«NARXOZ CHALLENGE» ОЛИМПИАДАСЫ – СЕНІҢ МҮМКІНДІГІҢ, ЖАС ТҮЛЕК

214

0

«NARXOZ CHALLENGE» ОЛИМПИАДАСЫ –  СЕНІҢ МҮМКІНДІГІҢ, ЖАС ТҮЛЕКЕлімізде «Нархоз» университетінің «Narxoz Challenge» олимпиадасы өткен жылы алғаш рет ұйымдастырылды. Қазақстан бойынша жалпы 105 грантты қамтитын олимпиаданың мақсаты – қабілетті, алайда отбасылық жағдайы төмен балалардың жоғары білім алуына мүмкіндік беру. Айта кету керек, олимпиаданың негізгі серіктестері Форте банк пен «Верный Капитал» тобы. Яғни, 100 грантты осы екі компания берсе, 5 грант елімізге белгілі меценат Болат Өтемұратовтың бөлген шәкіртақысы. 
Шәкіртақылық бағдарламаның ¬басты мақ¬саты жоғарыда айтып өткеніміздей, экономи¬калық дағдарыс кезінде талантты, білімге құш¬тар жастарды қолдау болып табылады. Ал басты міндеті – дағдарыстан кейін елімізді қалпына келтіретін жас буын экономистер мен білікті менеджерлер легін дайындау.
Былтыр олимпиадаға облысымыздан қа¬тыс¬қан үміткерлер арасында жеті оқушы грант иегері атанған болатын. Солардың бірі – қаламыздағы «Мұрагер» мектебінің түлегі. 
– Бүгінде «жоғары білім алып, жақсы маман боламын» дейтін жастарға елімізде мүмкіндік мол. Жыл сайын мектепті 80-ге жуық оқушы бітіреді. ҰБТ тапсырған шәкірттеріміз тек ғана мемлекет тағайындаған гранттарға ғана арқа сүйемей, басқа да түрлі стипендияларды иеленіп жүр. Жалпы, елімізде қажет мамандарды даяр¬лау мақсатында жоғары оқу орындарының, онан өзге ірі компаниялардың талантты жас¬тарға бөлген арнайы стипендиялары көп. Жастарымыз сол байқауларға қатысып, бағын сынап жатса, оларды ұтып алып, қалаған оқу орнына түсіп, студент атанса, неге қуанбасқа?! Мысалы, өткен жылы Анжелика Шек деген оқушымыз «Нархоз» университетінің «Narxoz Challenge» олимпиадасына қатысып, студент атанды. Қатты қуандық. Нархоз университеті  –еліміздегі іргелі жоғары оқу орындарының бірі. Онда жоғары білім алып, мамандық иесі атану жастар үшін зор қуаныш болары анық. Олимпиада туралы университет өкілдері таратқан ақпараттан білдік және қатысу үшін жан-жақты дайындалдық. Жалпы, былтыр бірінші рет өткізілген олимпиаданың маңызы зор деп білемін. Ол әсіресе, қаржылық жағынан аз қамтылған отбасыларының талантты, білімге құштар балаларына мол мүмкіндік берсе, екіншіден, ата-аналар үшін де үлкен көмек болары сөзсіз, – дейді «Мұрагер» мектебінің директоры Зәуре Баймағанбетова. 
Аталған стипендия бойынша оқитын студенттер төрт жыл бойы тегін білім алады. Бірақ, тамағы, тұратын жері, оқу құралдары шәкірттердің өз есебінен. Студенттерге шәкірт¬ақы төленбейді. 
Ал, Б.Өтемұратов тағайындаған 5 грант негізінде оқитындар үшін ағылшын тілін білуі шарт. Оларға ай сайын 60 мың теңге көлемінде шәкіртақы беріледі. «Болашақ бизнес-көшбас¬шылар» деп аталатын стипендияның мақсаты Қазақстанды экономикалық өркендеуге жете¬лей¬тін бизнес көшбасшылары мен талантты кәсіпкерлерді дайындау болып табылады. 
Олимпиадаға қатысу үшін ¬мектептерге алдын ала хабарламалар беріліп, түсіндірме жұ¬мыстары жүргізіледі. Оған 11-сынып оқу¬шылары қатыстырылады. Жалпы ¬олимпиада 3 кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде IQ  тест, яғни, логикалық сұрақтар беріледі. Бірінші кезеңнен өткендер келесі кезеңдерге қатысады. Айта кету қажет, 2016 жылы «Narxoz Challenge» олимпиадасының 1 кезеңі 15-16 сәуір¬де универ¬ситеттің бес қаладағы аймақтық Қашық¬тықтан оқыту орталықтарының көмегі¬мен өткізілген болатын. Ол Қызылорда, Шымкент, Атырау, Семей, Павлодар және Алматы мен Тараз қалалары. Екінші кезеңде талапкер «Мен неге стипендияға лайықпын?» тақырыбында бейнеэссе түсіріп жібереді. Үшін¬шісі іріктеу кезеңі. Яғни, екінші кезеңнен өткен талапкерлердің ҰБТ-дан алған балы есепке алынады. Универ¬ситеттің Қызылорда қаласындағы өкілі Жанар Жаналиеваның  айтуынша, егер екі оқушы тең түскен жағдайда ата-анасының айлық табысы туралы анықтама алынады да жылдық табысына байланысты ірік¬теледі. Яғни, қай талапкердің қаржылық жағдайы төмен, соған грант берілетін бола¬ды. Сонымен бірге Жанар Айтбазарқызы бү¬гін¬де тұрғындардың бұл олимпиада туралы жақ¬сы хабардар екенін, оған себеп былтырғыға қара¬ғанда биыл олимпиадаға қатысуға ниет біл-діргендер қарасының көп болып отырғанын, тіп¬ті Қызылорда қаласы ғана емес, аудан ор¬та¬лықтарынан да хабарласып, қатысу үшін тір¬келіп жатқандардың баршылық екенін айтады. 
Олимпиадаға қатысудың мынадай талаптары бар.
Ең алдымен Қазақстан Республикасының азаматы болуы шарт. Сонымен бірге ҰБТ-дан  60 балдан жоғары жинауы керек. Оған қоса, орта мектепті  бітіргені жөнінде аттестаты, отбасының айлық табысы туралы анықтамасы және ағылшын бөліміне түсетіндер үшін ағылшын тілін меңгергені жөнінде сертификаты ұсынылады. 
Жалпы, «Нархоз» университеті – еліміздегі танымал жоғары оқу орындарының бірі. 54 жылдық тарихы бар университет ¬заманауи білім беру жолдарын меңгерген, заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған білім ордасы. Қазіргі таңда онда 7500 студент білім алуда. Уақыт үнімен ілесе білім беріп келе жатқан оқу ордасында 400 оқытушы шәкірт тәрбиелеуде, білікті маман даярлау жолында аянбай еңбек етуде. «Нархоз» университетінің әлем бойынша 50-ге жуық серіктесі бар. Оқу ордасында студенттердің білімін алуына жол ашатын түрлі гранттар мен жеңілдіктер, стипендиялар қарастырылған. Мұндағы мамандықтар да заман талабына сәйкес. Атап айтқанда, экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, менедж¬мент, маркетинг, еңбекті ұйымдастыру және нормалау, әлеуметтік жұмыс, кеден ісі, әлемдік экономика, ақпараттық жүйелер, стандарттау және сертификаттау, мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі, туризм тағы басқалары. Бүгінге дейін оқу орны қабырғасынан 140 мың түлек түлеп ұшқан. Жоғарыда айтып өткеніміздей, мұнда білім берудің заманауи тәсілі қолданылады. Атап айтқанда, университеттің 5 өңірде ай¬мақтық қашықтықтан оқыту орталықтары  бар. Бұл облыс тұрғындары үшін өте ыңғайлы мүмкіндік болып отыр. Осы жерден сырттай қашықтықтан оқу түріне құжаттарын өткізіп, интернет арқылы 2-3 жыл мерзімде оқып шыға алады және бітіруші Алматы қаласының ¬дипломын алып шығады. Міне, осы аймақтық орталықтардың базасында біз жоғарыда таныс¬тырған «Narxoz Challenge» олимпиадасы ұйым¬дастырылып отыр. 
Жоғарыда айтып өткеніміздей, былтыр бірінші рет өткізілген олимпиадада Қызылорда облысынан 7 талапкер грант иегері атанып, бүгінде аталған университетте жоғары білім алуда. Олай болса, жас түлектердің қаперіне салайық, биыл екінші жыл ұйымдастырылғалы отырған олимпиаданың бірінші кезеңі Қызыл¬орда қаласында ағымдағы жылдың 15-сәуірінде №278 орта мектеп базасында өткізілетін болады. Бұл мектеп бітіруші түлектер үшін тағы бір үлкен мүмкіндік екені сөзсіз. Олай болса, өз мүмкіндігіңді жіберіп алма, жас дос!

Айнұр БАТТАЛОВА.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз