­калық бюджет қаржыларын тиім­ді және мақсатты түрде пайда­лану тәртібі АХҚО басқармасы мен Қар­­жы министрлігінің бірлескен актісі бо­й­ынша анықталатыны көздел­ген. Осыған орай депутаттар аталған ор­та­лық қызметінен бөлінетін мемлекет­тік қар­жыны бақылау жайына алаңдаушылық білдірді. Мәжіліс Төрағасы Н.Нығматулин АХҚО өкіліне қарата айтқан сөзінде: «Ешкімде, әсіресе АХҚО орталығы басшылығында орталықтың өз бетінше қызмет етуіне мүмкіндік беру, мемлекеттен бөлінген қаржыны бақылау жауапкершілігінен босатады деген ой болмауға тиіс. Орталыққа бөлінген қаржының мақсатты пайдалануы үнемі Есеп комитетінің бақылауында», деді. Заң жобасын әзірлеуші топ өкілдерінің түсіндіруінше, бұл құжат сот жүйесі, мемлекеттік рәміздер, Конс­ти­туциялық кеңес, «Астана» халықаралық қаржы орталығы қызметінің мәселелері бо­йынша заңнаманы одан әрі жетілдіру мақсатында дайындалған. Бұдан бө­лек, «Астана» халықаралық қаржы орта­лығы туралы» Конституциялық заңға да қажетті өзгерістер енгізу көзделген.  «Конституцияға сәйкестендіру мақ­сатында Астана қаласының шегін­дегі аумақта қолданылатын ерекше құқықтық режім тек қаржы саласына қатысты екені нақтыланады. Орта­лық­тың органдары ретінде Орталықты басқарушы және халықаралық төрелік орталығы қосылады», деді Әділет министрі Марат Бекетаев. Министрдің сөзіне қарағанда, судьялар Қазақстанның немесе басқа да мемлекеттердің азаматтары болуы мүм­кін. Бұл өз кезегінде шетелдік инвес­тор­­ларға қолайлы болуы үшін судья­лар­ға ағылшын құқығын пайдала­нуға мүмкіндік береді. Отырыста «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкi арасындағы Қарыз туралы келiсiмге «(Оңтүстік – Батыс автомобиль жолдарын дамыту жобасы: Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ 1b және 6b)) № 2 түзетулерге қатысты Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкi арасындағы келісім-хатты ратификациялау туралы» заңының жобасы қызу талқыланып, мақұлданды. Қарыз туралы келісімге енгізілетін түзетулер «Күрті – Бурылбайтал» (85 км) және «Ұзынағаш – Отар» (96 км) жолының қосымша учаскелерін қосуды көздейді. «Күрті – Бурылбайтал» және «Ұзын­ағаш – Отар» автожолының учаскелерін реконструкциялау көлік жүйесінің тиімді автожол инфрақұрылымын құру мүмкіндігін қамтамасыз етеді және елдің транзиттік әлеуетін арттыруға ықпал ететін болады. Жалпы ұзындығы 181 шақырымдық асфальт-бетонды төрт жолақты жол жобасын жүзеге асыру мерзімі 2018-2020 жылдарға жоспарланған», деді Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.
Жауап беру мерзімі жеті күнге қысқарды
Бұл күні депутаттар «Қазақстан Рес­публикасындағы кедендік реттеу туралы» кодекс жобасы мен оған ілеспе заң жобасын мақұлдаған еді. Орайлы сәтте өз ойын білдірген Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин аталған құжаттың талаптарға сәйкес әзірленгенін, экспорт-импортты реттеу үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті. «Мемлекет басшысы жария еткен Ұлт жоспарындағы тапсырмаға сәйкес, кедендік реттеу жұмыстары жаңа талап­қа сай әзірленді. Соның нәтижесінде экс­порттық және импорттық кеден рәсім­дерін реттеу үшін барлық жағдай    жасал­ды. Бұл, әрине, еліміздің экономика­сын көтеруге, оның ішінде, біздің кәсіпорындарға да тиімді жұмыс істеуге жол ашатын болады», деді ол. Сонымен қатар жиында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды. Заң жобасы жөнінде баяндама жа­са­ған Мәжілістегі Әлеуметтік-мәде­ни даму комитетінің хатшысы Бей­біт Мамраев БАҚ-та шығу деректерін жария­лау тәртібін бұзғаны үшін жауап­кершілікті жеңілдету (айыппұлдың күшін жою) мәселесі шешім тапқанын тілге тиек етті. «Сонымен қатар БАҚ үшін адамның бейнесін жариялауға келісімді қажет етпейтін кездер нақтыланып, теле-радио бағдарламаларды жабу жағдайларында теріске шығаруды тарату және беру тәртібі мен ресми хабарларға кірмейтін мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының сұрау салуларына ақпарат иеленушілердің жауап беру мерзімдерін күнтізбелік 15 күннен 7 жұмыс күніне дейін қысқарту жайы да қарастырылған», деді депутат.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз