ӨНДІРІСТІК АЙМАҚТАР ӨРІСТІ ЖОБАЛАР КҮТЕДІ

86

0

ӨНДІРІСТІК АЙМАҚТАР ӨРІСТІ ЖОБАЛАР КҮТЕДІОтандық бизнесті өркендетпей, тұрақты өсімге қол жеткізе алмаймыз. Әсіресе, өндіріс саласын дамытудың берері көп. Осы мақсатта мемлекет түрлі бағдарламалар қабылдап, тиісті жұмыстар жүргізуде. Жаңа өндіріс орындарын ашу қашанда оңай соқпаған. Осы орайда мемлекет кәсіпкерлерге көмек ретінде индустриялық аймақтар құра отырып, үлкенкөмек қолдау жасауда.

Индустриялық аймақ коммуникациялармен қамтамасыз етілген, мемлекет жеке кәсіпкерлік субъектілеріне өнеркәсіп объектілерін орналастыру және пайдалану үшін Қазақстан Республикасының Жер кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппенберілетін жер.

Жер учаскелері құрылу сәтінде мемлекеттік меншікте болуға және бюджет қаражаты, сондай-ақ заңнамада тыйым салынбаған өзге көздер есебінен жеткілікті инфрақұрылымдық ресурстармен қамтамасыз етілуге тиіс. Инфрақұрылымдық ресурстар дегеніміз – индустриялық аймақтың барлық қаты­су­шы­ларының жылу және электр энергиясына, сумен жабдықтауға, кәрізге, көлік коммуникациясына, байланыс қызметтеріне және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін қажетті өзге де қызмет түрлеріне мұқтажын қамтамасыз ететін құрылыстар кешені. Индустриялық аймақтарды дамытудың негізгі ынталандырушы факторы өндірісті құру мен дамыту кезінде кәсіпкерлердің шығындарын азайту болып табылады.

Себебі,
жер учаскелерінің жоғары құны, қымбат тұратын инфрақұрылымдарды жүргізу шағын
және орта бизнес компанияларына өздігінен инженерлік коммуникацияларды өз
бетімен барлық шығындарды игеруіне және нарықтық баға бойынша жерді сатып
алуына мүмкіндік бермейді. Мұндай кешендерді ұйымдастыру арқылы өзіне
шығындардың бір бөлігін мемлекет өзіне ала отырып, бизнес бірлігіне есеппен
жеке кәсіпкерлік шығындарын төмендетеді, бұл да жаңа өндірістердің іске қосылу
уақытын қысқартады.

Қызылорда облысы көлемінде жаңа өндіріс орындарын құруды қолдау мен
өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін индустриялық аймақтар құру
жұмыстары белсенді түрде қолға алынып, оларға инженерлік инфрақұрылым жүргізу
жұмыстары жүзеге асырылды. Осы мақсатта 2014 жылы облысымызға республикалық
бюджеттен 834,8 млн теңге қаржы бөлінді. Осы қаржы есебінен Арал ауданы бойынша
белгіленген 16 гектар аумаққа 191,9 млн теңге, Қазалы ауданы бойынша
белгіленген 12,7 гектар аумақ үшін 153,6 млн теңге, Жалағаш ауданындағы
белгіленген 22 гектар жерге 271,7 млн теңге және Шиелі ауданындағы 50 гектар
аумаққа 217,4 млн теңге мөлшерінде қаржы бөлінген болатын.

Десе де, бүгінгі таңда аталған аудандардағы индустриялық аймақтардың
мүмкіндігі тиімді пайдалынылып отырған жоқ. Бұл жөнінде жақында өткен облыс
әкімі жанындағы кәсіпкерлік кеңесінде облыс әкімінің орынбасары Серік
Қожаниязов нақты мысалдар келтірген болатын. Мәселен, индустриялық аймақты
дамыту концепциясына сәйкес Арал ауданындағы индустриялық аймақта 450 млн
теңгені құрайтын 3 жобаның бүгінгі күнге дейін бірде-бірі іске қосылмаған болып
шықты. Тек екі жобаға жер телімі табысталған. Индустриялық аймақтың 16 гектар
көлемінен 10 гектарын тұжырымдамада көрсетілмеген құс фабрикасы құрылысы
жобасына табыстаған. Әйтсе де, ол жоба бойынша да бір жыл бойы ешқандай жұмыс
жасалынбаған болып шықты.

Қазалы ауданында 393,6 млн теңгені құрайтын 12 жобаның жүзеге асырылуы
көзделсе, бүгінге дейін ешқайсысы іске қосылмаған. Индустриялық аймақта 6
жобаға жер телімдері табысталып, 3 жобаның құрылыс жұмыстары басталса,
бекітілген тұжырымдамаға сәйкес аудан әкімдігі бизнес инкубатор құру бойынша
нақты жұмыс атқармаған. Жалағаш ауданындағы индустриялық аймақты дамыту
концепциясына сәйкес 658,8 млн теңгені құрайтын 14 жобаның жүзеге асырылуы
жоспарланса, бүгінгі күні барлығы 8 жобаға жер телімдері беріліп, оның ішінде
құны 144,8 млн теңгені құрайтын 4 жоба іске қосылған. Тағы бір жобаның құрылыс
жұмыстары жүргізілуде. Шиеліде 1,4 млрд теңгені құрайтын 4 жобаның жүзеге
асырылуы жоспарланған-ды. Бүгінгі күні 3 жоба бойынша жер телімдері табысталып,
мия өңдеу зауыты іске қосылды. Дегенмен де, қазіргі кезеңде индустриялық
аймақтың 78 пайызы бос тұр. Міне, бұл деректердің көңіл көншітпейтіні рас.

Кәсіпкерлік кеңесінде аталған аудан басшылары өндірістік алаңдарды
пайдалану жоспарларымен бөліскен болатын. Шынын айтқанда, Жалағаш ауданынан
басқаларында бүгін-ертең жағдайдың жақсарып кететін түрі көрінбейді. Жыл соңына
дейін тағы 6 жоба жүзеге асырылады деп күтілуде. Нәтижесінде, 60 жаңа жұмыс
орындары ашылмақшы.

Егер Үкiмет индустриалдық аймақтарды дамыту iсiне баса мән берсе, оның
нәтижелiлiгiнен күмәндануға болмайды. Елiмiзде қуатты экономиканы жолға қою
үшiн алдымен оған жақсы жағдай жасалуы тиiс. Индустриялды аймақтар осындай
мақсатта құрылды және бұл жеткiлiктi деңгейде қордаланған мәселелердi шешуге
мүмкiндiк бередi. Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап өткендей, индустриалдық аймақтар
өнеркәсiптi жаң­ғыртуда жетекшi тәсiл болып саналады. Бұл сөзді расқа айнал­дырып
жатқан өңірлер баршылық. Тіпті, біздің көршілеріміз бұл бағытта біраз алға басқаны анық
байқалады.

Мемлекеттің қыруар қаржысы жұмсалған өндірістік аймақтар өз пайдасын
беруі тиіс. Онсыз болмайды. Осы ретте облыс әкімі Қырымбек Көшербаев
индустриялық аймақтардан жер алып, жұмысын бастамағандардан жер телімін
қайтарып алуды және барлық мүмкіндіктер жасалған өндірістік аймақтарға өзге
өңірлерден, тіптен шет елдерден инвесторлар тарту керек екендігін айтты. Амал жоқ, өзіміздің кәсіпкерлерге арналған
мүмкіндіктерді өзгелерге ұсынатын боламыз.
Барды ұқсата алмау деген осы шығар?

 

Ыдырыс ТӘЖІҰЛЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз