“НҰРЛЫ ЖОЛ” – БОЛАШАҚ БАҒДАРЫ

164

0

“НҰРЛЫ ЖОЛ” – БОЛАШАҚ БАҒДАРЫ

Кеше облыстық мәслихаттың мәжіліс залында Елбасының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол” атты Жолдауын талқылаған облыс активі болып өтті. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен өткенактивке барлық деңгейдегі әкімдер мен мәслихат депутаттары, ардагерлер мен азаматтық қоғам өкілдері, құқық қорғау органдарының жетекшілері және жастар қатысты. Келелі жиында сындарлы құжаттың мәні менмаңызы жан-жақты сөз болып, одан туындайтын міндеттерді іске асырудың нақтылы жолдары белгіленді.

Облыс әкімі алдымен Мемлекет басшысының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын дер кезінде жариялап, Үкіметке оны іске асырудың жоспарлары мен тетіктерін жасауға 2 апта уақыт бергенін, бұған қоса, мұндағы тапсырмаларды орындаудың нақты мерзімі айқындалғанына тоқталды.

Аймақ басшысы облыста атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталып, Жолдаудан туындайтын міндеттерді зерделеп алудың маңыздылығын атап өтті. Жолдау­дың 5 жылға есептелген және еліміздің Үдемелі индустриялық-инновациялық дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылды­ғымен тұспа-тұс келгендігін жеткізді.

Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында 7 бағытқа айрықша назар аударғаны мәлім. Соның бірі – кәсіпкерлік саласы. Елбасы Ұлттық қордан кәсіпкерлікті несиелеуге 100 млрд. теңге бөлініп, оның тиімді игерілгенін айтып өтті. ШОБ-ты экономикалық өсімнің драйвері ретінде дамыту және оның үлесін 2050 жылға қарай ІЖӨ-нің 50 пайызына дейін жеткізуді тапсырғаны баршаға мәлім. Осы орайда, облыс басшысы облыста Инвестициялық орталық ашылғанын, мұндағы түпкі мақсат – жеңілдетілген несие алу екендігін жеткізді. Біздегі бизнестің дамуына «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің де көмегі тимек. Аймақ басшысы айтып жүргендей, ішкі туризмді дамыта отырып, әлемде теңдесі жоқ Байқоңыр ғарыш айлағының әлеуетін тиімді пайдалануымыз қажет. Әрине, ол үшін бізге дамыған инфрақұрылым қажеттігі анық.

Өңірлік табыстың 94,6 пайызы мұнай мен ураннан түсетін облыста экономикасын әртараптандыру жұмыстары қарқынмен жүзеге асырылып жатқаны, бұл жобаларымыздың дұрыс бағытта екендігі де айтылды. Бұл Елбасының Жолдауында айтылған дағдарыстың алдын алудағы басты шарттардың бірі болып қала бермекші. Ал, әлемді шарпыған күрделі кезеңнен, Мемлекет басшысы айтқандай, жұдырықтай жұмыла білген халық қана өте алады.

– Қызылорда мен Шығыс Қазақ­стан облыстары шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға мемлекеттік бағдарламалар аясында ел қазынасынан қомақты қаражат алып отыр. Соңғы 2 жылда облысқа осы мақсатқа 7 млрд. теңге келді. Мұндай мол қаржы өзге өңірлердің біріне де бөлінген жоқ. Енді біз бюджеттен бөлінетін қаражаттан өз үлесімізді ала білуіміз керек, – деді облыс әкімі.

Елбасының жаңа Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындаудыңжолдарын белгілеген аймақ басшысы қала, аудан әкімдеріне басқарма басшыларымен тізе қосып жұмыс жасау керектігін, ел қазынасынан бөлінетін қаражаттан тиісті үлес алып үлгеру қажеттігін ескертті. Ендігі жерде олардың халыққа, қоғамға еткен қызметінің өлшемі осы талаппен белгіленбек.

Өйткені, облыста жүзеге асып жатқан жалпы құны 360 млрд. теңгені құрайтын «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автобаны мен «Бейнеу-Бозой» магистральды газ құбырының құрылыстары биылғы жыл соңында аяқталады. Нақты кезеңде оның орнын басатын бірнеше жоба әзірленіп, Үкіметке ұсынылған.

“НҰРЛЫ ЖОЛ” – БОЛАШАҚ БАҒДАРЫ– Жалпы, атқарылған шаруа аз емес, тиісінше шешілмеген мәселе де жеткілікті. Барлық істі еңсеруге облыс бюджетінің қауқары жете бермейді. Сондықтан бізге сыртқы көздердің қаржысына жүгінуімізге тура келеді, – деді олыс әкімі Қ.Көшербаев.

Алдымен энергетика саласына
ойысайық. Өйткені, бұл ең алдымен осы саланың дамуына байланысты. Өңірге
инвестиция тарту бойынша ілкімді жұмыстар атқарылуда. Мәселен, Еуропалық қайта
құру және даму банкісі мен «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ арасында меморандумға қол
қойылып, нәтижесінде аталған беделді банк «Қызылорда автобус паркін жасақтау»
жобасына нақты қолдау білдірді. Осыдан кейін жұмыстың алға басқаны көпшілікке
мәлім. Ал, Еуропалық Қайта Жаңғырту және даму банкісімен облыс әкімдігінің
арасында әріптестік туралы бірнеше меморандум жасалып отыр. Енді Қызылорда
электр тарату компаниясы (КРЭК) және Жылуэлектр орталығы сияқты стратегиялық
нысандарға қайта жаңғырту жүргізілетін болады. Аталған қаржы институтымен құны
323,4 млн. доллар тұратын 8 жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр.Оның бірі
тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдейтін зауыт. Жуырда Астанада Қызылорда қаласында салынатын тұрмыстық
қатты қалдықтарды кәдеге жарату жобасын қаржыландыру мәселесі шешімін тапты.
Аталған банктің Қазақстан бойынша директорымен үшжақты алдын ала келісімге қол
қойылғаны белгілі. Облыс әкімі осы тұста облысқа Азия даму банкі және Ислам
банкі секілді ірі қаржы ұйымдарын тарту қажеттігін айтты.

Ашығын айтқанда, бұл өте үлкен жұмыс. Астанада облыс әкімдерін
қабылдаған Мемлекет басшысы облыс әкімі
Қ.Көшербаевқа бұл саладағы жұмыстарын жоғары бағалады.

“НҰРЛЫ ЖОЛ” – БОЛАШАҚ БАҒДАРЫӨңірдегі тартымды жобаларға
сырттан инвестиция барынша мол тартылуы үшін облыста тиісті инфрақұрылым болуы
қажеттігін өңір жетекшісі үнемі айтып жүр. Осы орайда, қаламыздың батыс бөлігінде
соңғы уақытта арнайы Индустриялық аймақ жасақталып, оған инженерлік
коммуникациялар тарту жұмыстары жүргізіліп жатқанын, бұған қоса биылдан бастап
4 ауданда индустриялық аймақтар құру бойынша жұмыстардың басталғанын айта
кеткен орынды. Өйткені, бұл әлеуетті инвесторларды тартудың бірден-бір қозғаушы
тетігі.

«Көлік инфрақұрылымына
келетін болсақ, қазірде Сырдария өзені арқылы өтетін көпір құрылысы жүруде. Бұл
жоба ойдағыдай аяқталғаннан кейін біз Сырдария өзенінің сол жағалауын игеріп,
онда тұрмыстық, әлеуметтік нысандарды салып, халықтың сол жағалауға қарай
жайғасуын қамтамасыз етеміз. Сонымен қатар, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай»
автомагистралі бойынан жол бойы сервисімен көліктік-логистикалық орталықтар
құру жұмыстарын жеделдетуіміз қажет. Олардың орналасу схемасы белгілі, тек
оларға инвестор тарту мәселесі де тез арада қолға алатын жұмыстардың бірі. Бұл
өз кезегінде, шағын және орта бизнестің және туризм саласының қарқынды дамуына
зор әсер етпек. Бұл Ұлы жолдың бойындағы өлі тыныштықты өмір нәріне айналдыру
деген сөз. Жол бойынан жолаушыларға тұрмыстық қызмет көрсету орындарын ашу
арқылы тұрғылықты жұрт жұмыспен қамтылса, жергілікті салық түсімі де молая
түседі, – деп атап өтті жиында Қ.Көшербаев.

Иә, бұл ең біріншіден, біз­дің
өңірі халқы үшін ең үлкен игілік көзі болмақ. Сон­дық­тан Сыр жұртшылығы Елба­сының
қамқорлығына қашан да риза. Елбасы Жолдауында жағымды жаңалықтың бірі
«Қарағанды-Жезқазған-Қызылорда» автожолы құрылысының басталатыны. Аталған
құрылыс жұмыстары басталған кезде өңірімізде жол салу ісіне маманданған «УАД»,
«Қыран» және тағы басқа да ірі компанияларға жұмыс, жергілікті жерге салық та,
табыс та болады. Бұған қоса, орталық Қазақстан арқылы өзге өңірлерге тікелей
шыға алатын боламыз.

Нақты кезеңде облыс
тұрғындары мен қонақтары елордамыз Астана қаласына дейін автокөлікпен 1917
шақырым жолмен жүріп өтетін болса, аталған жоба жүзеге асқанда осы ара қашықтық
817 шақырымға дейін қысқарады екен. Бұған қоса, әуе қатынасына айрықша мән
беріліп отырғаны, қазан айында әуежайымызға халықаралық мәртебе берілгені үлкен
қуаныш. Қазірдің өзінде бірқатар әуе компанияларымен алдын ала тиімді
келісім-шарттар жасалып үлгірді. Қызылордалықтар мен қала қонақтары көп ұзамай
көршілес Ресей мен Қытайға, алыстағы Араб әмірлігі мен Түркия мемлекетіне өз
әуежайымыз арқылы ұшып баратын болады.

Елбасы Жолдауда тұрғын үй
инфрақұрылымын нығайту мәселесіне айрықша маңыз берілгені белгілі. Оның ішінде
мемлекет әлеуметтік жалдамалы баспананы салып, оны тұрғындарға сатып алу құқын
бере отырып, ұзақ мерзімге жалға беруді ұсынды. Бұл делдалсыз және несиеге
барынша төмен пайызбен ұсыну оның сатып
алу құқын арзандатуға мүмкіндік тудырады.

Биылғы Жолдаудың тағы бір
тартымды жаңалығы – Елбасы тұрғын үй саясатына қатысты ауқымды бастамалар
енгізді. Жалға берілетін тұрғын үйлер құрылысына көзқарасты күшейтіп, оған
барынша қаржылай қолдау көрсетуді тапсырды. Осы ретте, 2015-2016 жылдары жалға
берілетін тұрғын үйлер салуға қосымша 180 млрд. теңге қаражат бөлінетінін айта
кетейік.

Актив жиынында облыс
басшысы ендігі жерде осы мемлекет тарапынан бөлінетін ауқымды қаржыдан тиісті
үлесімізді алуға жұмыс жасауымыз қажеттігіне тоқталды.

Мемлекет басшысы әлеуметтік
салаға байланысты Үкімет алдына қиын да болса, нақты міндет қойды. Барлық
әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл
халықтың әл-ауқатын қандай жағдайда да төмендетпеу деген сөз.

Айта кетейік, «Балапан»
бағдарламасы облыста қарқынмен жүзеге асырылып жатыр. Біздің өңірімізде бүгінгі
таңда 589 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды. 3-6 жастағы балалардың мектепке
дейінгі ұйымға қамтылуы
қазіргі таңда 88,7 пайызға
жетті. Бұл республикадағы алдыңғы қатардағы көрсеткіш. Араға жыл салып,
яки 2015 жылдың соңында біздің балғындардың барлығы 100 пайыз «Балапан»
бағдарламасымен қамтылатын болады. Бағдарламаның 2020 жылға дейін жалғасатынын
есепке алсақ, бұл оны 5 жыл бұрын орындап шығамыз деген сөз.

Облыс басшысы осы тұста
барлық аудандар мен қала
әкімдеріне мемлекет пен
жекеменшік әріптестікті дамытумен барынша айналысулары тиістігін тағы бір еске
салып өтті. Статистикаға сүйенсек, нақты кезеңде балабақшалардың ішінде жекеменшіктегі балабақшаның үлесі 54,6 пайызын
құрайды екен.

– Біз білім беруде үш
ауысымда жүретін мектептердің мәселесін толығымен шештік. Биылдың өзінде
апаттық деп танылған 25 мектептің жартысының мәселесін шешудеміз. Қалған 12
мектептің құрылысы 2015 жылы жүргізілетін болады. Ол үшін тиісті жобалау
құжаттарына қаржы бөлінді. 2015 жылы орын тапшылығына байланысты республикалық
бюджеттен 9 мектептің құрылысы басталып,
биыл басталған 4 мектептің құрылысы аяқталады деп жоспарлануда.

Балаларымыздың қауіпсіз,
заман талаптарына сай келетін ғимараттарда білім алып, тәрбиеленуі біздің дер
кезінде батыл қадам жасап, тиімді шаралар қабылдауымызға байланысты. Сондықтан,
уақыт оздырмай мәселенің түбегейлі шешілуін қамтамасыз етуіміз қажет, – деді
Қ.Көшербаев.

Мұндай ауқымды жұмыстардың
барлығы Елбасының тікелей қамқорлығының арқасында жасалып жатқанын жеткізген
аймақ басшысы сөзінің соңында жастарымыз
өздеріне берілген осы мүмкіндіктерді дұрыс пайдаланып, Елбасының жаңа
Жолдауы – «Нұрлы Жолды» жүзеге асыруға белсене араласуы керектігін
айтты. «Жастарымыздың бар қайрат-күшін жұмсайтын да, құлашын кеңге сермейтін де тұсы осы», – деді өңір басшысы.

Облыс активінде Жолдаудың
басым бағыттарына қатысты ел ағалары пікірлерін білдірді. Мәселен, құжатта
айтылған «Мәңгілік Ел» идеясы мен Ұлы Жеңістің 70 жылдығы туралы облыстық
ардагерлер қоғамының төрағасы Сейілбек Шаухаманов тарқатып айтты. «Жол қуған
қазынаға жолығады» демекші, Елбасы Жолдауда ел мен елді, өңір мен өңірді
байланыстыратын жолға үлкен мән берді. «Жезқазған-Қызылорда» жолын салу
халықтың көптен күткен ғасырлық арманы еді. Бүгінгі Жолдауда оның көрініс табуы
қызылордалықтарды зор қуанышқа бөлеп отыр», – деді ел ағасы. Ардагер Жеңістің 70
жылдығына байланысты облыста басталған
жұмыстарға облыс әкімдігінің үлкен қолдау көрсетіп отырғанына алғысын
білдірді. Елбасының Жолдауында айтылған жоғары оқу орындарының
материалдық-техникалық базасының жаңартылатындығы, сондай-ақ алдағы жылы
мемлекеттік деңгейде атап өтілгелі отырған Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл
толу мерекесі жөнінде Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университеттің ректоры
Қылышбай Бисенов баян етті. Жалағаш ауданындағы №33 орта мектептің директоры
Эльза Шарипова еліміздің басты құндылығы тұрақтылық пен бейбітшілік екенін
жеткізді. Алдағы жылы Қазақстан Халықтары Ассамблеясының 20 жылдығы атап
өтілетінін айтып, мұндай мерекелердің қазақстандық патриотизмді қалыптастыру
бағытындағы роліне тоқталды. Мұнан басқа жиында автожолдар жобасы туралы ҚР
«Құрметті автокөлікшісі» төсбелгісінің иегері Жүзбай Таңырақбаев пікірімен
бөліссе, кәсіпкерлер мен жастар ұйымдарының өкілдері атынан «Байсал» шаруа
қожалығының төрағасы Жамбыл Жанұзақов пен Еркебұлан Меңлібаев баяндама жасап,
көпшілікті Жолдаудан туындайтын міндеттерді уақытылы орындауға шақырды.

 

Дәуіржан ЕЛУБАЕВ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз