«НҰРЛЫ ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫ ТАБЫСТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

94

0

 

Қызылорда облысында Мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасын тиімді жүзеге асыру нәтижесінде соңғы жылдары тұрғын үй құрылысы қарқын алды. Құрылыс жұмыстарының көлемі мен тұрғын үйлерді тапсыру бойынша дамудың оң үдерісі байқалуда.

– Мәселен, өткен жылы бірден 4000 пәтерлік 80 көпқабатты тұрғын  үйдің құрылысы жүргізілді, бұл 2015 жылға қарағанда 2 есе артық. Оның ішінде 36 көпқабатты үй мемлекет қаражатының есебінен салынды,- деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың жұмыс сапары барысында аймақ экономикасын жаңғырту  мәселелері бойынша өткен жиындағы баяндамасында.

Облыс әкімінің айтуы бойынша, ағымдағы жылдың басынан бері 980 пәтерлік 19 тұрғын үй пайдалануға берілді.

2016 жылы облыс орталығында 980 гектар аумақта «Бәйтерек» жаңа мөлтек ауданы құрылды. Онда 6600 жеке учаскеде 36 мыңнан аса адам тұратын болады. Бұл облыс орталығында соңғы үш жылда пайда болған 11-ші шағын аудан. Бұған «Нұрлы жер» бағдарламасы арқасында қол жеткізіліп отыр.

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз